Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет157/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):

  1. Бактериялардың морфологиясына қарай бөліну топтарын атаңыз?

  2. Вирустардың жіктелуі қандай ерекшеліктеріне қарай негізделеді?

  3. Бактериялар мен вирустардың құрылымындағы айырмашылықтар атаңыз?

Дәріс № 2.
1.Тақырыбы: Бактериялық клетканың морфологиясы, құрылысы және химиялық құрамы.
2. Мақсаты. Студенттермен бактериялар мен вирустардың жіктелу принциптерін талдау
және морфологияларын жіктеп талқылау.
3.Дәрістің тезистері.
Бактериялар прокариоттарға жатады. Бактериялар пішініне қарай кок тәрізді, таяқша тәрізді, иілген, бұралған, жіпшелі болып бөлінеді.
Шар тәрізді бактериаларға микрококтар, диплококтар, пневмококтар, стрептококтар, стафилококтар, сарциналар жатады.
Таяқша тәрізді бактериялар спора түзетін спора түзбейтін болып бөлінеді. Иілген бактериялар - спираль тәрізді бактериялар спириллалар, спирохеталар.
Спирохеталар 3 түрге бөлінеді. 1.Трепонома, 2. Боррелилер .3. Лептоспиралар.
Риккетсиялар адамда риккетсиоз ауруын шақырады, цитоплазмада қосарланып көбейеді, биттердің, бүргелердің, кенелердің ағзасында жақсы көбейеді. Романовский-Гимзе әдісімен боялады.
Хламидиялар–облигатты жасуша ішілік паразит, тек тірі ағзада көбейеді, олар (АТФ) және (ГТФ) синтездемейді. Адамдарда хламидиялар көзді зақымдайды трахома, коньюктивит, урогениталді ағзада және өкпеде ауруды шақырады.
Актиномицеттер – тармақталған жіпше және таяқша грам оң бактериялар. Патогенді актиномицеттер актиномикозды, нокардии-нокардиозды, микобактерия туберкулезді алапесті, коринобактерия-күлді шақырады.
Микоплазмалар-майда бактериялар жасуша қабырғасы жоқ, адамдарда атипті пневмонияны шақырады.
Бактерия жасушасының құрылымы – цитоплазмалық мембрана, жасуша қабырғасынан, нуклеоид, капсула, микрокапсула, жіпшелер, кірпікшелер, споралардан тұрады. Вирустардың классификациясы мен морфологиясы; Вирустар РНҚ және ДНҚ түзуші болып екі түрге бөлінеді. Вирустардың морфологиясын электронды микроскоптың жәрдемімен үйренеміз. Қалыптасқан вирус бөлшектерін вириондар дейміз. Вириондардың пішіні таяқша, оқ, сперматазоид, жіп, сфера тәрізді болып бөлінеді.
Вирустар қарапайым және күрделі құрылымды болып екіге бөлінеді. Қарапайым құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан және капсидтен, ал күрделі құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан, капсидтен және липопротеин қабықшасынан тұрады.
Капсид және қабықша вирионды сыртқы орта әсерінен сақтайды.
Вирустардың классификациялану негізі келесі жіктелуге байланысты; нуклеин қышқылының түріне (РНҚ, ДНҚ) оның құрылымы мен жіпшелерінің саны (біреу немесе екеу) вирус геномының ерекшелігіне, көлемі мен пішініне, капсомер санына нуклеокапсидтің симметрия типіне, қабықшаның барлылығына, жасушада көбею орнына, антигендік қасиетіне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет