Электронды ресурстар: 1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): Бактериялардың морфологиясына қарай бөліну топтарын атаңыз?
Вирустардың жіктелуі қандай ерекшеліктеріне қарай негізделеді?
3. Бактериялар мен вирустардың құрылымындағы айырмашылықтарын атаңыз?
Дәріс № 3. 1.Тақырыбы: Микроорганизмдердің өсіп-көбеюі. Микроорганизмдердің өсу факторлары.
2. Мақсаты. Студенттерге бактериялар мен врустардың физиологиясын талдап биохимиялық қасиетін жіктеп үйрету. Бактериофагтардың практикадағы маңыздылығын түсіндіру.
3.Дәріс тезистері. Бактериялардың физиологиясы–патоген, шартты патоген бактериялардың қоретік орталарда өсуі, таза дақылды бөліп алу әдістері жұқпалы ауруларға диагноз қоюда маңызы жоғары.
Бактериялардың қоректенуі классификациясы бойынша аутотрофтар, гетеротрофтар, фототрофтар, хемотрофтар-литотрофтар, органатрофтар болып бөлінеді.
Гетеротрофтық дәреже барлық бактерияларда бірдей емес. Бактериялардың ішінде сапрофиттер өлген органикалық заттармен қоректенеді, паразиттер қоректік затты макроорганизмдерден алады. Паразиттер облигатты және факультативті болып бөлінеді. Бактерия ферменттері-6 класқа бөлінеді; оксидоредуктаза, трансфераза, гидролаза, лигаза, лиаза, изомераза. Ферменттер бактерия жасушасының ішінде орналасатын ферменттер –эндоферменттер, сыртқы ортаға бөлінетін ферменттер –экзоферменттер болып бөлінеді. Тыныс алу түріне қарай бактериялар қатаң аэроб, микроаэрофильдер, облигатты анаэроб, факультативті анаэроб, қатаң анаэроб болып бөлінеді.
Вирустар облигатты жасуша ішілік паразит. Вирустардың репродукциясы 6 стадиядан тұрады.1.вирионның жасушаға адсорбциялануы. 2.вирустың жасушаға енуі. 3.«вирустың шешінуі». 4.вирус компоненттерінің синтезделуі. 5. вирионның құрылуы. 6.вирионның жасушадан шығуы.
Бактериофагтар –вирус бактериялары РНК және ДНК түзуші болып бөлінеді.
Фагтар практикада емдік және алдын-алу мақсатта жұқпалы ауруларда қолданылады.
Бактериофагтар ген-инженерияда ДНК рекомбинанттарын алуда қолданылады.