Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
6. «Озон тесігі»  

Атмосфераның  маңызды  компонентінің  біріне  озон  О

3

  жатады.  Оның  түзілуі  мен  ыдырауы  күннің 



ультракүлгін  сәулелерімен  сіңіруіне  байланысты.  Озон  Жердің  инфрақызыл  сәулелерінің  20%  ұстап  қалады 

және  ауаның  жылыту  әсерін  күшейтеді.  Озон  қабатының  22-24  км.  биіктікте  орналасатын  бөлігін  «озон 

экраны» деп атайды. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы 

озонды таза күйде  бөліп алса оның қалыңдығы 3-5 мм құрайды. 

Атмосферадағы озон мәселесінің адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар: 

1.  Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы ( «озон экраны»). 

2.   Жерге жақын кеңістіктегі озон концентрациясының көбеюі. 

Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының О

2

  ультракүлгін  сәулелердің  әсерінен 



ыдырау нәтижесінде түзіледі. Кейін бос оттегінің оттегі молекуласына О

қосылуынан қайтадан озон түзіледі. 



Реакция жүруінің басты шарты ультракүлгін  сәулелердің болуы мен олардың инфрақызыл сәулелерге айналуы 

болып  табылады.  Соңғы  жылдары  атмосфераның  жоғарғы  қабаттарында  озонның  азаюы  3%  құрайды.  Егер 

озонның азаюы 1% болса, онда тері ісік ауруы 5-7% көтерілуі мүмкін. Ең көп озонның жойылуы Антарктидада 

тіркелген.  Бұл  жерден  соңғы  30  жылда  озон  қабатының  40-50%  азайған.  Озон  концентрациясының  азаюы 

тіркелген кеңістік «озон тесігі» деп аталады. «Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. 

Қазіргі  кездегі  озон  қабатын  бұзатын    негізгі  антропогендік  факторға  фреондар  (хладондар)  жатады  деп 

есептейді.  Бұндай  хлорфтор  көміртегі  бөлме  температурасында  қайнайды.  Олар    тоңазытқыштарда,  әртүрлі 

баллондарда тасымалдаушы газ ретінде қолданылады. Тасымалдаушы газ –пропиллентер ретінде  фреондарды 

кеңінен  қолдану  олардың  өте  тұрақты  газ  болуына  байланысты.  Олар  атмосферада  100  жыл  өмір  сүріп,  озон 

қабатына жете алады және белсенді ортада  күшті хлорды бөледі.  Әрбір хлор атомы 100 мыңдаған озон атомын 

бұзуға қабілетті. 

Монреальдық отырыста 1980ж.-2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және 

пропилленттерді 

басқалармен 

алмастыру. 

Бірқатар 

елдерде 

фреондар 

(ХФС)–> 

(ГХФС) 


гидрохлорфторкөміртекпен  алмастырылып  жатыр,  олардың  өмір  сүруі  2-25  жылға  қысқа,  О

3

  ыдырату 



потенциялы  ХФС-ға  қарағанда  10  есе  аз.  Озон  қабатының  тұрақтылығын  жоғарлатудың  басқа  жолдары 

іздестірілуде.  Озон  қабатына  этан  мен  пропан  беру  атомдық  хлорды  әлсіздендіріп  пассивті  хлорсутекке 

айналдырады. Кейін озонның түзілуі мен жинақталуына электромагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр 

зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциясын жақсартады және озонның жинақталуы мен түзілуіне 

ықпал етеді. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор 

ормандардың  жойылуы.  Сол  себепті  ормандарды  сақтауды  қолға  алу  керек.  Сол  сияқты  космосқа  ұшу 

аппараттарын көптеп шығару, атмосферадағы ядролық жарылыстар. Атмосфераның жоғары қабаттарына азот 

оксидтерінің шығуына әкелетін ірі өрттердің озон қабатын бұзатыны тіркелген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет