Практикалық дағдыларды меңгеру (Дескриптор C,D,E):
С - электр желілерінің әртүрлі схемалары мен режимдерін салыстыру,талдау, өз аргументтерін құрастыру,есептеулер нәтижелері бойынша қорытындыларды тұжырымдау қабілеті.
D - қарым-қатынас саласында — тапсырманы орындауда әртүрлі ғылыми мектептер мен ағымдарға,әртүрлі техникалық шешімдерге дұрыс көзқарасты қалыптастыру.
Е - оқыту саласында — әртүрлі кернеу жүйелерінің электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде талдау және дұрыс техникалық шешімдерді қабылдау қабілеті.Заманауи ғылыми-техникалық үрдістердегі желілердің құрылыстары туралы хабардар болу.
1.Модуль-Жалпы ережелер және«Электр желілері мен жүйелері» курсына кіріспе,электр желілерінің элементтері мен конструкциялары,желілік сымдардың кернеулері мен қималарын таңдау,қыздыру шартына сәйкес сымдарды таңдау және тексеру,электр желілерінің элементтеріне арналған эквиваленттік схемалар,электр желілеріндегі қуат пен энергия шығындары, ашық желілердің режимдерін есептеу.
2.Модуль -Электр желілеріндегі кернеуді реттеу,электр беру әуе желілерінің сымдарын механикалық есептеу негіздері,электр энергиясының сапасының көрсеткіштері,электр жүйелеріндегі активті қуат балансы және жиілікті реттеу,электр жүйелерінің параллель жұмысының тұрақтылығы.