Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

Мысалы,  Ыстықкөлдегі  уранның  концентрациясы  Әлемдік  мұхиттағы  уранның 

концентрациясынан  біршама  жоғары.  Оңдағы  хар  балдырларының  құрамындағы  уранның 

мөлшері  көлдегі  сулардан  3  есе  артық  .  Сонда  осы  балдырлар  мутациясына  байланысты 

олардың көптүрлілігі өте жоғары. Ленинградтық геолог профессор С.Г.Неручев рифтогенез 

кезінде жер қойнауынан уран, V, Mo, Cu, Nі, Ag және де басқа элементтерге бай магмалық 

ащы  сулар  таралатынын  көрсетеді.  Мұхиттарда  судың  төменнен  жоғарыға  қарай  көтерілуі 

жиі (апвелинг) болып тұрады. 

 Апвелинг  кезінде  фосфаттардың  гидросфераның  жоғары  қабаттарына  өтуі  мұхиттар 

мен  теңіздерде  тіршілік  ететін  организмдердің  қоректік  тізбектерінің  бастамасы  болып 

табылатын  фитопланктонның  қарқынды  дамуына  себеп  болады.  Гидробиологтардың 

көрсетулері бойынша, апвелинг нәтижесінде жағалық акваториялардың биоөнімділігі 50 мың 

есе ұлғаяды екен. 

 Рифтогенез кезінде фосфаттар мен түрлі химиялық элементтердің гидросфераға түсуі 

күрт артады. Бұл теңіз өсімдіктерінің, балықтар мен басқа да жануарлардың көбеюіне себеп 

болады. Қорекпен бірге балықтар мен басқа жануарлардың организміне радиоактивті заттар 

да жинақталады, олардың әсерінен организмдер құрылымында мутация жүріп, кейбір түрлер 

жаппай қырылып қалса, екіншілерінде жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болып, олар ары 

қарай түр ретінде дами береді. 

 Рифтогенез  кезінде  мутагенез  қарқынды  жүріп,  тіршіліктің  жаңа  формалары  пайда 

болады. Жаңадан пайда болған түрлер біздің планетамызда тұрақталмай тез жойылып кетті 

дегенмен  ұзақ  уақытқа  сақталып  қалғандары  да  болды.  С.Г.Неручев,  538  млн  жыл  бұрын 

уранның гидросфераға түсуі нәтижесінде трилобиттердің дене сегменттері әлдеқайда азайып, 

ал кейбіреулерінде екеу ғана  –  бас, құйрық сегменттері қалған деп көрсетеді. 500 млн жыл 

бұрынғы  рифтогенез  фазасында  алғашқы  омыртқалылар,  панцирлі  балықтар  пайда  болды. 

320 млн жыл бұрынғы кезеңде алғашқы төртаяқтылар –ихтоостегидтер пайда болды, 290 млн 

жыл бұрынғы кезеңде алғашқы кесірткелер, 167 млн жыл бұрынғы кезеңде жануарларда ұшу 

аппараты  пайда  болды.  Түрлердің  кейбіреуінде  алдыңғы  аяқтарының  саусақтары  ұзарып, 

араларында  жарғышақтар  пайда  болды.  Осылайша  ұшқыш  кесірткелер  –  птерозаврлар, 

археоптерикстер пайда болды. 

 Әрине, биосфера эвоюциясының барысына рифтогенез ғана емес, басқа да факторлар 

– геомагниттік өрістің инверсиясы, климаттық өзгерістер,т.б. әсер етті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет