Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Фосфордың қайтып оралуы мұхиттың ағзаларымен орнын толтырмайды,
яғни құрлықтың қажеттілігін толтыра алмайды. Фосфорды пайдалану
тұнбалық циклмен бітетін, біржақты процесс болғандықтан, ағзалар үшін
фосфордың жетіспеушілік қауіпі туады. Сондықтан оның
адаммен орнын толтыру минералдық тыңайтқыштарды енгізу арқылы
жүреді.
Фосфордың бір бөлігі құрлыққа мұхиттан теңіз өнімдерін енеді.
3. Геохимик А.И.Перельман техногенді геохимиялық
аномалияларды зерттей
отырып оны үш түрге бөлді: 1) ауқымды, бүкіл жер шарын қамтитын; 2)
аймақтық, материк бөлігін, елді,облысты қамтиды; 3) жергілікті, ластау
көзінен бірнеше ондаған километрді қамтиды.
Химиялық элеметтердің адам ағзасындағы биологиялық маңызы алуан
түрлі. Ағзаға кейбір элементердің жетіспеуі ғана зиян болып қоймайды
сонымен қатар артық болуы да өз зиянын тигізеді. Кейбір географиялық
аймақтарда қоршаған ортаның ластануына байланысты суларында,
топырақтарында кейбір элементтердің құрамындағы аномалияларға
байланысты аурулар болады. Мұндай аурулар эндемикалық деп аталады.
Мысалы, Белгорд облысында бор кенінің көп болуына байланысты кальций
мен темірдің көп болуы анықталған. Бұл жердің суларының тұтқырлығы
жоғары соған байланысты тас байлану ауруларының кездесуі байқалады
және йодтың жетіспеуінен қалқанша безі аурулары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: