Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Рифтогенез, радиоактивтілік және тіршілік



Pdf көрінісі
бет32/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Байланысты:
Биосфера эволюция

Рифтогенез, радиоактивтілік және тіршілік 

Жер  физикасына  белгілі  болғандай,  планета  қойнауының  радиоактивтілігі  уақыт 

өткен сайын азаяды да, ал тіршіліктің ертедегі түрлеріне олар кезіндегідей әсер етеді. Жердің 

даму  тарихының  ертедегі  кезеңдерінде  пайда  болған  қарапайым  структуралы  балдырлар 

Жердің  даму  тарихының  соңғы  кезеңдерінде  пайда  болған  жоғары  сатыдағы  тіршілік 

иелеріне қарағанда радиация әсеріне анағұрлым төзімді. 

 Адам организміне әсер ететін радиоактивті элементтердің әсерін сипаттау үшін доза 

мөлшері D және дозаның қуаты Р=D/t қолданылады. Дозалар рентген, грей және джоульдің 

кг-дағы биологиялық эквиваленттерімен өлшенеді. Бұл өлшемдердің бір-біріне қатынасы : 1 

грей  =  1  джоуль/кг  =  100  рентгеннің  биологиялық  эквиваленті.  Дозалардың  қуаты  1 

сағаттағы  рентген  мөлшерімен  өлшенеді  (миллирентген/сағат,  микрорентген/сағат).  Адам 

ағзасына  әсер  ететін  дозалардың  жалпы  қуаты  1,5-4,0  милдигрей/  жыл  (0,017-0,044 

миллирентген/ сағат). Біздің ағзамызға мұндай қуатты дозаларға бейімделгендіктен, олардың 

ешқандай зияны жоқ. 

 Қазіргі  кезде  кейбір  мамандық  салаларында  ядролық  сәуле  шығарумен  тығыз 

байланыста  жұмыс  жүргізеді.  Олар  үшін  жылына  50 миллигрей  қауіпсіз  деп  саналады.  Бұл 

табиғи фоннан 12-35 есе көп. Биофизиктердің пікірінше, жылына 50 миллигрейден бірнеше 

есе  көп  доза  адам  организміне  ұзақ  уақыт  (10  мың  жылдай)  әсер  еткен  жағдайда  Homo 

sapіens түрі өзгеріп кетуі мүмкін. 

 Уран тірі организм бойына түскенде алдымен улы, кейіннен радиациялық әсер етеді. 

Тірі  организмдерге  уранмен  бірге  түскен  басқа  элементтер  де  зиянды  әсер  етеді.  Мысалы, 

В.В.Ковальский: топырақта төмендегі көрсетілген элементтердің жоғарғы концентрациясы : 

Co – 3·10

-3

; Cu – 6·10



-3

; Zn –7·10

-4

; B –3·10



-3

; Sr –6·10

-2

 және Se –1·10



-4

 – тірі организмдерге 

зиянды  әсер  ететінін  дәлелдеген.  Олардың  артық  мөлшері  де  жеткіліксіздігі  сияқты 

организмдерде  морфологиялық,  анатомиялық  және  физиологиялық  өзгерістер  туғызып, 

оларда эндемикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Осы элементтердің, әсіресе, 

U,  B,  Cu,  т.б.  жоғары  концентрациялары  бар  ортада  тіршілік  ететін  микроорганизмдерде 

мутагенез  жүріп,  пайда  болған  мутанттар  осындай  орталарда  жылдам  дами  бастаған. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет