Жұмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2021


«Білім туралы» Заңда көрсетілген білім беру ұйымы Жарғысының бөлімдерін бөліп көрсетіңіз



бет18/20
Дата05.06.2023
өлшемі497,08 Kb.
#98938
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
12. «Білім туралы» Заңда көрсетілген білім беру ұйымы Жарғысының бөлімдерін бөліп көрсетіңіз.

  • іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі*

  • білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі*

  • білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимі)*

  • білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандары және тәртібі*

  • білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздері және тәртібі*

  • ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі*

  • білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібі*

  • білім беру ұйымдарының халықаралық байланыстары

  • ішкі тәртіп ережелері


11-тапсырма. Білім беру ұйымдарының құзыреттерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 43-тармағын қараңыз.



Білім беру ұйымының құзыреті

Қандай нормативтік құжат негізінде жүзеге асырылады?

Ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту

ҚР Еңбек Кодексі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогтің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 21.04.2020 жылғы№153 бұйрығы;
Мектеп жарғысы.

Жұмыс оқу жоспарларын әзiрлеу және бекiту

«Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен); «Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2019 жылғы 15 мамырға № 205 енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен)

Бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (соңғы енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен 29.12.2017 № 662)

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» 17.03.2020 ж. №110 бұйрығы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету, оларды өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы)» 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығы

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 31.10.2018 ж. № 598 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар , санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы


12. Берілген «ХХХ» білім беру ұйымы Жарғысының бөлімдерін осы құжатта келтірілген үзінділермен сәйкестендіріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет