Алматы қаласының Орталық стадионы - дәстүрлі түрде қаланың ең маңызды және қызықты спорттық іс-шаралары өтетін басты арена. Он гектардан аса жерді алып жатқан Алматы қаласының Орталық стадионы Қазақстанда Республикасында аса сирек кездесетін бірегей спорттық ғимарат. Архитекторлар: А. Капанов пен А. Косов. Құрылыстың басталып салыну кезі 1955- 1967 жылдар. 30мың орындық мінбер мен үлкен спорттық алаң –бірінші кезекте салынса, жеңілатлетика жолдары мен бөлімдері 1958 жылдың тамыз айында қолданысқа берілді.
Орталық стадионда жүгіру алаңдары, футбол алаңдары және спорт секциялары бар Үлкен және Кіші Арена бар. Сондай-ақ бокс, семсерлесу және күрес залдары бар. Стадион - гимнастика, альпинизм, дзюдо, форма және олимпиадалық дайындық орталығы. Стадион өзінің бүкіл өмір сүру кезеңінде көптеген халықаралық және республикалық маңызы бар жарыстарға қатысып, түрлі спорт түрлерінде рекорд орнатты. Бұл күрес, бокс, жеңіл атлетика және үлкен футбол шеберлерінің шеберлігі және Алматы спортының дамуында маңызды рөл атқарады.
Алматыдағы футбол да қарқынды дамуда, осыған байланысты стадионды УЕФА ережелеріне сәйкес өзгерту жұмыстары басталды. Ойыншыларға, төрешілер мен делегаттарға арналған бірқатар мүмкіндіктер жетілдірілді. Медиа алаңы мен допинг сынақ бөлмесі орнатылды. Жоғарыда аталған барлық өзгертулер мен УЕФА-ның төртінші санаты халықаралық деңгейдегі матчтарды және Еуропа лигасының топтық кезеңдерін өткізіп қана қоймай, стадион мен қаланың имиджін жақсартуға мүмкіндік береді.
Стадионның құрамында әкімшілік бөлім (менеджерлер), инженерлар бөлімі (технолог және жұмысшылар), шаруашылық және қаржы-экономикалық (бухгалтер, заңгер және маркетологтар). Инженерлер бөлімі техникалық қамтамасыз етумен және жобалармен айналысады және стадионның диспетчерлік бөлімінің жұмысына тікелей жауап береді және жұмысшыларға басшылық жасайды. Сондай-ақ инженерлер стадионда атқарылатын жұмыстар негізінде керек болатын материалдардың тізімін бухгалтерге өткізеді. Бухгалтер мен менеджерден тұратын әкімшілік бөлімі бұйрықты қабылдаумен және тіркеумен, сонымен бірге түрлі есеп айырысумен айналысады. Онымен қоса, бухгалтердің міндетіне барлық бөлімшелердің жалақы және сыйақы дұрыс мөлшерде берілуін қамтамасыз етеді. Тендерден келген тауарлардың сапасын тексеріп, қабылдап алады. Маркетинг бөлімі өтілетін спорттық оқиғаның ұйымдастырылуы, оның жарнамалануы , билеттердің сатылуы мен Орталық Стадионның нарықтағы орнын ұлғайту, сату көлемін көбейту арқылы кіретін табысты арттыру.