Жұмыстарды сатып алу жөнінде шарт № АҚ "Алматинские электрические станции", бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


Еңсерілмейтін күш жағдайлары (Форс-мажор)



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата21.09.2022
өлшемі1,62 Mb.
#39724
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
11. Еңсерілмейтін күш жағдайлары (Форс-мажор)
11.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмес күш мән-жайларының
салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін «еңсерілмейтін күш мән-жайы» Тараптардың
бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар,
індет, карантин, эмбарго және басқалар сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
11.2. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған кезде міндеттемелерді орындау мүмкін еместігі туындаған Тарап екінші тарапқа форс-
мажордың болжамды қолданылу мерзімі туралы осындай мән-жайлар басталған кезден бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жазбаша
нысанда (хабарлама) хабарлауға, сондай-ақ осындай мән-жайлардың басталу фактісін растайтын құзыретті орган берген құжаттарды
ұсынуы тиіс.
12. Дауларды шешу тәртібі
12.1. Осы Шартқа қатысты Тараптар арасында пайда болуы мүмкін барлық даулар және келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.
12.2. Егер осындай келіссөздер нәтижесінде Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешуді талап ете алады. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелер
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
12.3. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларымен реттеледі.
12.4. Тараптар осы Шартқа қол қоя отырып, осы Шарт шеңберіндегі кез келген даулар Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша
сотта ғана шешілетініне келісті.
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
13.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар және олардың қызметкерлері қандай да бір заңсыз
артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың іс-әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету
үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлеуді төлемейді,
ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді.
13.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар және олардың қызметкерлері осы Шарттың мақсаттары үшін
қолданылатын заңнамада пара беру/алу, коммерциялық параға сатып алу ретінде сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ қолданыстағы
заңнаманың және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы халықаралық актілердің
талаптарын бұзатын іс-әрекеттерді жүзеге асырмайды.
13.3. Осы Шарт тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың қызметкерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды,
сыйлықтарды беру, олардың атына жұмыстарды (қызметтерді) өтеусіз орындау жолымен және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке
қоятын және осы қызметкердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да тәсілдермен ынталандырудан бас тартады.
13.4. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлардың бұзылғаны немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған
жағдайда, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндеттенеді.
13.5. Жазбаша хабарламада Тарап контрагенттің, оның қызметкерлерінің пара беру немесе алу, коммерциялық параға сатып алу сияқты
қолданыстағы заңнамада сараланатын әрекеттерінен, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді
Құжат «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ электронды порталымен қүрылған
Документ сформирован порталом электронных закупок АО «ФНБ «Самрук-Казына»
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года N370-II «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе


заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттерінен көрінетін осы шарттардың қандай да бір
ережелерінің бұзылғанын немесе орын алуы мүмкін екенін анық растайтын немесе болжауға негіз болатын фактілерге сілтеме жасауға
немесе материалдарды ұсынуға міндетті.
13.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін мойындайды және олардың
сақталуын бақылайды. Бұл ретте тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылуы мүмкін контрагенттермен Іскерлік қатынастар
тәуекелін барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-
біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тараптарды тарту тәуекелдерін болдырмау мақсатында
тексерулер жүргізу жөніндегі рәсімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
13.7. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне Тараптарды тарту тәуекелдерін болдырмау мақсатында комплаенс тексерулер жүргізу
жөніндегі рәсімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет