Төртінші көрініс
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Тағы да біреуді қайтпас
са парға аттандырды. Енді менің кезегім келген шығар.
К о м п о з и т о р (оның сөзін тыңдамай, әлде кім-
мен сөйлескендей). Мені мұнда қашан әкелді, қашан? Ох,
әбден қинады-ау жыландар. О-ох, не деген қорлық, айуан-
дар, инквизиторлар.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (өзіне-өзі). Сорлы елдің
сор маңдай композиторы. Сеніңде қолыңды матап тастады!
Мен саған сенбедім, сен маған, не деген сұмдық! (Темір
құлып сылдыр етеді. Сырттан надзиратель кіреді де,
тостағандарды алып, есікке беттейді.)
К о м п о з и т о р (баяу ғана). О, меңіреу, мылқау.
Ау зын буған өгіздей пыс-пыс етіп қыбырлап жүріп, үнсіз
күзеткені үшін бұл да ақы алады. Ит тірлік. Біреуді біреу-
ге бақтырып қойған заман. Және кімге кімді бақтырады?
Малға адамды. Оһ есек! (Есірік күлкі.) Жо-жоқ, есек
емессің. Есек сенен артық. Ол күн шыға жұртқа: «Қайырлы
таң» деп жар салса, күн батқанда: «Қайырлы түн! Жақсы
жатып, жай тұрыңдар» деп, жақсылық тілейді. Сенде ол
да жоқ. Сен нағыз галера құлысың, басыбайлы құлсың,
меңіреу!
Надзиратель бәрін желкесімен тыңдағандай сәл бө-
геліп барып, қайырылмаған күйі аяғын кібіртіктей ба сып
шыға ды. Құлып салдыры.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (өзімен-өзі). Бұдан он жыл
бұ рын осы камерада отырып ем. Бұл бейбақ сонда над-
зиратель еді. Аузының жігін ашып көрген емес. Мылқау
22
боп қалған сорлы ғой. Қалай қартайған, мүлдем қаусаған
екен.
К о м п о з и т о р (белгісіз тұтқынға). Әй, сен әлі
жүрмісің мұнда? Екінші күн дегенде зорға тілге келдің.
Қажыған жоқсың ба, космос ғасырында полиция ақпарат
алудың жаңа әдісін таба алмаған екен.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (зілсіз күледі). Бір нәрсе сұ-
райын, айтасың ба, достым?
К о м п о з и т о р . Досты-ы-м?!
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н. Осы сен партияға қашан кірдің?
К о м п о з и т о р (ашуланып). Онда шаруаң қанша?
Жауап алғың келді ме?
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жарайды, жарайды, айтпай-
ақ қой.
К о м п о з и т о р . Өзім де құштар едім айтуға.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Тегі, таяуда кірген боларсың.
Тым сезімталсың, қызбасың, қаның ыстық. Рас, еркіндік
жолында аянарың жоқ. Бірақ түрмеде отырып та нағыз
коммунистерше күресе білмейсің, еһ, композитор...
К о м п о з и т о р . Оған қиналмай-ақ қой.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Сенің жасында менен де жа-
уап алып қинағанда қорқыңқыраушы едім. Атуға бұйырып,
ертең өлесің дегенді естігенде, бір түннің ішінде шашым
ағарып кеткен. Бірақ о жолы мені өлтірген жоқ.
К о м п о з и т о р . Иә, әлі жер басып жүрген көрінесің.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Содан үш күн ұдайымен әу-
ре леніп, қабырғаға еңсе көтерерлік сөздер жазып, үнемі
соған қарайтын болдым. Әне көрдің бе? (Қабырғаны
нұсқайды.) «Не еркіндік, не өлім, басқа жол жоқ!» Содан
бері қаншама түрме, қаншама камера ауыспады!
23
К о м п о з и т о р . Үйден тас тесетін қарындаш алып
шыққаның жақсы болған екен. Әлде полицияда альфомит-
тер дайындап берді ме?
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (етігін шешіп алып, та-
банын сөгіп жібереді де, ырсиған шегелерді көрсетеді).
Міне, табанымның астында қаншама түрме қарындаштары
жатыр. Иә, үңірейген мылтық аузында тұрып та күресе білу
керек.
К о м п о з и т о р . Шырқа, шырқа, бұлбұлым! Мүмкін,
келесі жолы жұмсарармын. Сенен қалай күресу жолын
үйренермін. Ал әзірше жеке қалып демалайын, үйіңе бар,
балаларың сарғайып күтіп отырған шығар, жылы төсек те
салулы болар.
Құлып сылдырлайды, ішке надзиратель мен Капеллан
кіреді. Белгісіз тұтқынға келіп, крест ұсынады.
К а п е л л а н . Балам, жайлы дүниеге аттанар алдын-
да құдайыңа құлшылық ет, шоқын.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Патер, Капеллан, мен като-
лик емеспін.
К а п е л л а н . Протестантпысың, саған пастор керек
пе?
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н. Жоқ, жоқ. Протестант емес пін.
К а п е л л а н . Мұсылманбысың онда? Бәрібір, балам,
құдайға құлшылық ет. Адам баласының бәріне тәңірі ортақ.
Бәрі де соның алдында жан тапсырады.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жоқ, мен коммуниспін. Мен
дінге, құдайға емес, адамға сенемін. Ал адамға ғұмыр бойы
табынып келемін, енді сенің көмегіңсіз-ақ мәңгі-бақи көз
жұма аламын.
24
Надзиратель тұтқынның қолына бұғау салады
да иегі мен «жүр» деген белгі береді. Белгісіз тұт қын
бұғауын салдырлата композиторға жүгіріп келеді.
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Бауырым, інім, берік бол!
Бар адал жан қапаста өле беруге тиіс емес. Сенің үнің түрме
ішінен сыртқа шықсын, алысқа жетсін, сол үшін күресе біл.
Кел, сен арқылы соңғы рет, соңғы рет, балаларымды, күрес
жолындағы достарымды сүйейін. (Сүйеді.) Қош бол, ба-
уырым, қош бол, достарым. (Белгісіз тұтқынды Капел-
лан, надзиратель алып шығып кетеді.)
К о м п о з и т о р (соңынан айғайлап). Ертең сенің
ерлік өлімің жайлы реквием жазармын. Өзіңше мені сен-
ді деп ойлайсың ғой. Білем сендердің әдістеріңді. Бәрібір
сенбеймін сендерге, бәріңе. (Қолын жаяды.) Өз қолыма,
саусағыма да сенбеймін. Бұлар да бүрісіп қатып қалды.
(Кідіріс. Аздан соң.) Әлгі осы не туралы айтты? Мундир
киген жандарм кім? Онымен не айтпақшы болды? Иә, иә,
анада мені полиция киімін киіндіріп суретке түсірді. Неге?
Мұнда арандатудың жаңа бір түрі бар. Жаңа амал... Жо-
жоқ, түсінбеймін. (Барабан үні естіледі.)
К о м п о з и т о р (орнынан атып тұрады). Шы-
нымен оны өлім жазасына бұйырғаны ма? Шынымен?
Түсінбеймін.
Барабан үні өшеді.
Енді менің кезегім! (басын қос қолдап ұстап) Реквием!
Менің соңғы реквиемім!
Музыка. Артқы көріністе үнсіз мелшиген, меңіреу тас
түрменің сұлбасы.
25
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Қайғылы музыка – Моцарттың реквиемі. Бір кезде
реквием күрт өзгеріп, неше түрлі битлз пластинкалары
ойнайды. Ағылған машиналардың сигналдары, ың-шың.
Газет сатушы балалар жүгіріп шығады...
1-б а л а. Сенсация, сенсация. Газет алыңыздар.
Американың «Юнайтед стейц пьюс энд уорлд рипорт»,
Францияның «Фигаро», Англияның «Таймс», Гер-
манияның «Штерн», Жапонияның «Никон Кэйдзей» га-
зеттері.
2-б а л а. Буэнос-Айрестен жаңа хабар: Аргентинаның
әскери үкіметі демократиялық еркіндік үшін демонстрация-
ға қатысып, наразылық білдіргендерді шетінен ұстап, жап-
пай қамауға алып жатыр.
3-б а л а. Қамауға алынғандарды түрме адамдары
қатаң тәртіппен ұстайды. Өкіметтің заңсыз әрекеттеріне
қарсылық ретінде тұтқындар аштық жариялауда. Олардың
денсаулығына қатер төнді.
4-б а л а. «Грецияда халықтың өз ойын айтуға, дауыс бе-
руге, өлең айтуға еркіндігі жоқ».
1-б а л а. «Жазушыға, композиторға, суретшіге, әртістерге
террор қолданғанда, заң, сот, тергеу дегеніңіз далада қалады.
Егер оны түрмеге қамаса, ұзақ жылдар бойы ол ешқандай
адвокатты да, достарын да, жолдастарын да көре алмайды.
Бұдан құтылудың бір-ақ амалы бар, ол – өз елінен қашу».
1–2–3–б а л а (қосарлана). Сенсация, сенсация. Жаңа
газеттер алыңыздар, сатып алыңыздар...
26
Бірінші көрініс
Музыка: «Эпитафия».
Кетіп ең гүл көктемде, ұлым менің,
Артыңда қалды анаң, дүйім елің.
Үніңнен естілуші ед армандаған,
Келер күн, болашаққа ұлы сенім...
Жоқтау аяғы барабан үніне (дробь) ұласады. Каме-
ра. Камерада тұтқын композитор. Барабан үнімен бірге
ілес кендей, тас қабырғаға шегемен белгі салып жатыр. Екі
жақ қабырға белгілерге толған. Барабан үні тоқтайды.
К о м п о з и т о р . Тағы да өлім. Тағы да бір адамды
құрбандыққа шалды. Бес жүзінші адам...
Қабырғадағы белгілерге қарап тұрып санайды да, екі
қолын жайып қабырғаға сүйенгенде, рояль клавиша-
сын басқандай болады (музыка). Қабырғадағы оттай
қызыл сәуле түскенде белгілерді анық көреміз, музыка
но та сы жазылған. Композитор осы қабырғаны алма-
кезек ұрғылайды. Тас қабырға «Еркіндік, не өлім» әнін
шырқайды. Әлден уақытта барып, бесінші тәулік бойы
аштық жариялаған әлсіз композитор талықсып барып
құлайды. Терезеден сыртта жауған көктем жаңбырының
тырсылы ғана естіледі.
К о м п о з и т о р (әлсіз). Жаңбыр. Көктем жауы-
ны. Бұл – төртінші көктем. Төртінші көктемді достарым-
сыз, үйімнен, балаларымнан жырақ жеке камерада жалғыз
қар сы аламын. Үш жыл бойы мың сексен күн, мың сексен
түн суық өлім лебін күтудемін. Ол келмей тұр, ал тіршілік-
тен саңылау да көрінбейді. Осы күнге дейін, үш жыл бойы
27
қаншама ажал үнін естідім, қаншама адам о дүниеге аттан-
ды. Мен әлі тірімін. Өмір мен өлімнің арасы қандай жақын,
іргелес еді!
Құлып сылдырлайды.
Надзиратель кіреді. Қолында тостаған. Нардың
қасына апарып қояды да, бұрыла береді. Композитор
иығына жармасады.
К о м п о з и т о р . Әй, саңырау, бері қара. Сен тамақ
әкелме, (ымдап) түсінемісің, әкелме. Мен аштық жария-
ладым. Оны білесің бе, басқа камерадағылар біледі. Бәрі
біледі. Ал сен ше, о миғұла, тіл болмаса да, естір құлақ бол-
сашы. Бар, бар.
Надзиратель кете береді.
Бұл екеуміздің бір-бірімізге үйреніскенімізге үш жыл
болды. Бір тіл қатпай өмір сүру адам үшін не деген азап.
Тым құрмаса қатал да болса, тағдырымды тілі бар адамның
да қолына бермеді... Басым айнала бастады. Бесінші түн
нәр татпағалы. Шыдай алам ба. Көзім қарауытып барады...
(Қабырғаға қарайды.) Жо-жоқ, шыдауым керек. Ана
қабырға мен өлсем де ән салып тұратын болады: «Еркіндік,
не өлім!» Қалай еді? Хикмет Назымның өлеңі... Иә, иә...
\.
Бауырларым,
Бәрін айтып кетер ем,
Әттең сөзімді зорға құраймын
Белгілі ғой себебі.
Көз қарауытып, бас айналып барады,
Бесінші күн
Ауыр екен аштық зардабы...
28
Бауырларым...
Тас қамауда жендеттер күнде дүрелеп,
Азапқа қанша салса да,
Бәрібір мен өлмеймін.
Біргемін сендермен,
Жұртпен бірге
Көппен бірге өмір сүремін.
Менің – қуатым сонда.
Менің – қуанышым сонда.
Менің – бақытым сонда, достарым!..
Музыка
Екінші көрініс
Түрме бастығының кабинеті. Терезе айқара ашылған.
Даладан жауын сыбдыры естіледі. Начальник үлкен үс-
телде қабағын шытып, тістеніп, бір газеттен соң бір
газетті алып оқиды. Біресе орнынан тұрып, бөлме ішін-
де торға қамалған аңдай ерсілі-қарсылы жүреді. Бір кез-
де полиция жандармының киімін киген көмекшісі келе ді:
көмекші композитордан айнымайды.
К ө м е к ш і . Сіз шақырдыңыз ба мені?
Н а ч а л ь н и к (бұрылмастан). Иә! Отыр. Бүгін
аш тық жариялағанына бесінші тәулік, дым сызған жоқ.
(Бөлмені үнсіз кезіп жүр. Өте ашулы.)
К ө м е к ш і. Иә тақсыр, начальник!
Н а ч а л ь н и к . Және бесінші күн газеттерде тыным
жоқ. Оның босатылуын талап еткен шетелдік еңбекшілер-
дің, жұ мысшылардың демонстрациясын, митингіде сөйле-
29
ген сөздерін басумен әлек. Әсіресе жанталасып жатқан
әлгі... орыстар!
К ө м е к ш і. Иә, бәрін оқыдым, тақсыр...
Н а ч а л ь н и к . Оқыдым, оқыдым. Сенің оқығаның-
нан не пайда!
Көмекші үнсіз. Әрі қарай не айтатынын сабырмен
кү тіп отыр. Начальник бөлменің ортасына келіп кілт
тоқтайды.
Н а ч а л ь н и к . Сені шақырған себебім...
К ө м е к ш і. Құлағым сізде, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к . Композитордың халі өте нашар.
Бірақ ол аштықтан емес, аурудан, (нығарлап) түсіндің бе,
сырқат!
К ө м е к ш і. Түсінікті.
Н а ч а л ь н и к . Сондықтан да оны тез арада ауру-
ханаға жеткізу керек.
К ө м е к ш і (шошынып). Ауруханаға?
Н а ч а л ь н и к (оның шошығанын аңғарып). Не-
мене, оны курортқа жіберу керек пе?!
К ө м е к ш і (ыңғайсыздана күліп). Оның реті келмес.
Н а ч а л ь н и к . Солай де. Ендеше, оны біз бүгін
апа руға тиіспіз. Бұл – полковниктің бұйрығы.
К ө м е к ш і. Полковниктің?!
Н а ч а л ь н и к (көмекшісіне сезіктене қарай ды да,
бірақ оның таңырқағанына мән бермеген сиді). Сонан соң,
оның бүгін түнде ауруханаға түскенін, халінің қандай екенін
ешкім білмеуі керек.
К ө м е к ш і. Оның халінің қандай екенінің кімге қажеті
бар?
30
Н а ч а л ь н и к. Ол құпия.
К ө м е к ш і. Диагнозы қандай?
Н а ч а л ь н и к . Жүректен болған талма!
К ө м е к ш і. Рецепт?
Н а ч а л ь н и к . Кенеттен келген ажал.
К ө м е к ш і (үрейленіп). Тым қатал емес пе?
Н а ч а л ь н и к . Жаныңыз аши ма?
К ө м е к ш і. Жо-жоқ... Әйткенмен, осы бір амалды
қайта-қайта қолдана беруіміз қалай болар екен...
Н а ч а л ь н и к . Бұл – нағыз дұрыс жол. Сіз нені ұсы-
насыз?
К ө м е к ш і (иығын қозғап). Ештеңе де... Егер адам-
ды өлтіру керек болса, оған бір амал қолданды не, жүз амал
қолданды не?
Н а ч а л ь н и к . Онда бұл амалды саған тапсырамын.
К ө м е к ш і . Маған ба?
Н а ч а л ь н и к . Тек қана саған! Бұл полиция комис-
сарының тапсырмасы.
К ө м е к ш і (ыңғайсызданып). Тақсыр начальник,
осы жолы менің орнымды ауыстырсаңыз, өтінемін!
Н а ч а л ь н и к . Себеп?!
К ө м е к ш і. Бүгін баламның туған күні, кешке соны
тойлайтын едік.
Н а ч а л ь н и к . Оған да үлгересің.
К ө м е к ш і. Қолымды қандап келіп, қалай өткізбек-
пін...
Н а ч а л ь н и к (күліп). Қашан ол таза болып еді.
К ө м е к ш і . Кімнің қолының тазарақ екенін салыс-
тырғым келмейді.
Н а ч а л ь н и к . Жетті енді! Соңғы кезде сенің кейбір
31
сөздерің ұнамай барады. Қазір тек қана сенің жүзің ұнап
отыр.
К ө м е к ш і. Ғафу етіңіз, түсінбедім.
Н а ч а л ь н и к . Оның саған өте ұқсас екенін байқа-
мадың ба?
К ө м е к ш і. Маған ба? (Күледі.) Сіз де кіммен салыс-
тыруды табады-ақ екенсіз, ғафу етіңіз, тақсыр началь ник.
Н а ч а л ь н и к (үстел тартпасынан тұтқын
ком по зитор суретін шығарады). Қарашы мынаған, екеуің
тұп-тура егіз сияқты емессіңдер ме?
К ө м е к ш і (селт етіп) Мен еш ұқсастық таба алмай
отырмын... Аздап... Көзінің қиығы ма, қалай? Маңдайы...
Н а ч а л ь н и к . Тағы да үңіле түс.
К ө м е к ш і (суретті ысырып тастайды). Жоқ, тақсыр
начальник. Қайдағы бір...
Н а ч а л ь н и к . Мүмкін ол мына тұтқын киімінде
ұсқыны келмей тұрған шығар! (Жандарм мундирін ки-
ген екінші суретті көрсетеді.) Міне, сіздің суре тіңіз,
қараңызшы, салыстырыңыз.
К ө м е к ш і . Менің суретім қайдан жүр? Жо-жоқ, тү-
сін беймін, мұнымен не айтқыңыз келеді, тақсыр началь-
ник?
Н а ч а л ь н и к (қарқылдап күледі). Бұл мүлдем сіздің
суретіңіз емес. Екеуі де тұтқын композитордікі.
К ө м е к ш і (қабағын шытып). Осындай орынсыз
қалжың не керек, тақсыр...
Н а ч а л ь н и к (қабағын түйіп). Бұл қалжың емес,
балақай, бұл жай ұқсастық емес, қан ұқсастығы.
К ө м е к ш і. Сіз не сонда? Маған қайдағы бір опасызды
туысқан еткіңіз келе ме?!
32
Н а ч а л ь н и к . Жоқ, әзірше білгім келеді. Ол шы-
нында да сіздің туысқаныңыз ба?
К ө м е к ш і . Бұл не? Тағы да емтихан ба?
Н а ч а л ь н и к . Жоқ, жауап алу!
К ө м е к ш і. Онымен ешқандай қатысым жоқ, түк те
білмеймін.
Н а ч а л ь н и к . Ойланыңыз. (Көмекші басын шай-
қай ды.) Онда кел, екеуміз бірге, сенің өмір тарихыңды еске
алып көрейік.
К ө м е к ш і. Еске алатын несі бар. Мен ірі жер иесі-
нің баласы екенім белгілі. Әйелім де ақсүйек отбасынан
шыққан.
Н а ч а л ь н и к . Иә, қымбаттым, сенің әкеңді бәрі де
құр меттейді, мен де құрметтеймін. Сондықтан да ол поли-
ция мектебін бітіргеннен кейін сені менің қолыма сеніп бер-
ген. Тағдырың да менің қолымда.
К ө м е к ш і . Олай болса, әлгі сөздердің қажеті қандай?
Өмір тарихымды өзіңіз де жақсы білесіз.
Н а ч а л ь н и к . Жоқ, балақай, маған екі сәбидің де бұ-
рынғы өмірі белгілі: бұдан отыз екі жыл бұрын әйелдер бо-
санатын үйде бір жесір әйел екі бала тапқан болатын. Бірақ
ол екі күннен соң қайтыс болды. Содан балалардың біреуін
ірі фермер бала қылып алған. Ол – сенің бүгінгі өгей әкең,
сенің қамқоршың – патроның...
К ө м е к ш і. Сіз не айтып отырсыз? Менің тұқымымды
қаралағаныңыз үшін мен наразылық білдіремін.
Н а ч а л ь н и к (мысқылдай күліп). Асықпа, балақай,
жоғары жерге шағым беруге уақыт бар әлі, алдымен
тыңдап ал, мүмкін шағым етуден бас тартарсың. Содан
егіздің екіншісін баласы көп бір шаруа алған болатын. Ол
33
асыранды бала – бүгінгі үкіметтің жауы – «жаужүрек»
композитор, сенің туысқаның...
К ө м е к ш і (баж етіп). Қалай аузыңыз барады!
Н а ч а л ь н и к (ащы мысқылмен). Иә, иә, сенің туған
бауырың...
К ө м е к ш і.
Жоқ, жоқ.
(Кабураға)
Н а ч а л ь н и к . Отыр, шошаңдамай!
К ө м е к ш і (басы салбырап отырады). Мүмкін емес,
мүмкін емес...
Н а ч а л ь н и к . Қалайша сен осы күнге дейін бұл жә-
нінде
естімегенсің.
К ө м е к ш і . Естігім де, білгім де келмейді.
Н а ч а л ь н и к (суырмадан хат алады). Тағы да өті-
рік айтып отырсың. Міне, сенің әкеңе жазған хатың.
К ө м е к ш і. Ол қайдан түскен сізге?
Н а ч а л ь н и к . Сен бұл хатта әкеңнен өзіңнің асы-
ранды бала екендігіңді рас па деп сұрапсың. «Бірақ бәрібір
мен тек қана сіздің балаңызбын» деп бітірген екенсің.
К ө м е к ш і (өзіне-өзі). Бәрін кейін білгеннен соң
менің одан басқа амалым қанша.
Н а ч а л ь н и к . Сонымен сіз мойындайсыз ғой?
К ө м е к ш і. Менің мойындауымның тап қазір сізге де,
маған да еш пайдасы жоқ. Өйткені менің міндетім баяғыда
белгіленген.
Н а ч а л ь н и к . Ол қандай міндет?
К ө м е к ш і. Қолға түскен адамдарды дүрелеу, ату, асу
міндеті. Оған менің қолым да үйренген, дірілдемейді.
Н а ч а л ь н и к . Егер қолыңыз түгілі жүрегіңіз сәл діріл-
десе, сіздің өзіңіз әлгі туысқаныңызбен қатар отырған бо лар
едіңіз. Сіздің өмір тарихыңыздың өзі соған дәл келіп тұр.
34
К ө м е к ш і . Иә, оны жақсы білемін. Сондықтан да,
тақ сыр начальник, бір-бірімізді үркітудің зияннан басқа
пайдасы жоқ. Біздің ішкі тәртібімізбен – улау арқылы,
дәрігерлік укол, дүре соғу жолымен қаншама мезгілсіз
өлімдер болып жатыр. Бір кезде осыларға жауап беретін кез
келсе...
Н а ч а л ь н и к (көмекшісіне төніп). Оның бәрі
сіздің қолыңызбен істелген, көмекшім.
К ө м е к ш і (ол да начальникке төніп). Оның бәрі
сіздің бұйрығыңызбен істелген, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к (аз ойланып күлімсірейді). Балақай,
сені қорқытудан аулақпын.
К ө м е к ш і. Бір шынжырмен қосақталған адамдар, бі-
рін-бірі қалай қорқытпақ.
Екеуі де біраз уақытқа дейін үнсіз отырады да, бір ке-
зде қарқылдап күледі.
Н а ч а л ь н и к ( қалтасынан орамалын алып, көзін
сүртеді). Ал енді балақай, былай...
К ө м е к ш і. Құлағым сізде, тақсыр начальник!
Н а ч а л ь н и к (сағатына қарап). Қазір осында әл гі
шал надзиратель келеді... (Осы кезде надзиратель кіреді.)
Ә, міне, өзі де келді.
Н а д з и р а т е л ь (үні баяу шығып). Құзырыңызға
құлдық, тақсыр начальник!
Н а ч а л ь н и к . А-а, қымбатты қартымыз, енді сен
құрметті адамсың. Төрлет. Төрлет, ертеңнен бастап пен-
сияға шығасың, еңбегің сіңді, еңбегің. (Сейфке келіп, іші-
нен бір шөлмек виски, үш рөмке алады.) Шал, ертең сенің
туған күнің ғой?
35
Н а д з и р а т е л ь . Иә,тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к . Мен сенің үйіңе барып кемпіріңді құт-
тықтар едім, әттең қол бір босамайды.
Н а д з и р а т е л ь . Ғафу етіңіз, тақсыр начальник,
менің кемпірім өлгелі не заман.
Н а ч а л ь н и к . Иә, оны білем. Мен қазіргі әйелің
туралы айтып тұрмын.
Н а д з и р а т е л ь . Мен әйелім өлгеннен кейін,
екін ші рет үйленген жоқпын, тақсыр.
Н а ч а л ь н и к . Жетті, көп мылжыңдама. Егер сенің
әйелің болмаса, пенсияға жаңа әйелмен шығарып салуға біз
міндетті емеспіз.
Н а д з и р а т е л ь . Тура айтасыз, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к . Біздің ұлы ордамызда жиырма жыл
қа тарымен мүлтіксіз қызмет атқарғаныңыз үшін үкіметтен
саған награда бар, награда... Енді бері қарай жақында,
кел, мынаны алып қой.
Н а д з и р а т е л ь . Ішпейтін едім, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к . Ештеңе етпейді, енді сен қашан кө-
зің жұмылғанша ішіп-жегеннен басқа не бітіресің. Кел, сенің
денсаулығың үшін. (Үшеуі де ішеді.)
Н а д з и р а т е л ь (шытынып). Не деген ащы еді,
өмірі татып көрмеген нәрсем.
Н а ч а л ь н и к . Әрине, әрине. Бұл – американ вис-
киімен араластырылған кока-кола. (Таңдайын қағады.)
Ал енді саған осындағы соңғы жұмыс күнінде соңғы бір
тапсырыс береміз.
Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к .
Ағылшынның ең тәуір сигареті.
Н а д з и р а т е л ь . Рақмет, мен шекпеуші едім.
36
Н а ч а л ь н и к (темекісін тұтатып). Бүгін біз әлгі
композиторды ауруханаға апаруымыз керек. Ол сорлыны
шприцпен тамақтандыруға тура келіп тұр. Міне саған қа-
ғаз, түнгі дәл онда, бесінші есіктен шығасың, әрине, қолына
бұғау салуды білесің ғой.
Н а д з и р а т е л ь . Оның шыбын өлтіретіндей қауқары
жоқ, тақсыр.
Н а ч а л ь н и к . Әйткенмен тәртіп.
Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к . Сыртта дәрігерлік машина тұрады.
Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр начальник!
Осы кезде алыстан бір ән естіледі. Оны іштегілер
тыңдап қалады. Әсіресе начальник саусағымен үстелді
ұрып, әннің ырғағына қосылғандай болады. Ән қайғылы
аяқталады.
Н а ч а л ь н и к . Ох, ох... қандай жүрек тебірентетін
ән еді. Өзі жаңа ғой деймін, пластинкада ойнады ма, қалай?
К ө м е к ш і. Иә, мен де бір рет көшеде естіп едім, жақсы
ән.
Н а ч а л ь н и к . Міне, осындай әндерді көбірек шы-
ғарса ғой, әйтпесе қайдағы бір «саяси композиторлар» деген
пайда болыпты.
Н а д з и р а т е л ь . Ғафу етіңіз, тақсыр начальник,
егер қателеспесем, бұл – соның әні.
Н а ч а л ь н и к . Соның? Кімнің?
Н а д з и р а т е л ь (күмілжіп). Әлгі... тұтқын компо-
зи тордың.
Н а ч а л ь н и к . Сен боссың, кете бер!
Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр...
37
Надзиратель кетеді. Пластинка тағы да ойнайды.
Начальник жүгіріп барып, әлгі ән бөлменің ішіне кіріп ке-
тетіндей үрейленіп, терезені тарс жауып алады.
Н а ч а л ь н и к . Пластинка ойнатқан адамдарды тауып
алып отырғызу керек.
К ө м е к ш і. Құп болады, тақсыр начальник!
Н а ч а л ь н и к (терісіне сыймай). Құп болады, құп
болады! (Бөлменің ішін кезіп жүріп кетеді де, ақыры
көмекшісінің алдына келіп тоқтайды.) Әлгі шал ертең
пенсияға шығамын деп қуанып кеткен шығар, ертең оны
мәңгілік пенсияға аттандыру керек. Қайтар жолда ол шал
коммунистер тұратын көшелердің бірінде о дүниеге аттан-
дырылсын!
К ө м е к ш і. Егер шал бөгет болса, осында қалдыруға да
болмай ма?
Н а ч а л ь н и к . Кейін ол куәгер болсын дейсің ғой.
К ө м е к ш і. Басқаны қайдам, тап осы шал...
Н а ч а л ь н и к . Ақымақтың сөзін айтпа, ертең-ақ ол
еркіндікке шыққан соң, әдейі айтсын, байқамай айтсын, мейлі
әйтеуір біздің мұндағы ішкі тәртібіміз жайында, кез келген
жерде әңгіме қылуы мүмкін. Бізге енді қартайған мұндай
малдың керегі жоқ. Қашан да жайбарақат жүру үшін, өлікті
де жолдан алып тастау керек. Мұны да саған тапсырамын!
К ө м е к ш і. Тағы да маған ба?
Н а ч а л ь н и к . Иә, саған! Баланың еңбегіндей анна
уыл жыған төбесінен қатты бір соққы болса, біздің жанымыз
да, оның жаны да жай табады.
К ө м е к ш і. Шопыр ше, тақсыр начальник?
Н а ч а л ь н и к . Шопыр жөнінен қам жемей-ақ қой,
ол – сенімді адам.
38
К ө м е к ш і. Сенімді дейсіз бе?
Н а ч а л ь н и к . Сен менің машинаны жақсы жүргізе-
тінімді білмеуші ме едің?
К ө м е к ш і. Сіздің өзіңіз бе?
Н а ч а л ь н и к . Ай, балақай, сен әр нәрсені қазбалап
білуге тым құштарсың, сонымен бірге тым аңғалсың. Иә,
саған жоғарылайтын уақыт жетті. Қазір нағыз бір жақсы
кезең. Композитордың осы бір шаруасымен біздің шеф қана
емес, үкімет басшысының өзі, потентаттың өзі айналысып
отыр! Түсіндің бе? Біздің алдымызда награда тұр. Не түрме!
К ө м е к ш і. Солай деңіз. Мен өзім де ойлап едім. Ал
енді сізден бір нәрсені сұрауға бола ма?
Н а ч а л ь н и к . Сұрауға ма, анықтауға ма?
К ө м е к ш і. Қалай түсінсеңіз де... Өз еркіңіз білсін.
Н а ч а л ь н и к . Біраз нәрсенің сырын аштық-ау дей-
мін. Енді қаймықпа, сұрай бер.
К ө м е к ш і. Композиторды ауруханаға апару үшін егіз
балалардың өмір тарихын анықтаудың қандай қажеті болды?
Н а ч а л ь н и к . Шыныңды айтшы, жаның аши ма?
К ө м е к ш і. Жоқ, әншейін «бауыр» деген сөз аздап
қинайды. Ал әйтпесе оған менің қандай қатысым бар.
Туғаннан бері көрмеген бөтен біреу емес пе мен үшін.
Н а ч а л ь н и к . Онда мен шынын айтайын, бүгін түнде
болатын жоспар – біздің шефтің ойлап тапқан жоспары.
Кім біледі, уақыт та, өкімет те ауысып жатады. Бұл ком-
позитор анау-мынау адам емес, бүкіл дүние жүзінің ол
үшін шу шығарып жатқаны да тегін емес. Егер күндердің
күнінде осы істің ізіне түсер біреу болса, ауруханаға туған
бауырының жеткізуі оны біраз жұмбақка қалдырады, сол
арқылы біздің конспирация да қалпында қалады.
39
К ө м е к ш і. Өзім де осылай ойлап едім. Егер уақыт өзгере
қалса, әлгі егіз балаларға деген көзқарас та өзгермек қой...
Н а ч а л ь н и к . Жо-жоқ, уақыт қаншама өзгеріп
жа тыр, жалау, үкімет өзгереді. Бірақ осы біз тұрған тас үй
ешуақытта өзгермейді. Біз де сол сияқтымыз. Кімге түрме
керек болса, соған біз де керекпіз.
К ө м е к ш і. Иә, дұрыс айтасыз, тақсыр начальник.
Н а ч а л ь н и к . Тіпті адамдар Айға, Марсқа шығып
тіршілік етсе де, олардың арасында біздің достарымыздың
бірі болсын де, онда түрме де болмақ. Сонда біз де сол араға
жетеміз. (Екеуі де біраз уақыт ойланып отырады да, бір
кезде начальник қарқылдап күледі.) Тегінде сен, балақай,
онша ақылсыз емессің. Әлгінде осы не дедің? (Есіне
түсіріп.) Иә, иә, екеуміз де бір шынжырмен қосақталған
жандармыз.
К ө м е к ш і. Және де бұғаусыз тұтқындармыз! (Екеуі
де селқос күледі.)
Достарыңызбен бөлісу: |