Жұмыстарды сатып алу жөнінде шарт № АҚ "Алматинские электрические станции", бұдан әрі «Тапсырыс беруші»



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата21.09.2022
өлшемі1,62 Mb.
#39724
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
8. Шартты өзгерту, бұзу тәртібі
8.1. Осы Шартқа өзгертулер және толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Тәртібінде сәйкес енгізіледі.
8.2. Жобаға немесе жасалған Шартқа Мердігерді таңдауға негіздеме болатын өткізілетін (өткізілген) сатып алулардың және/немесе
ұсыныстардың шарттарын өзгерте алатын өзгерістерді Тәртібінің тармағында (тарында) қарастырылмаған басқа негіздемелер бойынша
енгізуге болмайды.
8.3. Тапсырыс беруші келесі жағдайларда Шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартуға құқылы:
8.3.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 404-бабының 2-тармағында көзделген;
8.3.2. Мердігер өз міндеттерін бұзған жағдайда;
8.3.3. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орынсыздығына байланысты;
8.3.3.1. Төтенше жағдайға немесе экономикадағы басқа да жағымсыз құбылыстарға байланысты Тапсырыс берушінің шығыстары
қысқартылған жағдайда;
8.3.3.2. Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органының/қадағалау кеңесінің (алқалық атқарушы органның/басқару органының
байқау кеңесінің/жоғарғы органның (қатысушылардың жалпы жиналысы) болмаған жағдайда) шешімі негізінде өндірістік
қажеттілік болмаған жағдайда. Орындаудан бас тарту. Тапсырыс беруші Орындаушыға оның іс жүзінде шеккен шығындарын
төлеген жағдайда, жұмыстарды орындаудың негізсіз орынсыздығына байланысты сатып алу туралы шартқа жол беріледі.
8.3.3.3. Шарт тараптарының бірі Шарт талаптарында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттемелерді
бұзған жағдайда. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың негізделген орынсыздығына байланысты сатып алу туралы
шартты орындаудан бас тартуға Тапсырыс беруші Өнім берушіге іс жүзінде шеккен шығыстарын төлеген жағдайда жол беріледі.
8.3.4. Мердігер және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушысы) не консорциумға кіретін заңды тұлға Шартты орындау
кезеңінде холдингтің сенімсіз әлеуетті жеткізушілерінің (жеткізушілерінің) тізбесіне және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға сенімсіз
қатысушылардың тізіліміне және (немесе) жалған кәсіпорындардың тізбесіне енгізілген жағдайда.
8.4. Тапсырыс беруші Шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге Шартты болжамды бұзу
күнінен кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын тиісті жазбаша ескертуді жібереді. Ескертуде Шартты бұзудың себебі, жойылатын
шарттық міндеттердің көлемі, сонымен қатар Шартты бұзуға байланысты өз күшіне ену күні көрсетіледі. Шартты жоғарыда аталған
жағдайларда бұзған жағдайда Мердігер бұзу күніне қарай Шартты орындаумен байланысты нақты шығындардың төлемін талап етуге
құқылы.
8.5. Егер «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу бойынша өкілетті органы сатып алуда бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Тапсырыс
беруші шарттан біржақты тәртіпте бас тарта алмайды. Мұндай жағдайда шартты ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес және Шартты
бұзу күніне қарай нақты шығындарды төлеу шартымен Тараптардың өзара келісімі бойынша бұзуға болады.
8.6. Егер Шарт Тапсырыс берушінің кесірінен бұзылса, Мердігер Тапсырыс берушіден Шартты тиісті түрде орындамау нәтижесінде
пайда болған шығындарды және залалдарды, сонымен қатар өсімпұл мен айыппұл сомаларын өтеуді талап етуге құқылы.
8.7. Егер Шарт мердігердің Шарт талаптарын елеулі түрде бұзуы себебінен бұзылса, объектідегі барлық материалдар мен жабдықтар,
сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған жұмыстар Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға
байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның иелігінде болады.
8.8. Осы Шартты бұзу күніне тараптардың қолда бар қаржылық міндеттемелері олар толық көлемде орындалғанға дейін қолданылады.
8.9. Осы Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары олар тиісті түрде ресімделіп, тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған
жағдайда жарамды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет