1 Модуль
Электр желілерінің элементтері, жүктемелер, ауыстыру схемалары, ашық және жабық желілерді есептеу.
1 тақырып
Электр желілерінің параметрлері, құрылымдық элементтер, таңдау, электр жүктемелері.
Энергетикалық жүйенің, электрлік жүйенің, электр желілері, тарату желілері не екенін түсініп біліп алу. Кез келген электр қабылдағыштарының, генераторлардың, жоғарылатушы және төмендетуші трансформаторлардың, электр беріліс желілерінің (ЭБЖ), әуе ЭБЖ, кабельдік ЭБЖ номиналды кернеулерін есте сақтап алу,игеріп алу.
Әуе ЭБЖ жұмыс істеу шарттарын, құрылымдарын, сымдардың, тіректердің қандай материалдардан жасалатынын.Кабелдік ЭБЖ жұмыс істеу шарттары олар қандай материалдардан жасалады,кабелдері төсеу шарттары қандай.Электр желілерінің элементтері деген не, параметрлері деген не, ауыстыру схемалары деген не.Электр тарату желілерінің ашық және жабық желілері деген не? Сымдардың көлденең қимасын тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша немесе экономикалық интералдар бойынша және кернеудің шығыны бойынша таңдау.Электр қаблдағыштардың электр желілерінің өткізгіштерінің қызуы олардың рұқсат етілген температурасы. Осыған байланысты әрбір электр қабылдағыштарды қоректендіретін сымның көлденең қимасын таңдау, осы рұқсат етілген тоқтың мәніне қатысты қандай шартты білу керек.Осы сұрақтардың бәрін конспект жасап өткізу
2,3,6,8
СӨЖ 1
конспек
Сұхбат
2
50/100
2 Тақырып
Электр желілерінің элементтерінің ауыстыру схемаларын есептеу.Электр желілеріндегі қуат және энергия шығындары.
Автотрансформаторлардың, екіорамды және үшорамды трансформаторлардың, кабелдік және әуе желілерінің П және Т пішінді схемаларының параметрлерін есептеудің өрнектері.Желінің схемаларын түрлендіру. Автотрансформаторлардың, екіорамды және үшорамды трансформаторлардың, кабелдік және әуе желілерінің П және Т пішінді схемаларының параметрлерін білу және есептей білу.Активті және реактивті қуаттың, электр желісінің кедергілеріндегі және өткізгіштіктегі энергияның жоғалуы.Жүктеменің әсері. Трансформатордағы қуаттың және энергияның шығындары. Активті және реактивті қуаттың, электр желісінің кедергілеріндегі және өткізгіштіктегі энергияның жоғалуын есептеу әдісін білу. 2 тақырып СӨЖ-2 бойынша сұхбат.
Конспект СӨЖ-2 ұсыну
2,3,6,7
СӨЖ 2
конспек
Сұхбат
4
50/100
3 Тақырып
Ашық және жабық желілерінің режимдерін есептеу.
Кернеулерінің деңгейі әртүрлі радиалды электр желілерінің кернеуінің құлауы мен шығынын есептеу.Кернеудің құлауы мен жоғалуын (шығынын) салыстырмалы түрде талдау.Бір немесе бірнеше жүктемелері бар желідегі кернеудің векторлық диаграммасы.Желінің бос жүріс режимі. Қуат ағындары деген не? Симметриялы емес жүктемелері бар желілердің есептерінің ерекшеліктері. Кернеулерінің деңгейі әртүрлі радиалды электр желілерінің кернеуінің құлауы мен шығынын есептеуді білу және есептей білу.
3-тақырып СӨЖ-3 бойынша сұхбат.
Конспект СӨЖ -3 ұсыну
2,3,6,7
СӨЖ 3
конспек
Сұхбат
5
50/100
ЕГЖ-1
Үш кернеу деңгейінен тұратын ауылшаруашылық ауданының электр желілерін есептеуді орындау:
-екі жақтан қоректендіру көзі бар 35 кВ желілер, радиалды желілерден және екі жақтан электрмен жабдықтау желілерінен тұратын 10 кВ және 0,38 кВ тарату желілері.
- ӘЖ-0,38 кВ сымдарының қимасын таңдау;
- 10/0,4 кВ қосалқы станциясына тұтынушылар трансформаторын таңдау;
- КЖ-10 кВ кабелдерінің қимасын таңдау;
- 35/10 кВ қосалқы станциясына трансформатор таңдау.
МӘ- 1
Есеп
5
50/100
2 Модуль
Кернеуді реттеу, электр беру желісінің сымдарын механикалық есептеу, жүйедегі активті және реактивті қуаттар балансы
4 Тақырып
Электр желілеріндегі кернеуді реттеу
Кернеуді реттеу тапсырмаларын (мәселелерін) және кернеуді реттеу заңдылықтарын білу. ҚАҚ немесе ЖАҚ құрылғылары бар трансформаторлардың көмегімен кернеуді реттеу және өзгерту. Вольтқосқыш трансформаторларды пайдалану, қолдану.Кернеуі 220 кВ-тан жоғары желілердегі кернеуді реттеудің ерекшеліктері.Кернеудің жоғалуы мен берілетін реактивті қуаттың арасындағы байланыс.Бойлық өтеу қондырғысын (БӨҚ) және синхронды компенсаторларды (СК) құрылғыларын қолданған кездегі желінің жұмыс режимдері.Желілердегі кернеуді реттеу мен жүйедегі реактивті қуаттың балансы арасындағы байланыс.Жүйедегі реактивті қуаттың қоры.Кернеуі 110 кВ желілердегі кернеуді реттеудің ерекшеліктерін білу.Кернеудің жоғалуы мен берілетін реактивті қуаттың арасындағы байланысты көру.
4 тақырып СӨЖ-4 бойынша сұхбат
Конспект СӨЖ- 4 ұсыну.
2,3,6,8
СӨЖ 4
конспек
Сұхбат
6
50/100
5 Тақырып
Электр беріліс желісінің сымдарының механикалық есептерінің негізі.
ЭҚОЕ бойынша климаттық аудандар.Есептеу шарттары.Сымдарға түсетін бірлік және толық жүктемелер.Сымның керілуін анықтау кезінде ескерілетін параметрлер.Әуе желілері сымдарының механикалық есептеу әдісінің негіздерін білу. Сымның салбырауына түсетін жүк, желінің габариті Сыни аралықтар.Сымның күй-жағдайының теңдеуі. Діріл және би кезінде сымдарды зақымданудан активті және пассивті қорғау әдістері туралы түсініктер.Тіректердің жұмысы және тіректерге әсер ететін күштер туралы түсініктер.Ең қарапайым ағаш тіректерді есептеу және темірбетонды тіректерді таңдау. СӨЖ-5 бойынша конспект ұсыну.Сұхбат.
2,3,4,6
Сұхбат
8
50/100
6 Тақырып
Электр жүйелеріндегі активті және реактивті қуат пен жиілікті реттеудің балансы. Электр жүйелерінің параллель жұмысының тұрақтылығы.
Электр жүйелеріндегі активті қуат балансы және жиілікті реттеу туралы түсінік.Электр жүйелеріндегі активті қуатты өндіруі мен тұтынуының балансы. Жүйедегі «жиілік көшкінінің» пайда болуы. Турбиналық реттеу.Жүйенің статикалық жиілік сипаттамасы.Жүйедегі жиілікті реттеудің әдістері. Жиіліктің ауытқуы бойынша жүйедегі қуат тапшылығы.Электр жүйелеріндегі активті қуат пен жиілікті реттеудің балансын білу.Жиіліктің ауытқуы бойынша жүйедегі қуаттың тапшылығының себептері.Электр жүйелеріндегі реактивті қуат балансы. Электр жүйелеріндегі реактивті қуатты өндіруі мен тұтынуының балансы. Себептері мен салдары.Алыс қашықтыққа айнымалы тоқты беру туралы түсінік.СӨЖ-6 бойынша конспект ұсыну.
2,3,6,8
Сұхбат
10
50/100
ЕГЖ - 2
Үш кернеу деңгейінен тұратын ауылшаруашылық ауданының электр желілерін есептеуді орындау:
-радиалды желілерден және екі жақтан электрмен жабдықтау желілерінен тұратын 10 кВ және 0,38 кВ екі жақтан электрмен жабдықтау және тарату желілері бар 35 кВ желілер.
- 35 кВ желідегі кернеу жоғалуларын есептеу;
- 35/10 кВ трансформаторлардағы кернеудің жоғалуын есептеу;
- 10 кВ желідегі кернеудің жоғалуын есептеу;
- 10/0,4 кВ трансформаторлардағы кернеудің жоғалуын есептеу;
- тұтынушылар үшін кернеудің ауытқу кестесін құру
- 35/10 кВ және 10/0,4 кВ трансформаторларының кернеуін реттеу сұрақтары.