Бесінші көрініс
Төртінші көріністегі көңілді музыка жалғасады. Жұ-
пыны жиналған үй. Шопанның үйі. Іште 10-сынып оқу-
шылары: Қанат, Лида, Тәнзила, Ғазиза, Андрей, Дос қан,
Қарас (Ұзынтұра), Руслан. Қайсыбірі музыка әуені-
не қосылып билеп жүрген, музыка күрт үзіледі де, ауа
толқынында жоғары оқу орнына қабылдау ережелерінің
құлақтандыруы оқылады. Қанат радиоқабылдағыштан
басқа ауа толқынын іздестіре бастайды.
Ұ з ы н т ұ р а. Қанат, тұра тұршы, не переключай. Прошу,
Қанат, Қана!
Қ а н а т (күліп). Қайтейін деп едің, бәрібір оқуға
бармайсың.
89
Л и д а. Мен саған түгелдей жатқа айтып берейін.
Физика-математика факультетіне түсушілер математикадан
жазбаша, орыс әдебиетінен ауызша, жазбаша...
Ғ а з и з а. Физикадан ауызша.
Қ а н а т. Түсем деушілерге есік ашық.
Д о с қ а н. 40 сом стипендия, сырттан келгендерге –
жатақхана.
Ғ а з и з а. Құлап қалғандарға қайтар жолына пойыздың
билеті.
А н д р е й. Алыстан келгендерге самолетке билет...
Ұ з ы н т ұ р а. Әй, сендер оқуды мүлдем қылжаққа
айналдырдыңдар ғой.
Қ а н а т. Немене, оқуға бармайтыныңа қынжылып
отырмысың.
Р у с л а н. Шынында да осының қабағында бір кірбің бар.
Ұ з ы н т ұ р а. Балалар, кейістік-мейістікті қайтесіңдер.
Осы, шындап бір ақылдасайықшы.
Қ а н а т. Ол қандай ақыл?
Ұ з ы н т ұ р а. Біз осында неге келдік?
Д о с қ а н (күліп.) Неге келгені қалай? Сен әлі түсінбей
отырмысың? Батпақ каникулінде батпаққа біраз аунап-
қунап кетейік деп келдік.
Ұ з ы н т ұ р а. Досқан, мен шын айтып отырмын. Осы
көксалпақта салпақтап неге келдік?
Л и д а. Қойлардың амандық-саулығын білуге келдік.
Ұ з ы н т ұ р а. Саған қалжың не керек? Тіпті қыз балаға
жараспайды... Ал, келдік... Сонда не бітірдік?
Т ә н з и л а. Пәлендей қиратқанымыз жоқ!
Ұ з ы н т ұ р а. Ендеше, біздің осы араға керегіміз бар ма?
Осы каникулдағы жүрістен не тындырдық?
90
Р у с л а н. Не тындыру керек еді. Аз күн болса да
қолғабысымызды тигіздік.
Д о с қ а н. Көмектестік.
Ұ з ы н т ұ р а. Көмектестік! Біз көмектеспесек, қойлар
бағусыз қалатын ба еді...
Ғ а з и з а. Ол да мүмкін...
Қ а н а т. Сен осы шын айтып отырмысың?
Ұ з ы н т ұ р а . Иә, шын... Шын айтып отырмын. Қой-
ға барамыз, қойға барамыз деп атойлап жар салдық. Өзі-
мізше, үлкен істі бастамақ болдық...
Д о с қ а н. Сен өзің шын айтам деп шындап барасың ғой.
А н д р е й. Немене, бұл сеніңше, үлкен іс емес пе?
Ұ з ы н т ұ р а . Мен осыдан үлкен іс көріп тұрғаным
жоқ...
–
Қалайша?
–
Не дейді?..
Ұ з ы н т ұ р а. Меніңше, біздің бастамамыз баланың
ойыншығы сияқты.
А н д р е й. Міне, қызық!
Л и д а. Сонда біз қуыршақ болғанымыз ба?
А н д р е й. Өзің не айтып тұрсың?!
Қ а н а т. Қыздар, балалар, шуламаңдар. Кезекпен
сөйлейік.
Ғ а з и з а. Мейілдерің, жиналыс па, жиын ба, менің өз
ойымды айтуға қақым бар шығар.
Д о с қ а н. Бұрын айтсаң, қайда қалдың?
Ұ з ы н т ұ р а . Бұрын қой бағудың не екенін түсінбедік,
енді көзіміз жетті...
Л и д а. Неге жетті көзің?
Қ а н а т. Балалар, шуламаңдар... Жолдастар, онын шы
91
сынып оқушыларының кезектен тыс комсомол жиналысы
ашық деп жариялаймын... Күн тәртібінде бір мәселе –
«Комсомол Қарас Балташевтың күдікті ойын талқылау».
А н д р е й. Жо-оқ!.. «Балташевтың комсомолдардың
үндеуіне қарсы шабуылын талқылау».
Ғ а з и з а. Олай емес, «Комсомолдық уәдесінен тайып,
екіжүзділік жасаған Балташевтың оғаш қылығын әшке-
релеу!»
Ұ з ы н т ұ р а. Екіжүзділік дегенің ауырлау болар, Ғазиза!
Р у с л а н. Менің ұсынысым бар.
Қ а н а т. Иә, Руслан?
Р у с л а н. Меніңше, мәселені бұлайша тікесінен қоюға
болмайды.
Л и д а. Мәймөңкенің қажеті жоқ!
Қ а н а т. Бұл жиналыс. Кезекпен сөйлейік, Лида.
Р у с л а н. Қарас екіжүзді де емес, қарсы шабуылдап
та отырған жоқ. Меніңше, комсорг жолдастың қойған күн
тәртібі дұрыс. Каникул кезінде қой фермасында өткізген
аз уақытта қандай әсер алдық, болашақта жұмысты неден
бастамақпыз. Ойларымызды ортаға салайық. Күдікті ой
деген сөз де келіңкіремейді. Сәл енді түзету... былайша
корректура...
Д о с қ а н. Ой, мынауың ұзақ-сонар ғой. Мұндай күн
тәртібі болмайды.
Қ а н а т. Ал сеніңше қалай, Досқан?
Д о с қ а н. Әлгі өзің айтқан күн тәртібі дұрыс.
Қ а н а т. Қол көтерейік... Көпшілік дауыспен «күн
тәртібі» қабылданды... Бірінші сөз Балташевқа беріледі.
Қысқаша ойыңды айт.
Ұ з ы н т ұ р а. Жарайды, егер айт десеңдер, айтайын.
92
Жолдастар, комсомолдар! Мені дұрыс түсініңдер, мен еш-
қандай қиыншылықтан қашпаймын.
Сырттан Күләш кіреді де, «Балалар!» – деп сөйлеп
келе жатып, тоқтай қалады.
Қ а н а т. Күләш, ғапу ет! Мұнда жиналыс жүріп жатыр
еді. Иә, Қарас, сөйлей бер!
Ұ з ы н т ұ р а. Мен... қиыншылықтан қорқып тұрғам
жоқ. Мұнда үлкен қиыншылық та жоқ. Бірақ менің айта-
рым – біздің, осы бәріміздің бригада ұйымдастыратын дай
қажетіміз бар ма? Бәріміз жиналып келгенде, не істемек-
піз? Айналдырған бес-алты отар қойды осындағы үш-төрт
қойшы да баға алады. Отыз жылдан бері Бәкең де бағып
келген, солай емес пе?
К ү л ә ш. Менің әкемнің отыз жыл қой баққанын бәрі
біледі...
Қ а н а т. Күләш, сөз кезегін саған да береміз, жиналыс
тәртібін сақтайық. Жолдастар, содан соң, күн батпай жүріп
кетуіміз керек, регламент сақтайық: бес минут.
К ү л ә ш. Иә, балалар, күн райы бұзылайын деп тұр.
Бұл айды әкем ұт деуші еді. Ұт айында алдамшы борандар
ойламаған жерден соғып жүре береді.
Қ а н а т. Иә, Балташев?..
Ұ з ы н т ұ р а. Мен енді, не айтайын... Менің айтаты-
ным сол – біз осы бүкіл облысқа, қала берді бүкіл республи-
каға тым ерте жар салып қойған жоқпыз ба? Мұнда, көріп
отыр сыңдар, бізге деген түк жағдай да, мүмкіншілік те жоқ.
Ай далада қаңқиған жалғыз үйге қалай сыйысып жатармыз.
Және...
Л и д а. Е, тоғыз күн қалай сыйысып жаттық.
93
Қ а н а т. Тыныштал... Лида!
Ұ з ы н т ұ р а. Тоғыз күн... Енді тоғыз күн жатып көр, ма-
маңа қалай жүгірер екенсің. Басқасын былай қойғанда, мон-
ша да көзімізден бір-бір ұшты. Қысқасы, кімнің мақалы еді,
«Қоразы көп үйдің таңы кеш атады» деп, біздің жар салып,
шақыруымыздың өзі қалай болды. Ұятқа қалмаймыз ба?
Р у с л а н. Кішкентай ғана корректура. «Қоразсыз да
таңымыз атқан» деген де мақал бар. Біз, біріншіден, қораз
емеспіз, комсомол жастармыз, екіншіден, халық мақалын
орнына қолдана білуіміз керек...
Ұ з ы н т ұ р а. Жарайды, ділмарланбай, болашақ жур-
налист. Тап басқамыз қой бақсақ та, сенің қолыңнан келетін
шаруа емес, гном!
Р у с л а н. Креолинге тоғытпасақ, сені жалдататын мұнда
өзен де жоқ, сырғауыл. Түйе де бойына сеніп жылдан құр
қалған.
Қ а н а т. Балалар, артық сөздің не керегі бар. Балташев,
болдың ба?
Д о с қ а н. Регламент!
Ұ з ы н т ұ р а. Мен болдым!
Қ а н а т. Енді кім сөйлейді?
Тәнзиладан басқа оқушылар түгел қол көтереді.
Қ а н а т. Тәнзила, сенің сөйлегің келмей ме?
Т ә н з и л а . С... сөйле десеңдер... енді... сөйлейін.
Қ а н а т. Ал қысқаша! Және тоқетерін!
Т ә н з и л а. Ну, енді, конкретно былай. Жолдастар,
мені... енді дұрыс түсініңдерші...
Қ а н а т. Бөгелме, айта бер.
94
Т ә н з и л а. Мен, как говорится, сендермен, точнее,
достарыммен бірге болуды үлкен бақыт деп санаймын. Ну,
әйтсе де, былай реально ойласақ... Мен өзі кейінгі кезде
көп ойлап жүрмін... Кеше ұйқтай алмай шықтым... Ну,
жолдастар, правильно поймите меня...
А н д р е й. Айтсаңшы енді... қалай еді, әлгі... ешкінің
ащы ішегінше созбай.
Қ а н а т . Андрей!
А н д р е й. Қайдан білейін, ішегім шұрқырап кетті.
Т ә н з и л а. Ну, енді, конкретно былай! Мен ғой, әйел
баламын. Ұлдардың жөні бір бөлек. Жасым да көбіңнен
бір-екі жас үлкен.
А н д р е й. Әрине, бір сыныпта екі жыл отырсаң.
Т ә н з и л а. Ну, оны мен жасырмаймын. Екі жыл
қатарымен ауырдым...
А н д р е й. О, ғапу, ғапу!
Т ә н з и л а. Сонымен, егер қойда екі-үш жыл, қашан
басқа жастар келгенше жұмыс етсем, одан соң медициналық
институтқа барып, алты-жеті жыл оқысам. Сонда... сонда
тым қартайып кетпеймін бе?
Д о с қ а н. Сұлу қыз ешуақытта қартаймайды.
Р у с л а н. Міне, осы арада халық мақалын айтуға болады:
«Сырлы қасықтың сыры кетсе де, міні кетпейді».
Қ а р а с. Сенің аузыңа неге жаңа мақал түспейді?
(Кекесін.) «Еңбек адамды жасартады».
Т ә н з и л а. А, ладно, сендер келемеж еткілерің келеді.
Мен болдым.
Қ а н а т. Қане, жолдастар, мәселе расында шындап
барады, қалжыңды қояйық!
К ү л ә ш. Қанат, күнгей бетке жайған отарымды қораға
95
қайырмасам, кім біледі... бір ауыз сөйлеуіме бола ма? Сосын
кетейін.
Қ а н а т. Жарайды, сөйле, Күләш!
К ү л ә ш. Мен сөйлесем, жаңағы Ұзынтұра Қарастың
сөзіне жауап бергім келеді. Ол үшін түнеукүнгі әкем айтқан
сөзді бәрің естеріңе түсіріңдерші. (Бәрі үнсіз. Төмен қарап
отыр. Орталарына, қолында таяқ, Баттал келіп тұр).
Б а т т а л (пистолет жарығында жалғыз). Шырақ-
тарым, сендердің бұл істерің балалық емес, азаматтық.
Мүм кін, кейбіреуің біздің осында не керегіміз бар дейтін
шығарсыңдар. Жо-о-оқ... Сендер қолынан өнері тамған
жассыңдар. Ендігі жерде қойға мен емес, сендер керексіңдер.
Сендер қойшылықтың да оқуын оқыған екенсіңдер. Бір
мысал: әнеукүні артизиан құдығынан су тартатын мотор
сынып қалды ма? Досқан, сен, қолма-қол жөндеп бердің бе?
Қыста қойға қар беріп амалдармыз, ал жаздың ыстығында?
Совхоз орталығынан мехайник келгенше, талай рет қойлар
аузын ашып, қаталаған күндер болған... Биыл шөп тапшы.
Екі рет барып, Андрей, сен касемсотпен шөп тартып әкелдің
бе?.. Бәрің жабылып жүріп, орталықтан движок әкеліп, қой
төлдейтін қораға свет тартып бердіңдер ме? Ертең сына
қалса, оны мен жөндеймін бе? Айта берсем, толып жатыр.
«Жас келсе іске» деген атам қазақтың сөзі, міне, іске асты.
Сендер, істің ғана емес, бар жаңалықтың да тетігін білетін
нағыз жұмыскер, қойдың да бар бабын меңгеріп алған білімді
шопансыңдар. Өз білетінімді мен де үйретермін. Қойда бір
ауыз емес, бес ауыз бар деп ем ғой. Ондай құйтырқылар
көп. Қадамдарың құтты болсын! Оқу бітірісімен келіңдер.
Көп боп келсеңдер, үй де, монша да, ән де, би де болады.
Шаруаға жарамай қалған күнде моншашыларың болармын!
96
Жарық сахнаға түгелдей түскенде Баттал жоқ.
Күләш кетеді. Балалар бастарын көтеріседі.
А н д р е й. Баллар, қыздар, ендігі сөздің қажеті жоқ
сияқты.
Д о с қ а н. Иә, сөйлей берсең, сөз қоздай береді.
Р у с л а н. Бізді зорлаған ешкім жоқ қой!
Л и д а. Ал он жыл бірге жолдас болған достарынан ажы-
расамын деген адамға ерік.
Қ а н а т. Дұрыс, жолдастар! Қарастың сөзі де дұрыс.
Қазір айтып алғаны оңды болды. Кейін іріткі салғанша!..
Ғ а з и з а. Жоқ, меніңше, Қарастың сөзін аяқсыз қалдыруға
болмайды. Мектепке барған соң жалпы жиналысқа салып,
мәселесін айырықша қарау керек.
Қ а н а т. Жолдастар, комсомолдар! Қиындықтан қаш-
қан адамды жиналысқа салып түзеу – зорлық болар еді.
Еркі білсін. Ал біз айтқанымызда тұрамыз. Алдымыздан
дайындап қойған жылы үй де, мамаларымыздың жылы
алақаны да жоқ. Оны білеміз. Бізді ешкім аямай-ақ қойсын.
Аяушылық мысықтың жаңа көзін ашқан баласына ғана
лайық. Өз жағдайымызды өзіміз жасаймыз. Талап ағай
айтқандай, біз осы кезде елімізге қажетті үлкен азаматтық
етеміз дедік. Айтқан сөз айтқан!
Сырттан жүгіре басып Күләш келеді.
К ү л ә ш. Балалар, боран көтеріліп кетті. Апырмай,
ауданға жете алсаңдар жақсы болар еді. Менсіз-ақ тамақ
ішіп, аттана беріңдер. Сөзбен отырамын деп қарашы. Сау
болыңдар, мен кеттім. Тауға қарай ықтап барады қойлар,
қап, әттеген-ай. (Кетеді.)
Қ а н а т. Балалар, біз де кеттік. Көмектесейік Күләшқа.
97
Л и д а. Иә, сосын да кетерміз үйге.
Бәрі алас-күлес киініп шыға береді. Қарас та салғырт
киіне бастаған.
Қ а н а т. Сен шықпай-ақ қой, өзіміз де жетеміз.
Ұ з ы н т ұ р а (бір жеңін киген. Бәрі кетеді). Мейіл-
дерің, өзім де құштар едім... Көрермін қойшы болып
жарытқандарыңды!..
Алтыншы көрініс
Қойшы Батталдың 60-қа толуына байланысты мере-
келік шағын той. Тойды өткізушілер – соғыс жыл дары
Батталдың бригадасында жұмыс істеуші балалар –
бүгінде есейген адамдар, 10-сынып оқушы ларының ата-
аналары. Әр жерге қойылған шағын дөңгелек үстелдер.
Оларды жағалай топ-топқа бөлі
ніп отырғандар –
Баттал, Гүлсім Махмұтова, Қасым, Балшекер, Аплаш
(прокурор), Балташ (қойма меңге рушісі), Иван Сер-
геевич (милиция қызметкері), Ва силий Оттович (меха-
низатор), Кәрібай Асарович, Ба қытжанов. Тойдың қызып
жатқан тұсы.
Қ а с ы м. Жолдастар, жаңа бәріміздің бұрынғы ұстазы-
мыз – Гүлсім Махмұтовнаның, Кәрібай Асаровичтің сөз-
деріне қосыла отырып, менің айтпағым мынау: жол дастар,
бүгінгі той – ауданымыздың ардақты еңбеккері, Жоғарғы
Кеңестің депутаты, Ленин орденді шопанымыз, жүз қой-
дан жүз елу қозы алып жүрген еліміздің мақтанышы,
қадір лі Баттал Шарықбаевтың 60 жасқа толу мерейтойы-
ның басы ғана. Кейін бұл той бүкіл аудан көлемінде үлкен
салтанатпен өтпек.
98
Д а у ы с т а р. Өте дұрыс.
–
Сөз жоқ!
–
Баттал ағайдың тойын салтанатпен өткізу керек.
–
Бүкіл республика көлемінде!
Қ а с ы м. Тойдың басы дейтінім – бұл жиналып отыр-
ған дар, соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдерде осы мектеп-
те оқып жүріп, жаз бойы Баттал ағайдың бригадасын-
да, колхоз даласында қаршадайынан еңбек еткен балалар,
сондықтан біздің тарапымыздан өтіп жатқан шағын той.
Д а у ы с т а р. Отбасылық той!
–
Банкет.
–
Өте символично! Үлкен тойдың басы.
Қ а с ы м. Тише, тише, жолдастар! Сондықтан мен,
жолдастар, мына тосты, құрбы-құрдастарым, сендердің ат-
тарыңнан, құрметті Баттал ағайдың – қылшылдаған жас
күнінде майданда қару ұстап, ел қорғаған жауынгеріміздің,
тылда күрек ұстап, бізді еңбекке баулыған бригадиріміз-
дің, соңғы біраз жылда қолына таяқ ұстап қой баққан
шопанымыздың денсаулығы үшін көтеремін.
Д а у ы с т а р. Ура-а!
–
Браво!
Көтерілген рөмкелер. Қысқа ғана музыкалық туш.
Қ а с ы м. Сөз аудандық прокурор Аплаш Асановқа
беріледі.
А п л а ш. Жолдастар! Қасекең өте жақсы айтты, «Адамды
адам еткен еңбек» дейді Энгельс.
Д а у ы с т а р. Маркс.
–
Энгельс.
Б а л т а ш. Аталы сөз болған соң бәрібір емес пе,
жолдастар! Маркс айтты не, Энгельс айтты не.
99
«Туғанда дүние есігін ашады еңбек, еңбекпен жер қой-
нына кіреді денең» деп Абай да айтқан.
К ә р і б а й. Еңбекпен емес, өлеңмен деген, Бәке.
Б а л т а ш. Сені солай оқытқан шығар, бізді осылай
оқытқан. Абай еңбекті – өлең, өлеңді – еңбек деген.
Қ а с ы м. Тише, жолдастар!
А п л а ш. Сол айтпақшы, Батекеңді, Горький айтқан
үлкен әріпті Адам еткен, республика көлемінде атышулы
ардақты халық қалаулысы депутат еткен – Еңбек! Кеңес-
тік Конституцияда алтын әріппен жазылған: біздің елде
еңбек етуге әркімнің қақысы бар. Батекең болса, жай ғана
қатардағы еңбеккер емес, еңбектің небір үлгісін көрсеткен,
кейінгі жас жеткіншектерге, соғыс жылдары бізге, бүгінгі
күнгі барша ұрпаққа өнеге көрсетуші ақсақалымыз.
Б а л т а ш. Ай, тілдің майын тамызасың-ау. Тамаша!
А п л а ш. Социализмнің ұлы принципі: «Еңбек еткен ішіп-
жейді!» Ендеше, жолдастар, ұлы еңбектің иесі – ұлы адам-
ның тойында ішіп-жейік! Еңбек үшін! Еңбек адамы үшін!
Д а у ы с т а р. Тамаша, тамаша!
–
Қалай қисынын келтіреді!
–
Керемет сөз!
–
Темірдей заңның болаттай сөзі үшін!
Көтерілген рөмкелер, музыкалық туш.
Қ а с ы м. Келесі сөз тергеуші Иван Сергеевич Новиковке
беріледі.
И в а н С е р г е е в и ч . Жолдастар, алдымен ғапу
өті
немін. Жаңа командировкадан оралып едім. Баттал
Ша рық баевичтің тойына формамды ауыстырып келуге де
үлгер медім.
100
Д а у ы с т а р. Ештеңе етпейді!
–
Қызмет бабы...
–
Милиция қызметінің спецификасы...
И в а н С е р г е е в и ч . Менің ойыма осы той үстінде
біздің еліміздегі заңды бір құбылыс оралып тұр. Ұлан-бай-
тақ Отанымызда не бір алып құрылыстар салынып, талай
ГЭС-терден бүкіл қала, ауылдарға қуатты электр күші тара-
лып, шамдар жағылды. Темір жол тораптары бар даланы
бел деулеп тастады. Үлкенді-кішілі Магниткалардан болаттар
ағылды, тың даласынан халық қазынасы алтын астықтар
құйылды қамбаларға. Осының бәрін жасаған адам қолы. Бү-
гінде партиямыз тағы да бастап отыр ұлы іске. Қазақстан
даласында қой шаруашылығын өркендетіп, қойдың басын елу
миллионға жеткізуге шақырып отыр. Бұл да ертең жүзеге аса-
ды. Баттал Шарықбаевичтай еңбек адамдары тұрғанда бұл
да іске асатын ұлы идея! Жолдастар, көп сөйлеп кеттім бе...
Қ а с ы м. Жоқ, жоқ, өте орынды.
Д а у ы с т а р. Дұрыс, дұрыс!
–
Әдемі тос!
И в а н С е р г е е в и ч . Халқымыз бен партиямыз дың
шақыруына іспен жауап беретін, дер кезінде үн қо сып, аянбай
күш жұмсайтын Баттал Шарықбаевич бастаған шопан-
дардың, яғни екінші тыңның ардагерлерінің ден саулығы үшін!
Д а у ы с т а р. Міне, тос!
–
Идейный тос!
–
Тамаша!
Көтерілген рөмкелер, музыкалық туш.
Б а л т а ш. Осы маған да сөз кезегі тиген шығар, бастықтар
сөйлеп болды.
101
Қ а с ы м. Тосты тым жиілетіп жіберген жоқпыз ба?
Г ү л с і м. Ара-тұра ән салып қойсақ та болар еді.
Б а т т а л. Иә, ән деген жақсы ғой!
Б а л т а ш. Ештеңе етпейді, көп ішкен жоқпыз. Жаңа
прокурордың өзі рұқсат берді: бүгін, айда, ішіп-жейміз.
Күнде мұндай той бола бермес.
И в а н С е р г е е в и ч . Иә, ішпейтіндерге зорлық жоқ
қой.
Б а л т а ш. Мен құрғақ тос көтермеймін. Немене, бас-
тықтардың тосына көтересіңдер, маған келгенде... Жарай ды,
мен сөйлеп болғанша мастықтарың да тарқап болар.
В а с и л и й О т т о в и ч . Самокритика.
Қа с ы м. Жарайды, сөз райпотребсоюздың завсклады
Балташ Бақтияровқа беріледі.
Б а л т а ш. Жолдастар, жаңағы айтқан адамдардың
сөздеріне мен де қосыламын. Қасекең де, Аплаш та, Иван
Сергеевич те не деген шешендер еді. Аплаш егер пркорол
болмағанда, судай ақын боп кететін адам ғой. Әттең қолы
тимей жүр. Сөзді түйдек-түйдегімен тастағанда, тура сот
залында немесе телевизиядан оқып тұрғандай байпаңдатады.
Қ а с ы м. Балташ, юбиляр біз емеспіз...
Б а л т а ш. Ғапу етіңіз, Батекеңе де жеттім... Бір кезде,
жасыратыны жоқ, Батекең бәрімізді де бір қамшымен айдап,
айда, жұмысқа салушы еді-ау күні-түні. Бір бидай шашылып
қалса ұрсып, тіпті табаға қуырып та жегізбей, қазіргі бір
дән – жауға атылар бір оқ – деп айда, екі аяғымызды бір
етікке тығушы еді-ау! Сол еңбегі, сол тәрбиесі зая кетті
ме, жолдастар. Батекеңнің өз сөзімен айтқанда – соғыс
жылдарындағы қамал бұзар жауынгерлері – қазір мына
отырған біз. Міне, Қасекең – білдей Атқару комитетінің
102
председателі, Аплаш Байтұрғанов – білдей ау, пркорол,
айда, елді басқарып отырған дәулер...
Қ а с ы м. Балташ, Балташ...
Б а л т а ш. Жарайды, сөздің тоқетері – бәрімізді де
көзімізді ашар-ашпастан еңбекке баулыған, Отанымызға
игілікті жұмыс атқаруға үйреткен – осы Батекең.
В а с и л и й О т т о в и ч . Е, міне, дұрыс!
Б а л т а ш. Жаман-жақсы болсын, бәрімізге ең алғаш
майданнан келе, орыс тілін де үйреткен осы Батекең. Қуатит,
пәрәткемен сөйлеңдер деп... айда...
Қ а с ы м. Иә, кейін Шалбарбек деп күлейік-күлмейік,
әйтеуір алғаш орысша өлең айтқызып, тілімізді орысша
орауға келтірген Баттал Шарықбаевич!
А п л а ш. Жолдастар, шынында да, сол бір балалық
шағымызды еске түсіру үшін, осы той үстінде Батекең
үйреткен «Восемнадцатый годты» айтайықшы.
Г ү л с і м. Міне, дұрыс.
Б а л т а ш. Бірақ сөзін бұзбай, сол кездегі үйренгенімізше
айтайық.
А п л а ш. Қанша түзеймін десең де, жатталып қалған
нәрсе тілге жеңіл оралады.
Б а л т а ш. Батеке, қане баяғыдай команда беріңіз.
Б а т т а л. Оу, мен команда бермегелі қанша уақыт.
Б а л т а ш. Жо-оқ, болмайды!
Б а т т а л. Ал ендеше: Стайт! Смирна! Слушай мой
команда!
Қасым, Аплаш, Балташтар сымдай тартыла қалады.
Б а л т а ш. Балшекер, неге тұрмайсың?
103
Б а л ш е к е р (көңілсіз). Мені бұзып айтасың деп қос-
паушы едіңдер ғой.
Б а л т а ш. Айта бер, сол бұзылып айтылғаны қызық,
Шырылдауық!
Б а т т а л. А ну, запивай!
Қосылып салған ән:
По военнай дороги Шалбарбек,
Етребоги баявой восемнаднатай год.
Был сгор инадолги, от Кубас
Инадолги никакей понимас, нам пахот...
Қошаметпен соғылған қолдар, көңілді күлкілер.
Г ү л с і м. Қалай ұмытпағансыңдар, кешегі бала күндеріңіз
тура көз алдыма айна-қатесіз елестеді-ау.
Б а т т а л. Иә, айтпа деймін.
Б а л т а ш. Ал жолдастар! Қанша ішпейік дегенмен,
осы арада бір тостың реті келіп тұр. Сіздер Батекеңнің
денсаулығы, ел алдындағы абыройы, атағы, ым... т.т.б.
туралы көтердіңдер. Сол т.т.-ларға қосыла отырып, мен
Батекеңнің әлі де тұғырдан түспеуі үшін, үкіметіміз бен
партиямыздың қой санын 50 миллионға жеткізу туралы
шақыру ұранына тағы да үлес қосып, 60-қа дейін баққан
ақтылы қойын алдында өргізіп, жүзге дейін баға беруі үшін
бірауыздан алуларыңызды бір кісідей сұраймын. Енді
Батекеңді құшырланып тұрып бір сүюіме рұқсат етіңіздер,
қазір еркекті еркек ауыздан сүю деген заң шығыпты
ғой.
А п л а ш. Ол қашан шыққан заң?
Б а л т а ш. Мұндай екі адамның арасындағы интимнай
қатынастар кодексте жазыла бермейді, пркорол жолдас.
104
Балташ Батекеңе келіп рөмкесін соғыстырады, құ-
шыр лана сүйеді.
Б а т т а л. Балташ, тұра тұр, сенің осы сөзіңе мен де бір
ауыз сөз қосайыншы, көмейіме тіреліп отырған сөз еді, дәл
үстінен түстің-ау.
В а с и л и й О т т о в и ч . Бұл тостпа?
К ә р і б а й. Сізге әлі тост беріледі, юбиляр кейін сөйлейді.
Б а т т а л. Жо-оқ, ауызға келген сөзді жұта алмаймын.
Тостың алды не, арты не!
Қ а с ы м. Сөйлесін, сөйлесін Батекең.
Г ү л с і м. Иә, көп болмайды, кейін тағы да сөйлер!
Б а т т а л. Балташ жүз жылға дейін қой бақ деді. Тауып
айтты. Мен өзім де тұғырдан түспеймін. Денім сау болса
әлі де жастарға өз білетінімді үйретіп, көмектесіп, кемі
бес-алты жыл кетпеймін. Пенсионерлікте жүріп те жұмыс
істеуге болатын көрінеді ғой.
А п л а ш. Әрине, 300 сом еңбекақының төңірегінде.
Б а л т а ш. Оу, Батеке, жүз жылға келісіп тұрып, 5-6
жылыңыз не?
Б а т т а л. Пастой, ол жүз жылдың реті бар. Расын
айтқанда, мен биыл сабындай бұзылып, 60-қа келісімен
пенсияға шығып, қойдан біржола кетем бе деп жүруші ем.
Б а л ш е к е р . Енді айнып қалғаныңыз не?
Б а т т а л. Ашулы едім, ызалы едім. Осы-ы... зоотехник,
агрономның оқуын былай қойғанда, шопырлық оқу, трактор
оқуы бар, тағы толып жатқан оқулар бар. Ал қойшы оқуы
неге жоқ, ертең жылма-жыл көбейген мыңғырған қойды
кімге тастап кетемін деп қынжылушы едім. Қателескен
екенмін. Бүгінгі саналы жастар бар екен. (Ішкі қалтасына
қол салады.) Мен сіздерге бір қағаз оқып берейінші.
105
(Бір қағазды ежелей бастайды. Ата-аналар бір-біріне
қарасып, таңырқап отыр.) «3-о-те-тех-нек б-бала 5
қаң-тарда б-бір қ-қой ал-ды. А-а-уыл ш-шар-уа-ш-шы-
лық б-б-бас-қар-м-мас-н-ның б-бас-т-ты-ғы, бала-с-сы-
ның ты-той-ын-ына е-екі қ-қой, б-бір». Ой-бой, бұл емес.
(Қалтасына қайтадан қол салады.) Бұл – жұрт сұрап
алған қойлардың есебі екен ғой. (Өз-өзіне.) Ә-әй, қайтарар
деймісің. Біздікі әйтеуір жазып қою ғой. Ә, Ә, міне, таптым!
(Тағы бір қағазды алып оқиды.) «С-слуш-к-ке-ден ө-өт-
к-кен» с-сау-лы-лық-тар-дың т-ті-зі-мі...» Ой-бой, бұл
болмай шықты... Қойларды ұрықтандырғанда жазып
қоймасақ... Ә-ә, ілікті-ау қолыма. (Тағы бір қағазды алып
оқиды.) «Ү-ү-кі-ме-ті-міз б-бен партиямыз-мыздың қой
ба-бас-сы-сын 50 мил-ли-лион-ға жет-жеткі-зу-зу ту-ра-
туралы ша-қы-ру-руына бі-біз-дің ау-ау-дан ком-ком-сом-
ол-да-ры-ның үн-үн қо-су-суы қуа-нар-лық іс, үл-үл-кен
қу-қуа-ныш! Бұл бүкіл жас-тар-тарға үлгі-ө-өне-өнеге бол-
болмақ. Ал-алда-ғы пя-пяти-тилет-тке-кені ой-ой-да-ғы-
дай өт-өтк-зу-де...» (Қағаздан басын алып.) Өзі жалғыз
жарымжан көз бұлдырайтын болыпты. Оқымай-ақ қояйын,
түсінікті шығар, қуатит, ә?
Б а л т а ш. Оу, Батеке, ауызша айтыңызшы, онша түсіне
алмай қалдық.
Б а л ш е к е р (кекесін). Қазір түсінесіздер.
Қ а с ы м. Балшекер!
Б а т т а л. Осы бір ғажабы, жазып берген сөзге өзім де
түсіне алмаймын. Өз ойыңа өз иелігің болғанға не жетсін...
Бір кезде азаматтардың жоқ кезінде, үлкендердей еңбек
еткен мына сендердің балаларың мектебін бітіре са-
лысымен қойға барса, бұдан артық мен үшін бақыт бар
106
ма, айтыңдаршы. Мен мына стаканды пенсияға шығар
қарттығым үшін емес, балаларыммен бірге тағы да еңбек
етіп, қайта жасаратыным үшін аламын! (Бәрі аң-таң.
Музыкалық пауза. Жұрт орындарынан көтеріліп, әр
жерде көңілсіз ойда отыр).
Қ а с ы м. Жолдастар, жақында облыстық газетте осы
мектептің оныншы сынып оқушыларының үндеуі шықпақ.
Бәрі де оқу бітірісімен қойға бармақ.
Б а л т а ш (көзі бақырайып.) Мәссаға-ан безгелдек,
қашан айттым тез кел деп!
Б а т т а л. Оу, өздерің мына хабарды жаңа естігеннен
саумысыңдар?
Г ү л с і м. Мектеп қабырғасындағы балаларының тағды-
рына ата-аналардың бұл да бір жиі араласуының салдары!
Б а л ш е к е р (ызалы). Адамның тіпті...Жылайын ба,
күлейін бе? Қашаннан бері мектеп қойшылар даярлайтын
болған?
Қ а с ы м. Балшекер!
Б а л ш е к е р . Мен оның анасымын, анасымын!..
Әрине, мұғалім үгіттесе, балалар көне береді.
Б а л т а ш. Сонда өзі қалай? Оқу бітірген балаларды
жұмысқа орналастыру, жегу мәселесін де мектеп билейтін
болған-ау, тегі.
Г ү л с і м. Мектеп оқушылары оқу бітірген соң, қайда
барамын десе де еріктері. Кәмелетке толған балалар жұп-
тарын жазбай, бәрі білек қосып жұмыс істейміз деп, онымен
қоймай бүкіл республикаға жар салып, жаңалықка шақыр-
са, ол бізге әрі мақтаныш, әрі қуаныш!..
Б а л т а ш. Мұғалима, ертеде менің бір жолдасым, «біздің
ауданнан екі жазушы, 20 доктор науық, алпыс кәнделет,
107
отыз враш, он екі секретарь, 25 инженер, 13 бұғалтыр шықты»
деп мақтанып еді. Ал енді «біздің аулымыздан қырық қой-
шы, жүз бақташы шықты деп мақтанғанды әлі көргенім жоқ.
Б а л ш е к е р . Ә-әй, сынып жетекшісі, Кәрібай, сен
неге тымырайып отырсың? Балаларымызды үгіттеп жүрген
сен бе? Баулыған екенсің жақсы өнерге...
К ә р і б а й. Мен, енді... (Гүлсімге қарап) осылай боларын
білгемін. Оқушылардың тілегі (Қасымға қарап), былайша
айтқанда, орынды. Бірақ шынымды айтсам, әрқайсысы әке-
шешесінің бауырында өскен ерке балалар. Солар алдына бір
отар қойды салып, бағады дегенге өз басым-ым-ым...
Б а л т а ш. Міне, жөн сөз, ой, сабазым-ай!
Т а л а п. Сіз өз балаңызға сенбейсіз бе, әлде бәріне де ме?
К ә р і б а й. Қой бағу – еріккеннің ермегі емес. Мен,
Гүлсім Махмұтовна, қой шаруашылығынан түк хабары жоқ
оқушылардың ертеңгі тағдырына, сынып жетекшісі бола
тұрып, жауап бергім келмейді. Ал жас мұғалім (Талапқа
қарап), сіз қалада өскен жігітсіз, қой бағу – футбол ойнау
емес. Және де қатты айтамын, қала балалары алған жоғары
білімді, дала балалары да алуға қақысы бар.
Б а л т а ш. Міне, жөн сөз. Әрине, біздің балалар әлі де
оқиды.
Т а л а п. Кәрібай Асарович, сіз қала, дала деп олай
бөлмеңіз. Аудан орталығы да қала!
Б а л ш е к е р . Е-е, мына бала екен ғой бәрін алатайдай
бүлдіріп жүрген. Бәсе, бәсе, қыс ішінде мұндай леп қайдан
шықты десем... Балалардың кім болатынын өзіміз... өзіміз
шешетін шығармыз...
Т а л а п. Балшекер апай, Қанаттың мектеп бітірген соң
кім болатынын бұрыннан білетін бе едіңіз?
108
Б а л ш е к е р . Әуелі бітірсін, сосын қай оқуға түседі,
соған байланысты.
Б а л т а ш. Иә, қай оқуға түсуіне байланысты.
Т а л а п. Онда, қай оқуға түскісі келетінін білдіңіз бе?
Б а л ш е к е р . Шырағым, қазір баланың қай оқуға
түсетінін ешкім де білмейді. Өзі де білмейді.
Б а л т а ш. Бағына қарай да. Оқуға түсу деген қазіргі
кезде картаның ойыны сияқты. Қолың жүрсе – ұтасың,
жүрмесе – ұтыласың.
Б а л ш е к е р . Ұта ма, ұтыла ма, әйтеуір біздің
Қанат қойшылар дайындайтын институтқа түспейтіні
анық.
Б а л т а ш. Мына Аплаштардың кезінде ғой, оқу дегенге
шақырып, үгіттеп жүретін. Осы Аплаш мектепті жаман-ақ
бітірді, не керек, білдей пркорол.
А п л а ш. Тап сенен жаман оқығам жоқ, Кеңірдек!
Т а л а п. Сіз, Аплаш ағай, қай оқу орнына жібермекшісіз
балаларыңызды?
А п л а ш. Қай оқу орнына болса да, әйтеуір бір мамандық
алып шықса...
Б а л т а ш. Иә, қолына бір қатырма қағаз алса, тесік
түйме жерде қалмас...
Т а л а п. Василий Оттович, сіздің ойыңыз не? Андрейден
сұрадыңыз ба?
В а с и л и й О т т о в и ч . Кішкентай кезінде солдат
боламын дейтін. Балалардың әдеті емес пе мылтыққа әуес
болатын.
Б а л т а ш. Біздің бала да жамбасына ағаш наған байлап,
Шиаяқ болам дейтін.
Б а л ш е к е р . Шиаяғы кім?
109
Б а л т а ш. Әлгі, баяғы қисық аяқ милиционерші? Бертін
оны қойды.
В а с и л и й О т т о в и ч . Біздің бала да бертін
ихтиолог боламын деп екі жәшік аквариуммен күні-түні әуре.
Кейін оны да тастап, космонавт боламын дегенді шығарды.
Былтырдан бері оны да қойды.
Б а л т а ш. Сонысы дұрыс. Сол космонавтарыңның
қызығы кетіп барады. Қазір кейінгілерінің аттарын да
білмеймін.
В а с и л и й О т т о в и ч . Біздің бүкіл ұрпағымыз –
менің әкем, әкемнің әкесі, оның әкесі – бәрі диқан. Былтыр
жаз бойы балам өзіме қолқанат болып, үлкендермен бірдей
еңбек етті. Енді оқу бітірген соң, менің тракторыма біржола
отыратын шығар деп үміттенуші едім. Шынын айтайын,
Андрейден қойшы шығады деп еш уақытта ойлағам жоқ.
Оны енді... істей алса...
Б а л ш е к е р . Қайдағы істеген-ау. Жасынан өтке-
рілген Бәкендердей қарттар болмаса, осы күнгі бұла боп
өскен балалар... Өй, әншейін шитімек балалардың басын
қатырып, уақыттарын зая кетіру. Тіпті мазақ, мұның аты
мазақ!
В а с и л и й О т т о в и ч . Қойыңыз, еңбек еткен
де мазақ болып па. Балалардың әз қалауы біледі де...
Б а л т а ш. Әй, Васелей, баланың да баласы бар. Біреудің
баласы іштен туа сұңғыла боп, дүниеге қасығы мен айырын
ұстай келсе, енді біреудің баласы портфелін құшақтап келеді.
Сенің ұлың туғанда тракторына мініп келген бала ғой!
