Шигеллалар– (Shigella)1898жылы К.Шига микробты толықтап зерттеп 4 түрге бөледі.
S .disenteriae-12серовары бар.
S.fleхneri.- 9 серовар.
S.boydi - 18 серовар.
S. sonnei - 1 серовар.
Морфология- қозғалмайды, таяқша тәрізді, спора, капсула түзбейді.Дакылдылық қасиеті –жәй қоректік ортада жақсы өседі. Қатты қоректік ортада майда тегіс, жалтырақ, жартылай мөлдір колониялар түзеді, сұйық қоректік ортада диффузды лайлануды шақырады. S.sonnei қатты қоректік ортада S-R колониялар түзеді.Биохимиалық қасиеті - белсенділігі төмен.
Антиген құрылымы. Барлық шигеллаларда О- антиген, олар сероварларға, ал S.fleхneri серовар ішінде және сероварларға бөлінеді.Токсигендік фактор-Григорьева-Шига түрі экзотоксин, ал қалған түрлері тек эндотоксин бөледі.
Микробиологиялық диагностика. Негізгі диагностикалық әдіс бактериологиялық әдіс. Серологиялық әдісті антидененің кеш пайда болуына байланысты сирек қолданады.
Нәжісті тексеру күрделі себебі бактерия сыртқы ортаға тұрақсыз. Нәтижелі әдіс 1) аурудан бірінші күні қоздырғышты тез анықтаймыз. 2)жаңадан алынған нәжісте қоздырғыш тез табылады. Ең нәтижелісі аурудың төсегінде алынған тексерілетін материалды 30% глицерин +70% физиологиялық ертіндіге салу керек.
Сальмонеллалар: Сальмонеллалардың серологиялық классификациясы Ф. Кауфман және П.Уайт ұсынысы бойынша сальмонеллалар О-, Н- және К антигенге ие. Барлық сальмонеллалар О-антигендерiн жалпыламасы бойынша 67 серотопқа бөлiнедi. Сальмонеллалар - қысқа грам терiс, екi шетi жұмыр. Көбiнесе олар қозғалмалы болып келедi. (перетрихтер). Спора және капсула түзбейдi. Биохимиялық қасиеттерiне байланысты сальмонелла туыстығының iшiнде түрлiк атауының бiрi берiлген.
Iш сүзегi қоздырғыштары – S. typhi және S. Рaratyphi, өлшемдерi 1-3,5 х 0,5-0,8 мкм грам терiс таяқшалар. Сорпада өскенде, лайсан түске енедi, ЕПА – да диаметрi 2-4 мм тегiс, нәзiк, дөңгелек жылтыр колониялар түзедi. Vi – антигенге ие, колониялар лай түстес болады. Эндо ортасындағы өсiп шыққан колониялар түссiз де, висмут-сульфит агарда қара-сұрлау жасыл болады.
Iш сүзегi және паратиф қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi бойынша өзара айырмашылықтары бар, S. typhi, глюкоза, мальтоза маниттi қышқылға дейiн ферменттейдi, ал паратиф қоздырғыштары қышқылға және газға дейiн ферменттейдi. қоздырғыштар индолды түзбейдi, желатиндi ыдыратпайды, күкiрттi сутектi түзедi. Iш сүзегi және паратиф қоздырғыштары О және Н антигендерiне ие. –аталған антигендермен бiрге, тағы басқа беткейлiк, вируленттi Vi – антигенi. Бұл антиген жаңадан бөлiнiп алынған дақылда кездеседi, көбiнесе олар сыртқы факторлардың әсерiнен, дақылды ұзақ уақыт сақтағанда, 100°С –та 10мин. шамасында тез жайылып кетедi.
Жалпы жағдайға байланысты iш сүзегi және паратиф қоздырғыштары сыртқы ортада бiрнеше күннен, бiрнеше айға дейiн сақталады. Су канализациясында 10 күнге дейiн, көлшiк суларында 4 апта жемiс жидек - ағаштарында 5-10 күн, май құрамында 3 ай, 60°С-та 30 минутта өледi, қайнату кезiнде тез арада өледi. Дезинфектанттарда бiрнеше минуттардан кейiн өледi. Iш сүзегi және паратиф А-нын инфекция көзi болып ауру адам не болмаса бактерия тасымалдаушылар. Паратиф В-нын ауру адамдардан басқа, жануарлар болуы мүмкiн және құстар. Жұғу механизмi фекальды-оральдi жол арқылы.
Iш сүзегi және паратиф қоздырғыштары фагоцитоз процесiне қарсы тұрып, лимфа жүйесiнiң клеткасында көбееді. Олар экзотоксин түзбейдi. Негiзгi патогендiк факторларының Vi-антигенiне басқа, жоғары токсинге ие эндотоксинiмен ерекшеленедi. Фибринолизин, гиалуронидаза плазмокоагулаза сияқты патогенездi факторлары сирек кездеседi, ДНҚ – аза 78-85 % де ғана кездеседi.
Iш сүзегi өте ауыр, өткiр түрдегi инфекциялық ауру, жалпы интоксикациямен, бактерия және iштегi лимфаикалық аппаратын зақымдаумен сипатталады.Аурудың даму бірнеше стадиялармен сипатталады.
Аурудың алғашқы күндерiнде ет қосылған элективтi ортаға
(Раппопорт ортасы) қанды егiп гемодакылын бөлiп алады. Себiндiнi 37°С 18-20 сағат инкубациялайды. 2-шi күнi сүзек бактерияларының өсу салдарынан ортаның түсi өзгерiп, лайсаңданады. Сонан соң Раппопорт ортасынан алынған дақылды Эндо ортасына жекеленген колониялар Рессель ортасына немесе өңделген қоректiк ортаға себедi. Осы орталарда өскен дақыл ”шұбар” қатар ортасына сеуiп, шынығады агглютинация реакциясын жүргiзуге пайдаланылады. Соңғы диагноз ”шұбар ” қатарының және агглютинация реакциясының мәлiметтерiнiң негiзiнде қойылады.
Iш сүзегiн емдеу үшiн антибиотиктер пайдаланылады. Иммунопрофилактика үшiн вакцинаның 3 типi шығарылады - өлi 50-70°С аттенурленген тiрi жоғарғы протективтi эффект көрсететiн, бiрақ жанама әсер беру мүмкiн және S typhi- дiң капсуласынан алынған антигендi вакцинаға клиникалық тексеру жүргiзiлуде.
Сальмонеллездi лабораториялық диагностикалауда негiзгi әдiс-бактериологиялық. Зерттелетiн материалды байыту (селенит), магниi бар ортасына егедi. Диференциальды диагностикалық орта ретiнде Эндо, висмут-сульфит агар, Раппопорт орталары қолданылады. Колонияны қосымша идентификациялау үшiн О-сальмонеллездi фаг, толықтай идентификациялау үшiн алдымен поливаленттi адсорбирленетiн О және Н-сарысулары, сонан соң моноваленттi О және Н сарысулары пайдалынады. Емдеу үшiн антибиотиктердi қолданады.