Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі



Pdf көрінісі
бет34/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90
Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі 

Біздің  планетамыздың  магниттік  қасиеті  бар.  Егер  Жердің  магниттік  сферасы 

болмаса,  Күн  мен  жұлдыз  желдерінің  ағыны  еш  кедергісіз  Жердің  бетіне  жетіп,ондағы 

барлық тірі организмдерге зиянын тигізген болар еді. Магнитосфера бұған кедергі жасап, сол 

арқылы  биосфераны  зарядталған  бөлшектерден  қорғап  тұратын  бронды  қалқан  рөлін 

атқарады. 

Магнитологтардың пікірінше,  геомагниттік  өрісті  бақылау  үшін  Жердің  орталығына 

аса ірі, диаметрі 200 км, ұзындығы 4000 км магнит цилиндрді орналастыру қажет. 

Жердің  магниттік  осі  Жердің  айналу  осін  11,5  градус  бұрышпен  орналасқан, 

сондықтан  магниттік  полюстер  географиялық  полюстермен  сәйкес  келмейді,  уақыт  өткен 

сайын  магниттік  полюстер  өздерінің  орнын  өзгертеді.  Мысалы,  солтүстік  магниттік  полюс 

бір  тәулікте  жердің  бетінде  20,5  метрге  (7,5  км/жыл)  ал  оңтүстік  полюс  –30  метрге  (11 

км/жыл) ығысады. 

Қазіргі  кезде  солтүстік  полюс  Канаданың  солтүстігінде  орналасқан,  ал  2185  жылға 

қарай ол солтүстік географиялық полюспен алмасады. 2400 жылы ол Таймырда орналасады. 

Оңтүстік полюс қазір Антарктида жағалауларында, Австралияға қарай жылжып келе жатыр. 

Кез келген магниттегдей, Жердің магнит күштері бір полюстен Жердің әлем кеңістігі 

арқылы  өтіп,  екінші  полюспен  байланысады.  Осының  нәтижесінде  Жердің  айналасында 

магнитосфера түзіледі.  



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет