Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


ДӘРІС 11. Ноосфера және биосфераның маңызды мәселелері. Глобальды биосфералық



Pdf көрінісі
бет71/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90
ДӘРІС 11. Ноосфера және биосфераның маңызды мәселелері. Глобальды биосфералық 

үрдістер.  Климаттың  жылып  кету  проблемасы.  Озонды  қабаттың  бұзылуы. 

Қышқылды  жаңбырлар.  Радиоактивті  қалдықтар  және  радиоактивті  ластану. 

Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы. Биологиялық алуантүрліліктің төмендеуі. 

Мақсаты:  Студенттерге  Ноосфера  және  биосфераның  маңызды  мәселелері,  ғаламдық 

биосфералық үрдістер жайлы  білім беру. 



Судың  ластануы.  Ластануға  судың  барлық  түрлері  (мұхит, 

континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе 

ауыз  судың  сапасы  халықтың  денсаулығын  анықтайтын  маңызды 

факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау 

ұйымының  мәліметтері  бойынша  судың  сапасының  төмен  болуынан 

жылына  шамамен  5  млн.  адам  себепті  өледі  де,  әр  түрлі  дәрежеде 

уланған  немесе  ауырған  адамдардың  саны  500  миллионнан  1 

миллиардқа дейін жетеді. 

Барлық  сулардың  құрамында  еріген  заттар  болады.  Судағы  көп 

кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың 

тұздылығы,  әдетте  онда  еріген  химиялық  заттардың  жалпы 

мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында 

шамамен 35 г/л тұз болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі 

жүзіп  жүрген  заттар,  сонымен  қатар  патогенді  ағзалар  да  болады. 

Сулардың  ластануы,  ең  бірінші  рет  су  қоймаларына  әр  түрлі 

ластаушы  заттардың  келіп  түсуіне  байланысты  болады.  Ластаушы 

заттарға  негізінен,  топырақ  эрозиясының  өнімдері,  минералдық 

тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор 

және  басқа  биогенді  элементтер  мен  олардың  қосылыстары, 

органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және 

мұнай өнімдері) жатады. 

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын 

әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, 

өнеркәсіп  орындарының  қалдықтарымен,  су  транспортымен  ластану 

үлесі де жоғары. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет