Жұмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2021



бет8/20
Дата05.06.2023
өлшемі497,08 Kb.
#98938
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Қорытынды: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

13-тапсырма. Жағдаятқа талдау жасаңыз:
№ 55 орта мектептің қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту үшін жергілікті атқарушы білім беру органына ұсынылатын кеңес мүшелерінің тізімі жасалды:



55 орта мектептің қамқоршылық кеңесінің құрамы



  1. жергілікті өкілдікті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері:

...........
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері: ...........................
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері: ............................
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір сыныптан білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі:
1-сынып – Исмаилова А. К., жұмыс орны: AVON Қазақстан аумақтық менеджері
2-сынып – Асанов Б.К., жұмыс орны: "Су құбыры" ЖШС, бас бухгалтер
3-сынып – Керімбеков С.Т., жұмыс орны: "АвтоБаза" ЖШС, қойма меңгерушісі
4-сынып – Бейсенова Г. Т., жұмыс орны: Әскери госпиталь, медбике
5-сынып – Есеналиева А.А., жұмыс орны: №8 аурухана, медбике
6-сынып – Асқаров Б.М., жұмыс орны: №55 орта мектеп, тарих мұғалімі
7-сынып – Елеусизова Р. Х., жұмыс орны: "Халық банкі", менеджер
8-сынып – Серикова А. Б., жұмыс орны: Сұлулық салоны, шаштараз
9-сынып – Алуадинов Ш.С., жұмыс орны: "Прима Дистрибьюшен" ЖШС, менеджер-сатушы
10-сынып – Касымова А.К., жұмыс орны: "Адвокат" ЖМ, заңгер
11-сынып – Жангозина В. Н., жұмыс орны: №38 орта мектеп, қазақ тілі мұғалімі
5) қайырымдылық жасаушылар: ..............



Сіздің ойыңызша, тізімде көрсетілген қамқоршылар кеңесінің құрамын бекітуге бола ма? Өз жауабыңызды негіздеңіз. Қандай нормативтік құжатқа сүйенесіз?






14-тапсырма. Мектепті алқалық басқару органдарының қызметін қарастырыңыз: Педагогикалық кеңес, Әдістемелік (ғылыми-әдістемелік) кеңес. Осы кеңес қызметтерін Венн диаграммасының көмегімен сипаттаңыз.





15-тапсырма. Жағдаятқа талдау жасаңыз:

8-сынып оқушысы мектепте өтетін мерекелік іс-шараға өзінің музыкалық нөмірін ұсынды. Оқушының ұсынысы сынып жетекшісіне ұнамады. Ол оқушыға іс-шараға қатысуға рұқсат бермеді. Оқушы өз көзқарасын дәлелдеуге тырысты, бірақ сынып жетекшісі оны тыңдамай, оқушының намысына тиетін ауыр сөздер айтты.


Бұл жағдай көпшіліктің көз алдында болғандықтан, бүкіл сынып осы жағымсыз көріністің куәсі болды. Ертесіне оқушының анасы мектеп директоріне мұғалімнің үстінен шағым жасап келді.
Осы проблеманы шешуде Сіздің әрекетіңіз қандай болады? Қандай нормативтік құжатқа сүйенесіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет