Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет3/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
РП-Окруж-среда-МПД-каз

2.2 Пәннің мақсаты: қоршаған орта факторлары мен адам денсаулығы күйінің өзара байланысы, осы әсерді бағалау әдістері және қолайсыз әсерлерді төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру туралы түсініктерді қалаптастыру.


2.3 Оқытудың міндеттері:

  • студентерді табиғи жағдайдағы организмнің және олардың қауымдастығының тіршілік ету ортасымен қарым- қатынастарының заңдылықтарымен таныстыру;

  • студентті биосфера процесіндегі адамның өзіне тән ролін және «қоғам табиғат » жүйесіндегі өзара қарым-қатынасын анықтауға үйрету;

  • қоршаған орта мен адам денсаулығына антропогенді әсердің салдары туралы түсінік беру;

  • студенттерді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптерімен, әдістерімен таныстыру;

  • қоршаған орта нысандарының сапасын бағалауды және халықтың денсаулығына антропогенді әсердің мүмкіншілігін анықтауды үйрету;

  • білімін халықтың сауаттылығын жоғарылату, табиғатты қорғау шараларын және табиғатты тиімді пайдалануды насихаттауды үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі керек:

  • қоршаған орта түсінігінің анықтамасын;

  • қоршаған орта факторларының антропогенді ролі, олардың ағзаға әсерін;

  • популяциялар, эволюция, табиғи сұрыпталу және адаптация үдерісіндегі ролін;

  • биосфера құрылымын, биосферадағы тірі заттектердің қызметі мен орта түзуші қасиетін;

  • биосфераның негізгі қасиеттері, заттек айналымының маңызын ;

  • биосфера эволюциясын. Биосфера және ноосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімінің маңызы;

  • атмосфералық ауа ластаушыларының адам денсаулығына және оның өмір сүру жағдайына антропогенді әсерін;

  • гидросфера ластануының халық денсаулығына әсерін;

  • литосфераға антропогенді әсер етуді, оның халық денсаулығына әсерін;

  • табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялар,олардың тұрғындар денсаулығына әсерін;

  • қазіргі қалалар мен ауылдық елді мекендердің экологиялық мәселелері мен халықтың денсаулық ерекшеліктерін;

  • қоршаған орта күйін бағалау критерийлерін;

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін;

  • ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларын;

  • қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалауды;

  • қоршаған ортаны инженерлік қорғау мәселелерін;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық аспектілерін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет