Жұмыс бағдарламасының аннотациясы



бет13/18
Дата06.08.2023
өлшемі0,54 Mb.
#105060
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Оқушының Т.А.Ә.

Туған жылы

Үлгерімі

Қоғамдық тапсырма

Қызығушылығы

Мекен-жайы

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8



















9



















10




















Сабақ кестесі
1 кезең



Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1






















2






















3






















4






















5






















6






















Әдіскердің есеп беру үлгісі
1. Бағдарламаларды білу және соған сәйкес жұмыс жасау іскерлігі.
2. Сабақтың оқу материалын жоспарлау іскерлігі.
3. Сабақ барысында теорияны өмірмен байланыстыруды, тәрбие міндеттерін шешуді, балалардың санасына, сезіміне, еркіне ықпал етуді жүзеге асыру іскерлігі.
4. Балаларды жұмысқа ұйымдастыру іскерлігі. Сабақ барысында олардың зейінін шоғырландыру және танымдық іс-әрекетке белсендіру арқылы өтілетін материалға қызығушылығын ояту.
5. Мектепте қолданылатын оқыту әдістемесін, техникалық оқу құралдарын, көрнекілік құралдарын меңгеру.
6. Балалармен сабақтан тыс жұмыс және ата-аналармен мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізу іскерлігі.
7. Практика барысында студент-практиканттың көрсеткен жағымды тұстары және негізгі проблемалар.
8. Жұмысқа қарым-қатынасы және тәртібі.
9. Басқару қандай формада жүзеге асты?
10. Студенттермен қанша жеке жұмыс жүргізілді?
11. Практика барысында қанша сабаққа қатысты.
12. Практика барысына жалпы баға.
13. Педагогикалық мекемеге ұсыныс.


Студенттің педпрактика туралы қорытынды есебі үлгісі
Мынадай сұрақтарға көңіл аудару керек:

  1. оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастырудағы, пән бойынша кластан тыс жұмыс жүргізгендегі және класс оқушыларымен тәрбиелік жұмыстар өткізгендегі жетістіктері мен қиындықтары.

  2. Мектептің оқытушыларымен, класс жетекшілердің қабылдауы, қарым-қатынасы. Олардың тәжірибесінің сенің педагогикалық дайындығыңа әсері.

  3. Практиканың әрі қарай жақсартуға қосатын педагогикалық қорытынды және класс жетекшілік жұмысқа қосатын пікірің.


Студенттің Т.А.Ә. _______________________________________
Тобы___________________________________________________
Мектеп _________________________ сынып ________
Мамандық _____________________________________________

  1. Сыныптын дайындық деңгейі.

  2. Әрбір сабаққа дайындалғанда кездескен қиындықтар

  3. Оқушыларды белсендіру кезінде қандай әдістер мен амалдар қолдандыңыз?

  4. Оқыту барысында жекелендірілген тәсіл қалай жүзеге асты (әлсіз және дарынды оқушылармен жұмыс)?

  5. Сабақтан тыс және сабақ уақытында ынтымақтастық әдістер қолданылды?

  6. Сабақ барысында қандай белсенді технологиялар қолдандыңыздар?



  1. Қандай сабақтар қызықты өтті? Неге?

  2. Сабақ түсіндіру уақытында ТҚҚ қалай қолдандыңыз?

  3. Ең қызықты творчестволық істер

  4. Практика барысында неге үйрендіңіз?

  5. Тәрбиелік жұмыстар барысында кездескен қиындықтар



  1. Ата-аналармен жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

  2. Оқу-тәрбиелік процесс барысында қандай қиындықтармен кездестіңіздер? Неге көңіліңіз толады? Сіз өз тарапыңыздан не қосар едіңіз?

  3. Жалпы қорытындысы


Қатысқан сабақтың, тәрбиелік іс-шараны талдау хаттамасы
Мерзімі, уақыты
Тақырыбы
Сыныбы
Қатысушы

Іс шара барысы

Іс-шара талдауы

Жағымды тұстары

Жағымсыз тұстары

Ұсыныстар, пікірлер, баға
























Хаттама толтырушы қолы_____________________


Сабақтың толық психолого-педагогикалық талдауы
1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.

  1. Сабақ тақырыбы, мақсаты мен міндеттері. (білімдік, тәрбиелік, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интелектісін, еркін, эмоцияларын дамыту міндеттері);

  2. Сабақтың түрі, құрылымы және оның психологиялық мақсатқа сәйкестігі. Оқытудың негізгі принциптерін жүзеге асыру және психологиялық тұрғыдан негіздеу.

  3. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.

  1. Оқу материалының сапасы қандай (сипаттама немесе түсіндірме,
    көрнекілік дәрежесі, нақтылығы, абстрактілігі мен жалпыламалығы)?

  2. Бұл оқу материалын қабылдау оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қай жағын жандандыруды талап етеді (бейнелік немесе сөздік-логикалық ес, абстрактілік ойлау, елестету)? Ол қандай эмоция тудыруы мүмкін?

  3. Берілген материал оқушылардың танымдық әрекетінің жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне, білім деңгейлеріне сай келе ме?

  4. Күрделі оқу ақпаратын мұғалім сол жастағы оқушы қабылдауына
    түсінікті, қызықты етіп қалай жеткізеді (баяндаудың анықтығы мен қарапайымдығы, айқын салыстырулар, ұқсастырулар, мысалдардың болуы, көрнекі құралдарды қолдануы, өмірмен байланысы)?

  5. Оқылатын материалдың тәрбиелік ықпалы қандай (моральдық,
    эстетикалық және т.б.)? Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалім
    қаншалықты тиімді жүзеге асырады?

2. Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
1) Зейінді ұйымдастыру(шоғырландыру).
Сабақтың барлық кезеңдерінде зейінді ұйымдастырудың жолдары (оқушылардан зейіндерін аударуды, өткізіліп отырған жұмыстың маңыздылығын белгілеп отыруды сұрау, нақты міндеттерді қою, көрнекілік қағидасын қолдану т.б.).
Сабақтағы зейін түрлері және оның жекелеген оқушыларда көріну формасы. Оқушылар зейінін бір жұмыстан екінші жұмысқа аудару тәсілдері. Оқытушы ұсынған күрделі тапсырма түрлерінің қандайында оқушылар зейінін ерекше шоғырландыру керек болды және олар тапсырмаларды қалай орындай алды?
2) Қабылдауды ұйымдастыру және оның сипаты.
Оқушылар қабылдауының объектісі не болып табылады (мұғалім сөзі, оқулық мәтіні, түрлі көрнекі құралдар)? Қабылдау материалының сапасы.
3) Есті жандандыру және оны дамыту.
Сабақта естің қандай түрлері болды (көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық, эмоционалдық, ниет етілген, ниет етілмеген, механикалық, логикалық)? Мұғалім баяндалған мәліметті еске жақсы сақтаудың қандай тәсілдерін қолданды (материалды логикалық өңдеу, түрлі ассоциацияларды белгілеу, іс-әрекетке қосылу, қайталау, эмоциональдық жүктеме және т.б.)? Сабақта жекелеген оқушылардың еске сақтау үрдісі қалай көрінді (еске сақтау, білу, қабылдау, ұмыту)?
4) Оқушылардың ойлау әрекеттерін жандандыру.
Мұғалім оқушыларда ғылыми ұғымдарды қалай қалыптастырды? Бұл реттекөрнекі құралдарды қалай қолданды?Ол ұғымдар арасындағы қандай байланыстарды орнатты және қандай пайымдаулар жасады?
Ол оқушыларды қайсыбір түсініктер мен пайымдауларды меңгерудің қандай жолдарымен жетеледі (индуктивтік және дедуктивтік)?
Мұғалім оқушыларда берілген түсініктерді меңгеруге деген сұранысты тудыра алды ма (теориялық маңызын ашты ма, практикада қолданылуын көрсетті ме, өмірмен байланыстырды ма және т.б.)?
Оқушылардың сабақтағы ұғым-түсініктерді меңгеру деңгейі және ұғымдарды ажыратудағы қателіктері қандай?
Мұғалім оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлауларын қалай жандандырды? Сабақ проблемалық құрылымымен ерекшеленді ме? Проблемалық ситуация қандай жолдармен жасалды? Жауап іздеуде олар белсенді болды ма? Оқушылар тарапынан қойылған мәселенің шешімін іздеуде қандай нақты ойлау әрекеттері туды (бір мысал)?
Проблемалық оқытуға сынып қандай дәрежеде дайындалған (дамудың жалпы деңгейі; қажетті білім мен икемдердің болуы; сүраққа жауап беру кезіндегі белсенділік көрсеткен оқушылар саны)?
Мұғалім балаларды рациональдық ойлаудың дайын тәсілдеріне үйретті ме?
Сабақ тұтасымен алғанда қаншалықты үйлесімді, қисынды, жүйелі құрылған?
Мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігін есепке алуды қалай жүзеге асырды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет