3.1.3-тапсырма. «Көшбасшылық және менеджмент»: айырмашылықтар мен ұқсастықтар кестесін толтырыңыз:
Көшбасшылық (ерекшелігі)
Ұқсастығы
Менеджмент (ерекшелігі)
Көшбасшылық пен менеджменттің ұқсастығы мен айырмашылығын топта талқылаңыздар. Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сіздің ойыңызша менеджмент пен көшбасшылықтың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?
- Сіз өзіңізді кім деп санайсыз: көшбасшы ма, әлде менеджер ме?
- Мектептің жұмысында не маңыздырақ: менеджмент пе, әлде көшбасшылық па?
КӨШБАСШЫ МЕН МЕНЕДЖЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ СЕГІЗ АЙЫРМАШЫЛЫҚ
1. Ықпал VS билік Менеджерлердің басым бөлігінде оларға билік беретін лауазымы бар. Дегенмен, егер Сіз ережелерді сақтауға және нәтижелерді бақылауға баса назар аударатын менеджерлерді кездестірген болсаңыз, билікке ие болу мен адамдарға ықпал етудің арасында үлкен айырмашылық бар екендігін білесіз. Менеджерлердің барлығы бірдей басқаларға ықпал ете алмауы және ынталандыра алмауы мүмкін, басқаларға ықпал ете алу көшбасшылықтың маңызды ерекшелігі болып табылады.
2. Ізбасарлардың болуы VS бағыныштылардың болуы Менеджер жұмысының басым бөлігі компанияның саясаты мен рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл маңызды рөл болғанымен, автоматты түрде көшбасшы жасап шығармайды. Көшбасшылық — бұл ең алдымен өзіне деген сенім мен құрметті қалыптастыру, соның нәтижесінде басқалардың оны ізінен еруге тұрарлық адам ретінде қабылдауы.
Сіздің көшбасшы екеніңізді анықтаудың сенімді әдісі — өзіңізге кеңес алу үшін келетін адамдарды санап көру (өзіңізге тікелей бағынышты адамдарды қоспағанда).