ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
Цилиндрге сүзiлген зерттелетiн суды құйып, кесте бойынша дайындалған ерiтiндiлер
құйылған цилиндрмен салыстырып табады. Бұдан да дәлiрек фотокалориметрмен
анықтауға болады. Ол үшiн хром-кобальт шкаласы бойынша градуирленген график
сызады. Түсi әртүрлi ерiтiндiлердi көк спектрлi 5 смлiк кюветамен фотокалориметрде
өлшейдi. Түсi 350 жоғары суды ауыз суға пайдалануға болмайды.
Исi: Судың исi балімен есептеледi. Исi жоқ су 2 баллдан аспау керек.
МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1. Тығынды колба;
2. 200 мл конустық колба;
3. сағат шынысы;
4. электр плиткасы;
5. термометр;
6. зерттелетiн су.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
Тығынды колбаның 2/3 бөлiгiне зерттелетiн су құйып, жақсылап шайқап араластырып,
тығынын ашып, исiн байқайды.
Иiстiң интенсивтiлiгi 5 баллдық шкаламен есептеледi. 0 — иiссiз, 1- өте әлсiз, 2- әлсiз, 3 —
иiстi, 4 — iшуге жарамсыз, 5- өте қатты истi су.
Судың исiн төмендегiдей терминология бойынша сипаттайды:
Символы Иiстiң сипаты
А Хош иiстi
Б Балшық иiстi
В Шiрiген иiстi
Г Ағаш иiстi
Д Жер иiстi
З Көгерген
|