Жұмыс тақырыбы: “


Контрабандалық қылмыстың объективтік және субъективтік жағы



бет3/9
Дата01.03.2023
өлшемі431,5 Kb.
#70845
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-5845

1.2 Контрабандалық қылмыстың объективтік және субъективтік жағы.



Контрабандалық қылмыстың объективтік жағы — осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған келесі кестедегі белсенді әрекеттермен сипатталады:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, 1997 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысында "Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықтың заңдарын қолдану жөніндегі тәжірибелер туралы" Қаулысында осы мәселеге терең талдау берілген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын түрде өтуге (әртүрлі тәсілдерді қолданып заттарды жасырын өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір затты қосып ізін жасыру т.б.) жатады.
Құжаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалануға кеден органдарына әртүрлі жалған құжаттар немесе теңдестіру құралдарын көрсету, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан өтуге тырысу немесе заңсыз жолмен алынған құжаттар мен тендестіру құралдарын алдап пайдалануға тырысулар жатады.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шеқарасы арқылы алып өту дегеніміз — «тауарларды және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу құбырмен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді. Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көлік кұралдарын алып кіру, онын ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен көлік құрадарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда — кедендік декларация беру».
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда — кедендік декларация беріледі, Сондықтан да, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың, басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыкқанда, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде — кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бакылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру кұжаттарын немесе кұралдарын алдап пайдалану;
4) декларация жасамау;
5) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысының 5 бөлігіне сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші тәсілінде — контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының зандарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 25 бабына сәйкес. Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құнды-лықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілде кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген кұжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай кұралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі, себебі — құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды шикізат пен матералдарды, куат көздерін (мұнай, бензин. мазут), т.б. көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.
Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін кұжаттарды бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің міндетті нышандары болып табылады.
Контрабанда жасаудың. төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді.
Жарлықтың З-бабының 4 бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағының іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың параметрлері кедендік шекара болып табылады.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауарлардың құны бір мың айлық есептік керсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы — тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қалайды. Тауарлар мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам ойластыруы қажет.
Бұл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін себеппен мақсат қалып қойған. Контрабаңда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында ескеріледі.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.Осы баптың 2 бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше рет жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымы адамның жасауы, кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану жатады.
Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан көп рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшін бұрынғы соттылығының алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған контрабандасы үшін адамның кылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет