Жұмыс тақырыбы: “


КОНТРАБАНДА - экономикалық қ



бет2/9
Дата01.03.2023
өлшемі431,5 Kb.
#70845
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-5845

1.1 КОНТРАБАНДА - экономикалық қызмет саласындағы қылмыс.
Контрабанда кедендік бақылауға байқатпау, не жасыру немесе кедендік сәйкестендіру құжаттарын не құралдарын алдамшылықпен пайдалану, не болмаса жарияламау, жалған жариялау арқылы мынадай нәрселерді: есірткілерді, психиканы қоздыратын, уыты күшті, улы, радиоактивті және жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарғыш кұрылғыларды, мылтықтар мен оқ-дәріні жаппай қырып жоятын қару түрлерін, осындай қаруларды жасау үшін материалдарды, сондай-ақ арнаулы заңмен тиым салынған тауарларды, құнды заттарды, т.б. мүліктерді республиканың кедендік шекарасынан өткізу әрекеті түрінде көрініс табады. Мұндай қылмыстар адамға қолданылатын жаза түрлері мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде (209, 210 және 250-баптарда) көзделген.
Итальянша сопtга - «қарсы»+bаnдо - «үкімет өкімі» деген сөзден шыққан бұл термин ағ.- smuggling; фр. - сопtrebande; нем. - 1. (қызмет) Schmuggel Копtrebande 2. (тауарлар) Schmuggelware, Копtrebande; түр. - 1. (қызмет) gumruk kacakgiligi;; 2. (тауарлар) Каcак таl, каcак еsуа деп аталады.
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялык мақсаттағы шикізат) әкетіледі.
Контрабанданың негізгі тікелей объектісі — мемлекеттің қаржылық қызметі.
Қосымша объектісі — Қазақстан Республикасының кедеңдік шекарасын кесіп өту ережесі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факулътативтік объектілеріне қоғамдық Қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстық заттары — тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабынын 18 бөлігіне сәйкес тауар дегеніміз — «материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21 бөлігінде керсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 бөлігінде сәйкес көлік құралдарына «халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез келген кұрал, оған контейнер мен басқа да көліктік кұрал-жабдықтар жатады».
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы» қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының №6. тіркемесінде берілген. Оған ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық кұралдар, байланыс кұралдары және жоғары жиілікті кұрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік кұралдары және басқалар кірген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет