Жұмыс бағдарламасы (Силлабус) «Электр желілері мен жүйелері»


Әдістемелік нұсқаулықтар (ӘН)



бет14/17
Дата13.05.2022
өлшемі88,91 Kb.
#34220
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әдістемелік нұсқаулықтар (ӘН)
1.«Электр желілері» пәнінен ЕГЖ-1 және ЕГЖ-2 тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық.- Красников В.И. -Астана, КазАТУ,2020ж.
2.«Электр желілері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулықтартар.- Красников В.И. -Астана, КазАТУ,2017ж.
9. Курс саясаты
1. Оқу пәнінің саясаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кредиттік оқыту жүйесінің ережесіне және басқа да нормативтік құжаттарына, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, КЕАҚ-ның жарғысына сәйкес айқындалады.
2.Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру барысында оқу сабақтары "online" және "offline" режимінде жүргізіледі және белгіленген оқу жүктемесіне, білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына және сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады; "Оffline" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының "PLATONUS" ААЖ, "MOODLE" қашықтықтан оқыту технологиясы өзіндік платформалары мен олардың чаттары және форумдарының ішкі сервистері арқылы қарым-қатынас жасауға негізделеді. "Online" режимінде оқу сабақтарын жүргізу нақты уақыт режимінде өзара қарым-қатынас жасау арқылы өткізуді көздейді: бейнеконференция (ZOOM, Hangouts және т. б.).
3. Студенттер пәндер курстарының оқу материалдарын (дәрістер, зертханалық, практикалық, семинарлық және басқа да сабақ түрлері) университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (платонус, moodle, "юнихаб" жазба жұмыстарын тексерудің автоматтандырылған жүйесі) және online платформаларын, оның ішінде Zoom, немесе басқа да жалпы қолжетімді платформаларын пайдалана отырып, университеттен тыс жерде интернет ресурстарын қолдану арқылы меңгереді.
4.Триместр басталғанға дейін білім алушылар қашықтықтан оқыту технологияларымен пайдалануды үйренуі тиіс және «online» сабаққа тіркелу барысында барлық бөлімдерді дұрыс толтыруы қажет: тегі, аты, тобы, курсы, мамандығы, профиліне өз суретін қою. Студенттер оқу-жұмыс орнын интернет ресурстарына қолжетімділікпен қамтамасыз етуге міндетті. Оқу процесінің кедергісіз өтуіне алдын-ала жағдай жасауы қажет (бөгде дыбыстарды ажырату, бөгде адамдардың қатыспауын қадағалау т.б.). Дресс-кодты және ұқыптылықты сақтау қажет.
5.Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес қана өткізіледі, кешігуге, «online» сабаққа қатыспауға қатаң түрде тыйым салынады. Сабаққа қатысудың күнделікті мониторингі жүргізіледі. Егер оқытушы сұрақ қойса, компьютердегі арнайы функцияны пайдалана отырып, қолын көтеріп жауап беруге болады. Сабақ кезінде туындаған сұрақтарды платформадағы чатта қоюға болады.

6.Білім алушылардың ағымдық бақылауы пәннің жұмыс оқу жоспарына (силлабус) сәйкес және "Білімді бақылау және қорытынды аттестаттауды жүргізу" СМЖ құжатына сәйкес жүргізіледі. «Платонус» ААЖ-ға электрондық журналды толтыру нұсқаулығына сәйкес «online» режимінде интернет ресурстары арқылы «Платонус» ААЖ электронды журналына баға қойылады. Олар «ARTA» ЭҚЖ-да орналастырылған.


7.Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып пәндер курстары бойынша оқытушылар белгілеген тапсырмаларының «online» режимінде уақытылы орындалуына студенттердің өздері жауапты. Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалануға оқу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқушы өзінің кураторына/эдвайзеріне/кафедра меңгерушісіне/факультет деканына кез келген байланыс құралдары арқылы осы ақпаратты хабарлауға міндетті.
8. «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КЕАҚ-да қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар «Platonus» ААЖ және «MOODLE» Қашықтықтан оқыту технологиясының «Хабарландыру» бөлімдерінде, сонымен қатар «ARTA» ЭҚЖ «Қашықтықтан оқыту технологиясы» бөлімінде орналастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет