Жұмыс бағдарламасы (Силлабус) «Электр желілері мен жүйелері»


Практикалық сабақтар тізімі



бет7/17
Дата13.05.2022
өлшемі88,91 Kb.
#34220
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
ЭЖЖ Силлабус 2022 718

6.3. Практикалық сабақтар тізімі



Модулдің
атауы

Сабақтың тақырыбы

Тапсырманың мақсаты
қысқаша мазмұны

Көлемі
сағ

Оқулықтар

Апта

Ағымдағы
бақылау
50/100
балл

1 Модуль Электр жүктемелері, желінің элементтерінің параметрлері, сымдарды таңдау және тексеру, ашық желілерді есептеу.

1 тақырып.
1000 В дейінгі және одан жоғары электр желілердегі өткізгіштің қызуы бойынша қимасын таңдау,тоқтың экономикалық тығыздығы және максималды жүктемені пайдалану ұзақтығы

Кернеуі 0,38-10-35 кВ электр желілерінің схемалары мысалында электр желісінің бөлімшелерінің параметрлерін есептеу.Өткізгіш-тің қызуы бойынша қимасын таңдау желідегі жұмысшы тоқты анықтау және осы тоқты беріл-ген сымның төселу жағдайларына бойынша рұқ-сат етілген жүктеменің кестелік мәнімен салыст-ыру т.с.с.

2

3,4,7,8

1-2

50/100


2 тақырып

Электр желісі элементтерінің ауыстыру схемаларының электрлік параметрлерін есептеу Электр желідерінің П және Т пішінді ауыстыру схемаларының параметрлері. Электр желілерінің сымдарының қимасын таңдау әдістері.Кернеудің рұқсат етілген жоғалуы,экономикалық жүктеме интервалдары,тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша сымдардың қимасын таңдау.Сымдарды тексеру. Электр желісінің элементтеріндегі қуат пен энергия шығынын есептеу бойынша есептерді шешу.



Берілген электр беру желісінің, трансформатордың, автотрансформатордың мысалдарында олардың ауыстыру схемаларының параметрлерін есептеу.Осы параметрлерді есептеу әдістеріне машықтанып, есептелген параметрлерімен ауыстыру схемаларын ұсыну. Берілген ЭБЖ үшін сымның қимасын таңдау және тексеру бойынша есептеуді орындау,қуат пен энергия шығынын анықтау.Сымдардың көлденең қимасын таңдау және тексеру әдістерін пысықтау.Берілген электр желісіндегі сымдардың көлденең қимасы мен қуат пен энергия шығындарын таңдау және тексеру бойынша есептеу нәтижелерімен есепті ұсыну.

2

3,4,7,8

3-5

50/100


3 тақырып
Бір және бірнеше жүктемелері бар ашық желілердегі кернеудің жоғалуын есептеу.

Бір және бірнеше жүктемелері бар ашық желілері мысалында (әртүрлі кернеулер нұсқасы беріледі), желі бөліктеріндегі кернеудің жоғалуын есептеу.ЭБЖ-ің бөлімшелеріндегі кернеудің шығындарын есептеу әдістерін орындау.Әртүрлі желілердің нұсқалары бойынша кернеудің жоғалуын шығарған нәтижелер бойынша есепті ұсыну.

2

3,4,7,8

6

50/100

2 Модуль
Екі жақтан электрмен жабдықтау желілерін есептеу, кернеуді реттеу

4 тақырып
Қуат көздерінің кернеулерінің теңдігі мен тең емес кездері екі жақтан қоректенетін электр желісін есептеу.Ағынды бөлу нүктесін анықтау.Қуаттар балансы.

Қуат көздерінің кернеулерінің теңдігі мен тең емес кездері екі жақтан қоректендіру көзі бар жабық желі мысалында (кернеудің әртүрлі нұсқалары берілген),схеманың бөлімшелеріндегі қуат ағындарын есептеу.Есептеу әдістерін пысықтау.Желідегі қуат ағындарын есептеу нәтижелері және ағынды бөлу нүктесін анықтау туралы есеп беру.

2

3,4,7,8

7-8

50/100

5 тақырып
Жабық желілердегі кернеудің жоғалуын есептеу.Электр желілеріндегі кернеуді реттеу. Кернеудің ауытқуы кестесін құрастыру.

Қуат көздерінің кернеулерінің теңдігімен және тең емес кездері екі жақтан қорек көзі бар жабық желі мысалында (кернеудің әртүрлі нұсқалары берілген) желінің бөлімшелеріндегі кернеудің жоғалуын есептеу.Кернеудің ауытқуы кестесін жасаңыз.Есептеу әдістерін пысықтау.

2


3,4,7,8


9-10


50/100






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет