Жұмыс тақырыбы: “


Контрабандаға қарсы күрес



бет6/9
Дата01.03.2023
өлшемі431,5 Kb.
#70845
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-5845

3.1Контрабандаға қарсы күрес.
Контрабанда елге тек ресми кеден бекеттері арқылы ғана келеді деп саналады. Сонымен қатар, біздің ТМД бойынша көршілерімізбен мемлекеттік шекаранаың елеулі бөлігі негізінде ашық, бұл кейде тауарларды контрабандалық жолмен кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, ресми статистикалық деректерге сәйкес 2006 жылдың І-тоқсанында Қазақстанға 309 тонна жаңа піскен помидор әкелінген, ал Ресейге 1409,9 тонна әкетілген, бұл импорт пен экспорттың арасындағы 1100 тонна шамасындағы орасан зор айырмашылықты және олардың шыққан елі туралы сұрақтар туындайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге тауарды Ресейге экспорттауды кедендік рәсімдеу кезінде оның иелері меншік құқығын растайтын және қажет болған жағдайда, қазақстандық шығу сертификатын ұсынған.
Қазақстан арқылы бір елден үшінші елге өткізілуі және оның іс жүзінде дереу кері Қазақстанға контрабандалық жолмен қайтарылуында. Аталған жағдайда, транзиттің өсуі жасанды сипатта болып отыр, оның салдарынан бюджетке қажетті кедендік төлемдер мен салықтардың түспеуінен Қазақстан зиян шегеді.
Контрабандаға қарсы жұмыс көп. Бірақ жеке құрамның күші кеден төлемдері мен салықтарының белгіленген жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, контрабанда мен есірткі заттарының өткізілуіне жол бермеу істеріне жұмылдырылды. 200-ге жуық автомашина радиациялық бақылаудан өткізілді. Осы жылдың үш айында 15 экспорттық және импорттық мәміле төлқұжаты рәсімделді. Бекет арқылы 11 мың көлік құралдары жіберілді. Оның 2 мыңдайы жүкпен өткендер. Экспорттық айналым 91 мың долларды, импорттық айналым 2330 мың долларды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір өсті. Аудан шаруашылықтарынан 90,7 мың доллардың 292 тонна балығы шығарылды. Тауар айналымы 3634 тоннаға жетіп отыр.
Бекетте кинолог-мамандар жетекшілік қызмет етеді. Бірақ заттарды (оның ішінде әртүрлі тамақ өнімдерібар) сақтайтын орынның жоқтығы айтарлықтай қиындық туғызады.
Экономикалық контрабанда, яғни экономикалық заң бұзушылық бой көрсетіп қалып жүр. Мәселен, былтыр Қазақстан Республикасында Қылмыстық кодекстің 209-бабы 1 тармағымен айыпталуда 5 іс сотқа жолданып, 688 мың теңгеге айыппұл салынды, 55 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардан 240 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет