Жұмыстың мақсаты. Орталық Стадионның автоматтандырылған жүйелер кешенін әзірлеп, басқарудың кез келген деңгейіне енгізу. Мүмкін клиент пен Алматы қаласының Орталық Стадионының әкімшілік органының арасында онлайн-интерфейс арқылы байланыс орнатып стадионды басқару. Автоматтандырылған жүйелер кешенін әзірлеуде алдымызға қойылған нақты мақсаттар:
Стадионға билеттерді сату / брондау және төлем жасау үшін онлайн-жүйені жасау.
Клиенттің талаптарын қанағаттандыратын (су, тамақты стадион ішінде жеткізу ) және тағы сол сияқты жүйені жасау.
Стадионның басқару органының талаптарын қамтамасыз ететін, түрлі есептер құру, ақпараттарды өңдеу мүмкіндіктерін беретін жүйені жасау.
Орталық Стадион көрермендерінің қауіпсіздігі үшін жағдайларды жасау, мысалы, қауіпсіздік қызметін немесе медициналық қызметкерлерді чат-бот арқылы шақыру.
Есептің қойылымы.Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі зерттеу міндеттері қойылды:
пәндік аймаққа қатысты арнайы және оқу әдебиеттерін талдау;
автоматтандыру жүйелерін құру мәселесін шешуде қолданылатын заманауи тәсілдер мен әдістерге талдау жасау;
Орталық Стадионның жұмыс жасау ерекшеліктерімен танысу;
Орталық Стадионның автоматтандырылған жүйесін әзірлеуде қолданылатын технологиялары таңдау;
Орталық стадионды басқарудың автоматтандырылған жүйелер кешенін жасау.
Зерттеу объектісі.Алматы қаласының Орталық Стадионы және оны басқарудың автоматтандырылған жүйелері.
Дипломдық жұмыстың нәтижелері келесілерден тұрады:
– онлайн билет сату;
– стадионды басқаруды автоматтандыру жүйелері; ;
– стадион жұмысы туралы турлы отчеттар алу;
– онлайн доставка еды и сушняка в територии стадиона;
Жұмыcтың тәжipибелiк мaғынacы. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі ретінде Алматы қаласының Орталық Стадионына автоматтандырылған жүйелерді енгізу арқылы оның клиенттерге қызмет көрсету және стадион әкімшілігінің жұмысын жеңілдету мүмкіндігі бар екенін көрсету. Бұл дипломдық жұмыста келесідей сұрақтар қарастырылған:
Орталық Стадионды автоматтандыру ерекшеліктері мен құрал-жабдықтары, олардың жұмыс істеу жолдары;
Автоматтандырылған жүйелерді орталық стадионға енгізу және оның экономикалық тиімділігін зерттеу;
Қолданушыларға барынша түсінікті және жылдам жұмыс жасайтын жүйе дайындау.
Қолдану аясы: Бұл жүйенің қолданушылары негізінен Орталық Стадионда өтетін кез келген іс-шараға билетті үйінен шықпай, жылдам әрі қауіпсіз сатып алу мақсатында желіден ақпарат ізденген адамдарға пайдалы болып келеді.