Жұмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2021


«ХХХ» білім беру ұйымы жарғысының тараулары



бет7/20
Дата05.06.2023
өлшемі497,08 Kb.
#98938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Модуль2-Жұмыс дәптері

«ХХХ» білім беру ұйымы жарғысының тараулары
Жалпы ережелер
Заңды мәртебесі
Білім беру ұйымы қызметінің мәні мен мақсаттары
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
Білім беру ұйымына қабылдау тәртібі
Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ тәртібі)
Білім алушылардың білімін ағымдағы бақылау, қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізу нысандары мен тәртібі
Білім алушыларды, тәрбиеленушілерді шығарудың негіздері және тәртібі
Ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі
Білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібі
Білім беру ұйымының қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер.

«ХХХ» ұйымы Жарғысының тарауларынан үзінділер

Оқу аптасының ұзақтығы Құрылтайшының келісімімен оқу орнының педагогикалық кеңесінде белгіленеді және Жарғымен бекітіледі.




Он алты жасқа дейінгі балаларды құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының Жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға рұқсат етіледі.




Жалпы білім беру деңгей (10-11(12)-сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.




Гимназиялар мен лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады.




... жоғары мәдениетті, қоғам өміріне бейімделген, бейіндік және кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және игеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру.




Мекеме үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекет белгілеген құқық пен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты көлемінде ақысыз орта білім алу мүмкіндігін береді.




Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.




Мекеме мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсына алады:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен мүдделерді дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру);
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтар циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру.




Мекеме мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас еңбек шартымен, ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларымен реттеледі.




Азаматты білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен және қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет