Жұмыс бағдарламасы (Силлабус) «Электр желілері мен жүйелері»



бет5/17
Дата13.05.2022
өлшемі88,91 Kb.
#34220
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ЭЖЖ Силлабус 2022 718

6. Курстың мазмұны
6.1 Дәрістер тізімі

Модульдің
атауы

Тақырыптың атауы

Көлемі,
сағ

Оқулықтар

Апта

Ағымдағы
бақылау
50/100
балл

1 Модуль
«Электр желілері мен жүйелері» курсымен таныстыру,электр желілерінің элементтерімен конструкциялары,желілердің сымдарының кернеулері мен көлденең қималарын таңдау,электр желілерінің элементтерінің эквивалентті схемалары,электр желілеріндегі қуат және энергия шығындары, ашық желілердің режимдерін есептеу.



1- Тақырып. Электр желілері мен жүйелері. Кіріспе.
1.1.Энергетикалық жүйе, электрэнергетикалық (электрлік) жүйе, электр желісі туралы түсінік.Электрлік жүйе энергетикалық жүйенің бір бөлігі есебінде.Электр энергиясын беру және тарату жүйесінің сипаттамалары.Электр жүйелері мен желілерінің даму тарихына қысқаша шолу.Энергетикалық жүйелерді құрудың тхникалық-экономикалық артықшылықтары.Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесі мен электр желілері.
1.2.1000 В-тан жоғары және 1000 В-қа дейінгі электр желілеріндегі бейтарап режимдері.Электр желілерінің конструкциялары мен элементтері.Номиналды кернеуі,орындалуы және арналуы бойынша электр беру және электр желілерінің жіктелуі.Электр желілерінің элементтеріндегі номиналды кернеулері және кернеулердің эпюрасы.
1.3.Әуе желілері,тіректердің түрлері мен материалдары.Материалдар, конструкциялар және сымдардың номиналды қималары.Кабельдік желілер,кабельдік керек- жарақтар,кабельдік желілерді төсеу.

3

2,3,4,6,9

1

50/100


2-тақырып. Желінің сымдарының қималарын және кернеулерін таңдау.
2.1.Желілердің номиналды кернеулерін таңдау,номиналды кернеулердің берілетін қуатқа және электр желісінің ұзындығына тәуелділігі.
2.2.Электр желілерінің сымдары мен кабель талсымдарының көлденең қималарын таңдау.Сымның көлденең қимасы экономикалық категория ретінде. Сымдар мен кабелдердің экономикалық тұрғыдан қолайлы көлденең қималары мен талсымдары.Токтың экономикалық тығыздығы және экономикалық интервалдар әдісі бойынша экономикалық мүмкін болатын қималарды таңдау.
2.3.Ток өткізетін бөлшектердің қызуы. Қыздыру жағдайына сәйкес сымдар мен кабелдердің көлденең қималарын тексеру үшін қызуына рұқсат етілген температуралары.
2.4.Сымдар мен кабельдердің көлденең қималарын таңдау және тексеру кезінде рұқсат етілгенкернеу жоғалуының түсінігі.Есептеудің әдістемесі.

3


2,3,4,6,9



2


50/100


3- тақырып.Ауыстыру схемалары,электр желісі элементтеріндегі қуат және энергия шығындары.
3.1.Жалғыз және бөлінген сымдары бар әуе желілерінің және кабелдік желілерінің ауыстыру схемаларының параметрлері.
3.2.Электр жүйелерінің есептік схемаларын құрастыру.Ауыстыру схемаларын кернеудің бір деңгейіне келтіру.Есептеу схемаларын түрлендіру ережелері мен мысалдары.
3.3.Активті және реактивті қуаттың,энергияның, электр желілерінің, трансформаторлардың кедергілеріндегі және өткізгіштіктеріндегі жоғалулары.

3

2,3,4,6,9

3

50/100


4-тақырып.Ашық электр желілерінің режимдерін есептеудің әдістері.
4.1.Режимдердің параметрлерін есептеулерінің тапсырмалары (әтүрлі режимдердегі тоқтың, ағынды бөлулердің және кернеу деңгейлері). Кернеудің құлауы мен жоғалуын анықтауға арналған өрнектер. Желінің бір соңындағы режимнің параметрлерін оның екінші соңында берілген режимнің параметрлері бойынша анықтау.
4.2.Бір және бірнеше жүктемелері бар электр желісінің кернеулері мен тоқтарының векторлық диаграммалары.
4.3.Желі бөлігінің басы мен соңындағы активті және реактивті қуаттардың өрнектері.Беру қуатының шегі.Біркелкі фазалық жүктемемен үш фазалы симметриялы желілерде кернеудің жоғалуын анықтау.

3

2,3,4,6,9

4

50/100


5-тақырып. Жабық электр желілерінің режимдерін есептеу.
5.1.Бірнеше тізбектей қосылған бөлімшелері бар желілерді есептеу. Жабық желілердің бөлімшелеріндегі қуаттарды анықтау.
5.2.Қоректендіру көздерінің әртүрлі кернеулері кезінде екі жақтан қоректену желілерін есептеу.Теңестіруші тоқтар мен қуаттар.Электр желісіндегі ағынды бөлу (тоқты бөлу) нүктесін табу.
5.3.Күрделі-тұйық желілерді есептеудің әдістері бойынша түсінік: контурлық теңдеулер,түйіндік кернеулер,схеманы түрлендірулер. Шығындарды және түзетулер енгізу тәтібін есепке алмастан схемада электр қуатын бөлу.
5.4.Жабық желілерді пайдаланудың қалыпты және апаттан кейінгі режимдеріндегі ең үлкен кернеу жоғалтуларын анықтау.Компьютердің көмегімен жабық желілерде тоқтың таралуын табу мүмкіндігі туралы түсінік.

3

2,3,4,6,9

5

50/100

2 Модуль
Электр желілеріндегі кернеуді реттеу.Электр желісінің әуе сымдарын механикалық есептеу негіздері.Электр энергиясының сапа көрсеткіштері.Электр жүйелеріндегі активті қуат балансы және жиілікті реттеу, электр жүйелерінің параллель жұмысының тұрақтылығы.



6- тақырып.Электр желілеріндегі кернеуді реттеу.
6.1.Кернеуді күшейтетін қоздырусыз ауыстырып қосу (ҚАҚ-ПБВ) және жүктеме күйінде реттеу (ЖКР-РПН) құрылғысы бар трансформаторларды қолдану.Желідегі бойлық сыйымдылық компенсациясы,статикалық конденсаторлар батареясын қолдану.
6.2.Жоғары вольтты желілер 220-750 кВ.Желілердегі екі жақтан кернеуді реттеу.
6.3.Реттелетін синхронды компенсаторларды қолдану және желілердің бойлық сыйымдылық компенсациясы.Реттеуші трансформаторларды желіге және автотрансформаторлардың бейтараптығына орнату. Желілердегі кернеуді реттеу мен жүйедегі реактивті қуат балансы арасындағы байланыс. «Кернеудің көшкіні» пайда болу шартына байланысты жүктеме түйіндеріндегі кернеудің төмендеу қауіпі.

3


2,3,4,6,9



6


50/100


7-тақырып.Электр желісінің әуе сымдарын механикалық есептеу негіздері.
7.1.Сымдардағы бірлік және толық жүктемелер.Сымның керілуін анықтау кезінде ескерілетін параметрлер.Сымның салбырау қисығы және салбырау жебесі.Сымның күйінің теңдеуі.Сыни аралықтар. Критикалық температура.
7.2.Тректердің механикалық есебінің негізгі көрсеткіштері (бір бағаналы тіректер).
7.3.Діріл және сымдардың биі.Пайда болу жағдайлары,негізгі сипаттамалары.Дірілмен және сым биімен күресудің техникалық әдістері.

3

2,3,4,6,9

7

50/100


8-тақырып. Электр энергиясының сапа көрсеткіштері.
8.1.Электр энергиясының сапасының негізгі көрсеткіштері. МЕМСТ-13109-97 бойынша электр энергиясы сапасының көрсеткіштері.Электр энергиясының сапасы көрсеткіштерінің электр қабылдағыштардың жұмысына әсері.Электр энергиясының сапасын бақылау міндеті. Электр энергиясының сапасының көрсеткіштерін статистикалық талдау әдістері.

3

2,3,4,6,9

8

50/100


9-тақырып. Электр жүйелеріндегі активті қуат балансы және жиілікті реттеу.Реактивті қуаттың балансы.
9.1.Электр жүйелеріндегі активті қуатты өндіру, тұтыну және теңгерім.Жүйедегі «жиілік көшкінінің» пайда болуы.Жүйенің статикалық жиілік сипаттамасы.
9.2.Жүйедегі жиілікті реттеу әдістері.Жиіліктің ауытқуына байланысты жүйедегі қуат тапшылығы.
9.3. Электр жүйелеріндегі реактивті қуатты өндіру, тұтыну және теңгерім.
9.4.Жүйедегі және оның жекелеген бөліктеріндегі реактивті қуат теңгерімсіздігінің себептері мен салдары.Жүйелердегі реактивті қуаттың тепе-теңдігін сақтау және жұмыс кернеуінің деңгейлерін реттеу міндеттері.
9.5.Электр станцияларында реактивті қуатты өндіру.Жүйенің жүктеме кестесіндегі электр станцияларының орны.Реактивті қуаттың қосымша көздері (СК, бойлық, көлденең компенсациялық қондырғылары). Схемаларға қосылулары.

3

2,3,4,6,9

9

50/100

10-тақырып.Электр жүйесінің параллель жұмысының тұрақтылығы.
10.1.Электр станцияларының параллель жұмысының статикалық және динамикалық тұрақтылығы туралы түсінік.
10.2.Статикалық тұрақтылық,статикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
10.3.Динамикалық тұрақтылық,динамикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
10.4.Электр жүйелеріндегі айнымалы және тұрақты тоқтың электр энергиясын алыс қашықтыққа беру туралы түсінік.

3

2,3,4,6,9

10

50/100



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет