биология сабағында оқу-тәрбие процесінің әдістемесін игеру.
дағдылар:
оқу және тәрбие қызметінде психология-педагогикалық аспектілерді терең меңгеру (оқу мотивациясы, сынып жұмыстарына оқушылардың қарым-қатынасы, педагогпен оқушының өзара қарым-қатынасы, оқушылардың танымдық қызметінің ерекшеліктері);
пән бойынша оқу-тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
биология пәні бойынша білім деңгейін, шеберлігін, дағдысын анықтау (сабақ өткізу және қатысуы арқылы, оқушылармен қарым-қатынас арқылы, сынып журналын, дәптерлерін, оқушының суретін және бақылау жұмысын талдау арқылы);
сабақ конспектісін факультативті сабақтар, сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі түрлерін дайындау.
Тәжірибе мазмұны мектепте оқу тәрбиелік процесті ұйымдастыруда тәжірибелік қызметті қорытындылау ретінде НББ-ның бөлімдерінің логикалық жалғасы, педагогикалық білімді НББ бөлімдерін игеру үшін негізгі қызмет атқарып, дипломдық жоба бойынша тәжірибелік жұмыстар өткізу және педагогикалық процесті басқарудағы дағды және шеберлік, кәсіби педагогикалық практикадан өту, сонымен қатар биологиядан кәсіптік компетентті жүйелеу, арнайы даярлық және кәсіптік педагогикалық білімді меңгеру, биологиядан оқу- тәрбиелік жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Кестеде «Тәжірибенің өту мақсаты» бөлімі бойынша құзіреттіліктердің құрылуына бағытталған алдыңғы өткен және соңғы пәндер келтірілген: