2.2 Пәннің мақсаты: қоршаған орта факторлары мен адам денсаулығы күйінің өзара байланысы, осы әсерді бағалау әдістері және қолайсыз әсерлерді төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру туралы түсініктерді қалаптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
студентерді табиғи жағдайдағы организмнің және олардың қауымдастығының тіршілік ету ортасымен қарым- қатынастарының заңдылықтарымен таныстыру;
студентті биосфера процесіндегі адамның өзіне тән ролін және «қоғам табиғат » жүйесіндегі өзара қарым-қатынасын анықтауға үйрету;
қоршаған орта мен адам денсаулығына антропогенді әсердің салдары туралы түсінік беру;
студенттерді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптерімен, әдістерімен таныстыру;
қоршаған орта нысандарының сапасын бағалауды және халықтың денсаулығына антропогенді әсердің мүмкіншілігін анықтауды үйрету;
білімін халықтың сауаттылығын жоғарылату, табиғатты қорғау шараларын және табиғатты тиімді пайдалануды насихаттауды үйрету.