Жұмыс бағдарламасының аннотациясы



бет15/18
Дата06.08.2023
өлшемі0,54 Mb.
#105060
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ЖБ 4к 2023

Сабақтың құрылысы:
Сабақтың ұйымдастырылуы мен негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатына сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі.
Оқыту әдістері:
А) білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыруда қандай әдеттерді қолданды, олардың сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкестілігі және тиімділігі.
Б) әрбір сабақ кезеңдерінде қолданылған әдістемелік тәсілдер және жаттығулар, олардың тиімділігі.
Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру:
Сабақта әрбір кезеңде мақсаттың қойылуы, сабақ барысында әр түрлі қызмет түрлерінің ұштасуы, оқушылар жұмысын бақылау және бағалау, оған оқушылардың қатысуы, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру, тәртіпті және жұмыс жасауға ыңғайлы жағдайлар жасау тәсілдері.
Сабақтың құрал-жабдықтары:
Көрнекілік, оқу құралдары, дидактикалық материалдар техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, орны, әдістері.
Сабақтың нәтижесі:
Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің орындалуы.
Сабақты қысқаша талдау үлгісі
1. Класс, оқушылар саны, пән бойынша кластық дайындық деңгейі. Мұғалім аты-жөні,
2. Сабақ тақырыбы.
3. Оқуда жүзеге асатын сабақ мақсаты.
4. Мұғалім шешетін дидактикалық және тәрбиелік міндеттер.
5. Сабақ жүргізу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы:
1) сабақ типі.
2) сабақтаң өзіндік кезеңдері.
3) сабақ мазмұнының ғылыми, логикалық, реттілік принциптерімен сәйкестігі.
4) оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру түрлерінің және әдістерінің ерекшеліктері.
5) мұғалімнің жеке тұлға ерекшеліктері, оның оқушылармен қарым-қатынасы. Сабақта қатынас стилі.
6) оқытуда техникалық құралды қолдану орны, оның сабақ мазмұнымен байланысы.
7) білім мен дағдыны қалыптастыру бақылауын жүзеге асыру сабақта кері байланыс.
8) сабақты қорытындылау, білім мен дағдыны бағалау.
9) үй тапсырмасының көлемі мен қиындық деңгейі.
6. Сабақ нәтижелігін бағалау. Қорытындылау және түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет