Жұмыстың өзектілігі



бет1/15
Дата22.10.2022
өлшемі2,93 Mb.
#44849
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Диплом Керимбай Еркегали


МАЗМҰНЫ

Заманауи электронды есептеу құрылғыларының пайда болуы адам қызметінің көптеген салаларында деректерді өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Автоматтандырылған жүйелер қазіргі электронды әлемдегі кез келген бизнестің табыстылығының кілті болып табылады. Барлық ұйымдар автоматтандырылған жүйелердің маңыздылығын түсініп жатыр және кез келген ұйым жаңа технологиялардың мүмкіндігін барынша қолдануға тырысады. Бүгінгі таңда деректерді өңдеудің заманауи жүйелерінсіз қазіргі өндіріс технологияларын, оның барлық деңгейлеріндегі экономикалық менеджментті, ғылыми зерттеулерді, білім беруді, баспа ісін, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуін және ірі спорт түрлерін өткізуді елестету қиын. Егер автоматтандырылған жүйелер дұрыс стратегиялық бағытта жұмыс жасаса, ұйымның өзгелерге қарағанда көптеген артықшылықтары пайда болады. Тиісті бөлімге қатысты ақпарат автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы оңай қол жетімді әрі өңдеуге бейім болып келеді. Ақпаратты еш кідіріссіз алады, сондықтан бөлімнің өнімділігі артуына себепші болады. Ақпарат ұйым ішіндегі бөлім мен олардың тұтынушылары арасында оңай алмасады. Дербес компьютерлердің пайда болуы деректерді өңдеу жүйелерінің қолдану ауқымын едәуір кеңейткеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл дипломдық жұмыста Ақпараттық-коммуникациялық технологияның бізге беріп жатқан мүмкіндіктерін пайдаланып Алматы қаласының Орталық Стадионынының автоматтандырылған жүйелерін әзірлейміз.


Жұмыстың өзектілігі. Жаңа замандағы күнделікті міндеттерді жеңілдету және автоматтандыру үрдісін Орталық Стадионға жаңалық етіп енгізуімен негізделеді. Жаңашылдық (Инновация) - кез келген ұйымның бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуға ықпал ететін негізгі тармақтардың бірі. Ірі ғимараттардың қызметі енді АКТ-технологияларды қолданусыз ойластырылмайды және Автоматтандыру жүйелері ұйымдар үшін үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты стадионның жұмысының барлығын болмасада, көлемді бір бөлімін автоматтандыру жүйелерін қолдана отырып жүзеге асыруға болатынына көзімді жеткізіп, сол Автоматтандырылған Ақпараттық жүйелердің кешенін жасап шығуға кірістім. Бұл дипломдық жұмыста құрылған автоматтандырылған жүйелерді 2 – ге бөліп қараса болады. Олар : клиенттің талаптарын орындауға арналған ақпараттық жүйелер және Орталық Стадион әкімшілігінің жұмысын автоматтандыруға арналған жүйелер.
Орталық Стадионды басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) рөлі көрермендерге стадион әкімшілерімен өздерінің құрылғыларымен интернет арқылы байланыс орнатуды жеңілдететіндей етіп жасалған. Біздің жасайтын автоматтандырылған жүйеміз адамдарды, тауарлар мен қызметтерді байланыстыратын және көрермендер стадионда көре алатын контент пен қызметтерді ұсынатын жүйелер кешені болып табылады. Сонымен қатар, командаларға, ойыншыларға және ойындарға қызығушылық тудыратын жаңартулар жасалады, бұл жергілікті қауымдастықтармен тығыз байланысы бар спорт индустриясының дамуына жаңа жанкүйерлерді тартады және командалардың ойынын тірі стадионда көруге шақырады және осылайша тұрақты көрермендер санын арттырады. Біздің автоматтандырылған жүйенің арқасында стадион менеджерлеріне де көбірек кіріс түседі. Біздің АЖ-міз тек клиенттердің ғана емес Орталық Стадионның әкімшілігінің де жұмысын автоматтандыру жүйелерін қолдана отырып жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласының Орталық Стадионынының билет сату және маркетинг жүйесі қазіргі таңда бұрыннан қалыптасып қалған түрде жұмыс жасайды, яғни, стадионда матчтар ойнатылардан алдын жиі қалада флайерлер мен банерлерді жабыстырушы промоутерлердің, түрлі жарнамалық топтардың көмегіне жүгінеді. Матчқа бірнеше күн қалғанда қаладағы стратегиялық аудандарда матчты жарнамалайды, сондай-ақ радио мен теледидар жарнамаларын қолданады. Одан кейін билеттер Ticketon кеңселеріне, кішкентай киосктарға, немесе арнайы билет сататын дистрибьюторларға жіберіледі. Сырттай дистрьюбюторлардың көмегіне жүгіне отырып қана өз билеттерін клиенттерге өткізе алады. Сатылмаған билеттер қайтарылып, оны шығаруға кеткен ақшаны ысырап етеді. Одан қалса сатылған билеттердің бағасының процентін дистрьюбюторлармен бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет