ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ Педагогикалық педагогикалық тәжірибе – 6В01505-Биология ББ бакалавр білімі бойынша студенттерді дайындауға арналған жалпы білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Тәжірибенің өту орындары Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептер болып табылады.
Тәжірибе мазмұны – биология пәнін оқытудың методикасын, педагогика және психологияның байланысын, көптеген сұрақтар ортасын қамтиды.
Тәжірибе жалпы мәдени компетенцияның қалыптасуына бағытталған:
мұғалімнің педагогикалық процесті толық басқаруына дайындығын қалыптастыру;
педагогикалық компетенттіліктің қалыптасуы және дамуы (ұйымдастырушылық, біліктілік, конструктивтік хәне т.б.).
биологияны оқыту әдістемесін оқу мекемесінің ерекшелігіне сай құру;
биологияны оқыту процесіне инновациялық технологияларды енгізу.
тәжірибелік:
өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуі, биология пәнінен сабақтарды тиімді жоспарлай алуы, соған сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білім, білік, дағдыларды игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге, ізденушілік-зерттеушілік әрекет түрлерін меңгеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін білу;
сабақта инновациялық технологияны қолдану арқылы психологиялық-педагогикалық сараптау;
білім беру саласында интерактивтік оқыту әдістерімен заманауи инновациялық технологияларды қолдану;
білім беру құралдарын және заманауи компьютерлік технологияларды қолдану, іс- шараларды жоспарлау, индивидуальды және ажыратылған әдістемелер есебіндегі іс шараларына байланысты тәрбие беру құралдарын және тәсілдерін, әдістерін мазмұнын іске асыру.
Атап өтілген білім беру нәтижесі келесі компетенциялардың құрылуына негіз болады: