Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: бірінші
ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым
Осы кратер түзілу құбылыстары бүкіләлемдік экологиялық катастрофаларға әкеп соқты.
Атмосфераға жарылыс кезінде түскен шаңдар мен түрлі газдар оның тазалығын нашарлатып,
Жер температурасының төмендеуінен динозаврлар да, салмағы 20 кг-нан асатын жануарлар
да қырылып қалған болуы керек. Америкалық зерттеушілер В.Вольбах, Р.Левич және
Э.Андерстің пікірінше, жануарлардың қырылып қалуына Жерге астероидтың құлап түсуі
нәтижесінде болған үлкен өрт себеп болған. Өрт кезінде ауаға бөлінген күл мен күйе ауаның
тазалығын нашарлатып, Жер температурасын төмендеуі себепті жануарлар қырылып қалған.
65 млн жыл бұрынғы қалдықтардан ғалымдар осы гипотезаны дәлелдейтін қалың күйе
қабаттарын тапты.
Планетолог ғалымдар Жерде тіршілік еткен жануарлардың 90%-не жуығы қырылып қалған
аса ірі геологиялық катаклизмдер Жерге өте үлкен астероидтардың соғылуынан болғанын
дәлелдейді. Өйткені, динозаврлардың жойылу кезеңдеріндегі геологиялық қабаттардан
Жерде кездеспеген металл – иридий табылған.
Америкалық зерттеушілер Р.Принн мен Б.Фигли тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде
кометалар мен астероидтардың Жерге соғылуы кезінде озон қабатын бұзатын азот оксиді NO
түзілетінін анықтады. Нәтижесінде катастрофадан кейін біренше минут не сағат ішінде
атмосферадағы азот оксидінің концентрациясы 0,1 процентке жететінін дәлелдеді. Азот
оксидтері сумен әрекеттесіп азотты қышқыл HNO
2
және азот қышқылын HNO
3
түзеді.
Қышқыл жаңбырлардың әсерінен азот оксидтері молекулаларының Күн сәулесін сіңіруіне
байланысты фотосинтез процесі тоқтайды. Оның үстіне топырақтан организмге өте зиянды
Be, Hg, Ta және басқа элементтер бөлінеді де, олар су буларымен, ауамен бірге тірі
организмдердің тыныс алу органдарын зақымдайды.
Құрлық өсімдіктері жапырақтарын жоғалтып, солып қалады. Мұхиттарға түскен қышқылдар
карбонатты қосылыстарды ыдыратып, ауаға СO
2
көп бөлінуіне себеп болады. Ал кремнийді
қосылыстарға бұл қышқылдар әсер етпейді.
Бұндай катастрофалардың зардаптары шамамен 1000 жылға дейін созылған. Қорыта
айтқанда, қарастырылған кезеңдердің қалдық шөгінділерінде иридийдің мөлшері қалыпты
фоннан 100-1000 есе артық екендігі табылған. Иридийден басқа платина тобының
элементтері, сол сияқты кварц табылды. Бұл жағдайлар Жердің өте үлкен аспан денелерімен
соқтығысқанының дәлелдері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |