4-сабақ Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесі. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат
16-тапсырма. Жағдаятты талдаңыз.
Мектеп директоры демалыс және мереке күндері жекеменшік ұйым өткізетін іс-шаралардағы педагогтердің кезекшілік кестесін жасап, бұл туралы мектептің барлық педагогтерін хабардар етті. Бұл шешімнің қаншалықты заңды екендігін бағалаңыз.
17-тапсырма. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқықтары туралы конвенциясында» баланың білім алу құқығы қалай анықталған? Оның негізгі бағыты қандай болуы керек?
«Бала құқықтары туралы конвенцияның» Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктерін талдаңыз.
18-тапсырма. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңында қолданылатын түсініктердің тезаурусын жасаңыз.