Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет196/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

3.Бруцеллалар -3 типке бөлінеді.
1.Brusella melitensis –адамға патогенді, үй жануарларынан (қой, ешкі)
2.Brusella abortus-ірі қара малдарда сиырда ауру шақырады, адамға патогенді.
3.Brusella suis- шошқада ауру шақырады, адамдарға патогенді.
Бруцеллалар майда коккабактериялар көлемі 0,5-0,2 мкм, қозғалмайды, спора түзбейді. Капсуласы белгілі бір жағдайда ғана түзеді, анилин бояулардың барлығымен боялады, Гр-.Дақылда тұрақтылығы төмен. Бірдей антиген түзеді О-антиген, капсулалы К-антиген. Индол түзбейді, сүтті ірітпейді, желатинды ыдыратпайды, бірде-бір көмірсутекті ыдыратпайды, экзотоксин түзбейді. Негізгі патогендік фактор бұл эндотоксин және капсула. Қоздырғыш жоғарғы инвазивті қасиетке ие, агрессиялық фермент гиалуронидазаның белсенділігі.Бруцелла организімге тері және клегей шырышты қабат арқылы кіріп лимфа арқылы таралады. Инкубациялық кезең 1-3 апта. Ауру қалтыраумен, терлеумен, буындарда аурудың байқалуымен өтеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Қоздырғышты анықтау үшін қан алынады ,антиденені анықтау үшін қан сарысуын , бруцелланы анықтау үшін сүт және сүт тағамдарын аламыз.
Бактериялогиялық әдіс бірінші күннен оң нәтиже береді 75-80 % де .10 мл венадан алынған қанды 100-200 мл қантты, бауыр ж/е асцит сұйықтығына енгіземіз. Колбаны термостатқа қоямыз, 2-3 аптадан соң колония пайда болады. Алдын-алу әдісі тірі бруцеллезді вакцинаны қолданамыз . Жедел және созылмалы түрінде күшті антибиотикотерапия қолданады.
Кең спектірдегі антибиотиктер беріледі. Бруцеллезді иммуноглобулин қолданылады.
4.Бациллалар. Түйнеме- адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Түйнемелі бацилла (B.anthracis) өте ірі таяқша ,мөлдір капсула мен қоршалған. Қоздырғыштың вегетативті және спора тәрізді түрлерін ажыратады. Вегетативті түрлері тірі организмде кездеседі. Споралары қоршаған ортада көп кездеседі және өте тұрақты.Гр-, қозғалмайды, капсула түзеді.Спорасы ортасында орналасқан, оваль тәрізді.Тірі организмде, жарылмаған мәйітте спора түзбейді.
Аэроб. Әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі. Пісірілген, шикі картопта бактерияны өсіруге болады.Сұйық қоректік ортада мақта тәрізді үйінді түзеді, лайлануды шақырмайды, қатты қоректік ортада ірі, шеттері тегіс емес R-формалы колониялар түзеді.
Биохимиялық –белсенділігі жоғары, глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтоза, крахмал, қышқылға дейін ыдыратады.Сүтті 3-5 тәулікте ыдыратады.
Түрлік полисахаридті және текті белокты капсулалы антиген түзеді. Вирулентті штамдары көп мөлшерде капсулалы затты синтездейді, антифагоцитар белсенділікке ие күрделі экзотоксин түзеді, белокты комплекс ісінуді шақырады.
Микробиологиялық диагностикасы.Тексерілетін материал :карбункул, қақырық, нәжіс, қан, зәр.
Серодиагностикасында ТГАР,РИФ, КБР, ТЕГАР, реакция термопреципитация реакциясы Асколи. Арнайы алдын-алу әдістері сібір күйдіргісіне қарсы тірі вакцина СТИ
(санитар техникалық институт). Иммунизация эпид көрсеткішке қарай риск группасына жүргізіледі .

  1. Ауруды және күдіктілерді бөлектеу .

  2. Мәйітті және өлген жануар мәйтін, зақымдалған аймақты жағу .

  3. Ауру жануарлар тұрған жерді залалсыздау .

  4. Суды тазалау .

  5. Залалданған аймақты хлорлау.

4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет