2.1 Экономикалық контрабанданың дәрежеленген түрлері. Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға қызметтік борышы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды немесе басқа кұндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын және шекараны кесіп өтуге рұқсат беретін адам жатады.
Өз қызмет бабын таңдалынып осындай адамдар жасаған контрабанда лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нышанға сілтемесіз КК-тің контрабанда туралы бабының тиісті бөлігімен жауапқа тартылады (КР Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 9 тармағы).
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш колдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал келтіру, т.б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамды өлтірсе, онда бұл әрекет ҚК-тің 206 және 96-баптарынын жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым келтіремін немесе өлтіремін деп қорқытады.
Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3 бөлігіне сәйкес, контрабанданы ұйымдасқан топтың яғни контрабанда жасау үшін алдын ала бірлескен тұрақты бір топ адамның жасауы (ҚР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының тармағы).
2.2 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы 1. Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік тексертіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізу - мүлкі тәркіленіп, не иесі онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасының дәрежеленген түрлерін келесі кестеден көруге болады
2. Дәл сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Экономикалық контрабандының тікелей объектісі кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен өзге заттарды (Кодекстің 205-бабында көрсетілгендерді қоспағанда) реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың объектісі - айналыстан алынған заттардың айналысы аясын-
дағы қоғамдық қауіпсіздік.
Есірткі заттары, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш,
радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, әскери техника, жару құрылғылары, атыс қаруы мен оқ-дәрілер, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа түрлері, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтар қарастырылушы қылмыстың заты болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бақылауға жататын есірткілік
заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар және курсорлардың тізіміне кіргізілген
синтетикалық немесе табиғи текті заттар есірткілік заттар және жүйкеге әсер ететін заттар деп танылады.
Қатты әсер ететін және улы заттардың да тізімі Қазақстан Республикасын-
да бақылануы тиіс уландырғыш заттар тізімінде ерекше тәртіппен көрсетілген.
Уландырғыш заттардың қатарына адамның орталық нерв жүйесіне немесе
тыныс мүшелеріне әсер етіп, олардың зақымдануын тудыратын өте улы, химия-
лық реагенттер мен олардың қосындылары жатады.
Уландырғыш заттар:
а) жүйкені жансыздандырушы;
б)жалпы улы;
в) теріні іріңдетуші;
г) тұншықтырғыш;
д) тітіркендіруші болып бөлінеді.
ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 1-бабына сәйкес,
радиоактивті материалдар қатарына ядролық материалдар, яғни бөлінетін (ажыратылған) ядролық заттардан тұратын немесе оларды жаңадан жасап шығараалатын материалдар, яғни ядролары өздігімен ыдырай алатын химиялық элементтерден тұратын материалдар, радиоактивті шығындар жатады.
Жарылғыш заттар - оқ-дәрі, тротил, нитроглицерин, аммонол және жа-
рылғыш реакцияларына қабілеті бар химиялық заттар мен олардың қоспасы.
Қару-жараққа әскери міндеті бар өнімдердің әр түрлі түрлері жатады: жат-
тығу құралдары, байланыс құралдары, навигациялық приборлар, радиолакатор-
лар, қорғаныс құралдары.
9. Әскери техника - бұл қарулы күштердің әскери дайындығы мен әскери әрекеттер жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын техника (ұшақтар, танкілер, бронетранспортерлер, жаяу әскердің әскери машиналары, т. б.).
Жарылыс жасау үшін арналып құрастырылған заттар (механизмдер) жару
құрылғылары болып табылады (запал (тұтатқыш), детонатор, жарғыш, т. б.).
Оқ-дәрінің не басқа зарядтың энергиясының әсері нәтижесінде гранат, сна-
ряд, оқ ствол бойымен атып шығатын қару - атыс қаруы деп аталады.
Оқ-дәрі - құрылысы бойынша қарудың өзіне тиісті түрінен ату үшін ар-
налған және көздегенін зақымдайтын зат немесе құрылым.
Ядролық қару қарсылас жақтың қол күші мен техникасын жаппай қыру мақ-саты үшін ғана арналған ядролық оқ-дәрілер, оларды межеге жеткізу құралдары мен басқару құралдары. Ядролық жарылыс кезінде қырып-жоюшы әсер оның соққы беретін толқындарынан, жарығымен сәулеленуден, жайылып кететін радиациясынан, радиоактивті зақымдануынан тарайды.
Жаппай қырып-жоюшы химиялық қаруға қарсылас жақтың қол күшін жаппай қырып-жою үшін ғана әдейі жасап шығарылып, оларды сақтау, жеткізу, пайдалану құралына орналастырылған аса улы химиялық құрылымдар жатады.
Ал, адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің жаппай ауруын тарату үшін арналған бактериологиялық құралдардың жиынтығы биологиялық қырып-жою құралдарына жатады.
Жаппай қырып-жою құралдарын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін мате-риалдар мен құралдар - бұлар жаппай қырып-жою қаруларын жасап-шығару кезінде пайдаланылуы мүмкін шикізат, лабораториялық және өндірістік жабдықтар, технологиялар.
Қарастырылушы қылмыстың объективті жағы айналыстан алынған зат-
тардан немесе айналысы шектелген заттарды кедендік бақылаудан тыс немесе
жасырын, құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана
отырып немесе оларды декларацияламай не жалған декларациялаумен ұштас-
тыра мемлекеттік кеден шекарасы арқылы өткізумен байланысты.
Өткізу деп Қазақстан Республикасының кеден шекарасын іс жүзінде кесіп
өтуді айтамыз. Ол төмендегідей жолдардың бірі арқылы жасалуы мүмкін:
кедендік бақылаудан тыс;
кедендік бақылаудан жасырын;
қүжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып;
4)айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың декларацияланбауы немесе жалған декларациялануы.