3.Дәріс тезистері Әлемнің көптеген елдерінде су факторы салдарынан пайда болатын жұқпалы ішек ауруларының жаппай өріс алуы тұтастай тежелгенімен, осы аурулар әлі де ауқымды сипатта өтіп жатыр.
Тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия аурулары мен ластанған су арасында тікелей байланыстың бар екендігі көптеген белгілі. Ластанған сулардағы осы жұқпалы аурулардың қоздырғыштары адам ағзасына тура немесе жанама түрде түскенге дейін тіршілік қабілетін сақтайды.
Ішек ауруларының туындауында су факторының мынадай жағдайларда маңызы бар:
— қоздырғыштар суда тіршілік ету қабілеті мен ауру/шығару қабілетін сақтайды;
- ластанған судың тағамға сіңуі кілегей қабық және жарақаттанған тері арқылы ағзаға түсуі.
Су факторы аркылы таралудын ішек жұкпалы аурулары арасында ең жиісі - іш сүзегі жөне паратифтер, сирегі - дизентерия және коли энтериттер. Ішек жұқпалы ауруларына жататын тырыс қактың тасымалдануы мен таралуында су факторына ерекше мағына беріледі.
Іш сузегі. Іш сүзегінің қоздырғышы кең жайылған сальмонелдер тобына жатады. Қоздырғыштардың 70-тен астам фаготиптсрін айырады. Сулық инфекция өршуінің сипаты су көзі ластануының молдығымен, қоздырғыштың суда болу ұзақтығымен және бір қатар басқа факторлармен белгіленеді.
Іш сүзегімен барлық жас шамасындағы адамдар ауыруы мүмкін,бірақ ең жоғары аурушаңцылык балаларга (6-7 жас) жөне жасөспірімдерге (17-18 жас) тән. Бұл жағдай, бір жағынан, осы жас шамалық топтардың осы ауруға жоғары душарлығында, екінші жағынан гигиеиалық тәртіпті жеткіліксіз орындауларында (қайнамаган су ішу, су сапасы күдікті су қоймаларында шомылу.
Дизентерияменауырған кезде де су факторының елеулі рөл атқаруы мүмкін, бірақ іш сүзегімен салыстырғанда оның рөлі азырақ. Аурудың ішек тұсынан білінуі мен дизентерияның жұғуы үшін, қоздырғыштардың мол дозасы ендірілуі керек.
Бір жасқа толған балалар колиэнтсритпен көбірск зақымданғанымен колиэнтериттермен аурушандылыққа су факторы белгілі әсер ете алады. Шетелдік және отандық авторлардың зерттеулері бойынша мектеп жасындағы балалар арасында колиэнтериттердін таралуына су факторының елеулі дәрежеде ыкпал етпейтіндігі дәлелденді.