В а с и л и й О т т о в и ч (күліп). Егер әркім ту-
ғанда не боларын ойлап туса, складчик жолдас, тап сен, жарық
дүниеге өңкей жүз теңгелікті уыстай келген шығарсың.
110
Т а л а п (күлкі мен қалжыңдарын бөліп). Меніңше,
балалар дүниеге келгенде ұлы Абай сөзін жаттап келген
сияқты: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан».
Б а л т а ш. Қарағым, сен оқыған Абайды біз де оқығанбыз.
Абай орыс ғалымдарымен танысқанша, көзін аша алмай,
қараңғы бай пиадалдарды ғана мақтаған. Байлардан бас-
қаның бәрін балшық, кірпіш деп төмен санаған. Ал жаны
бар кеңес балаларын, сен де, қарағым, кірпіш деп қорлама.
Қ а с ы м. Әй, Балташ, осы сенің үлкен ұлың институтын
неге тастап кетті?
Б а л т а ш. Е, адамның еркі мына рөмкедегі арақтай –
ішкісі келмесе ішпейді, ішкісі келсе ішеді. (Ішіп салады.)
Бір жыл пркорол, сот боламын, ұрыларды, саудагерлерді
соттатамын, бұйрократтарды жөндеймін деп кіжініп жүруші
еді, екінші жылы қайтып келді. «Ойбой, кісі соттау үшін көп
оқудың керегі жоқ екен. Статьяларды тармақ-тармағымен
жаттап алса», әлгі темір адам кім еді?..
К ә р і б а й. Робот, робот...
Б а л т а ш. Иә, иә! Сол робот та соттай береді екен деп
оқуын тастап кетті.
А п л а ш. Сен олай заңды қылжаққа айналдырма! Одан
да балам мектепте жаман оқитын, қазір еш жерге сыймай
жүр, жалқау, дармоед де?
Б а л т а ш. Әй, пркорол, олай ғайбаттама баламды. Сенің
де сауатыңды білеміз. Біреуді қаралау үшін де сөз таба алмай
әлгі бір кодексіңді, 25 жыл болды, құрандай пысықтап,
ежелеп жүрсің ғой. Дармоедіңді қой!
И в а н С е р г е е в и ч . Дармоед емей немене,
еш жерде жұмыс істемейді. Бар өнері қаршадайынан әйел
алып, машинасымен салпақтау.
111
Б а л т а ш. Әйел алса, соқталдай жігіт, он алтыдағы бала
кеңес заңы бойынша үйленуге қақы бар. Осы күнгі жастар-
дай тайдай талтүсте жебір бұзауларша көшеде көрінген
қыздың бетін жалап тұрсын деймісің...
Г ү л с і м. Жә, сіздер мұнда айтысуға жиналып па
едіңіздер?!
Б а л т а ш. Жарайды, мұғалима, қойдық... Баламның
машина мініп сайрандағанын да бұл қазақ көре алмайды.
Жүрсін заманның түзуінде, әкесінің арқасында. Біз бала
күнімізде не көрдік. Жүрдек өгіз бен ат тырнауышқа
таласатынбыз.
Б а т т а л. Балташ, әй! Сен балама олай жақсылық
жасадым деп көкірегіңді соқпа. Сен қоғамға пайдалы бала
емес, масыл тәрбиелеп отырсың.
Б а л т а ш. Сіз, байқап сөйлеңіз... Қойыңызды баға
алмайды екенсіз, пенсияға шығыңыз, пысықси бермеңіз
енді.
Г ү л с і м. Балташ, сыпайылық деген қайда?
Б а л т а ш. Гүлсім апай, сіз бізге мұғалима болсаңыз,
оған отыз жыл өтті. Қазір мен төрт баланың әкесімін. Сіздің
оқушыңыз емеспін. Ал бүгінгі оқушыларды қойшылыққа
оқытсаңыз, жеткен жеріңіз белгілі екен. Енді тезірек Бате-
кеңмен бірге сіздің де пенсияға кеткеніңіз абзал!
Қ а с ы м. Тоқтат, Балташ, ішіп алып аузыңа келгенді
сөйлемей!
Б а л т а ш . Қойдық, қойдық, басеке! Мені масс деп
ойламаңыз.
Қ а с ы м. Өз балаң туралы пікіріңді тыңдадық, енді
басқаның баласында шаруаң болмасын!
Б а л т а ш. Е, онда кетейік, біздің сөзіміз жараспаса!
112
Қ а с ы м. Мейлің!
Б а л т а ш. Бұл енді сіздің кабинетіңіз емес қой. Жарайды,
сонда да кетейік. (Орнынан тұрады.) Ал соңғы айтарым
– балалардың басын қатырмаңдар. Ертең айдалада бір
шұңқырда өліп қалса, кім жауап береді?
Б а л ш е к е р (шошынып). Қой, қайдағы сұмдықты
айтпай!
Б а л т а ш. Мен жасымнан, бетің бар, жүзің бар демей
тура айтатын адаммын. Бәріміз де бір жерде өсіп-өнген
балалармыз...
Т а л а п. Сонымен не айтпақшысыз?
Б а л т а ш. Менің айтарым, әкеңнің өлгенін жасырғанда,
көмгенде қайда қоясың дейді ғой. Сол айтпақшы – шешелері
дайындап берген алдындағы асын дұрыстап іше алмайтын
құйтымдай балалар ертең алдына салған отар-отар қойдан
айырылып қалса, ешкім де аяушылық етпейді. Ондай
еркеліктерін кеңес заңы көтере алмайды. Солай емес пе,
пркорол жолдас?
А п л а ш. Былай енді... Әрине, бар азаматқа заң
біреу. Жолдастар, бағанадан бергі айтқан Балташтың көп
сөздерінің ішінде мына бір сөзінің жаны бар: қой жайылымы
– арнайы дайындалған әскери жаттықтыру полигоны емес,
қой фермасы – мектептегі химиялық лаборатория емес.
Онда жаттығуға бармайды, жұмыс істеуге, алдындағы әр
малды көзінің қарашығындай сақтауға, өсіруге, өндіруге
барады. Ендеше, бұл – жауапты іс. Әркім басымен жауап
беретін шаруа.
Б а л т а ш. Бәсе!.. Өзің-өз болып дұрыс сөйлегенің осы.
А п л а ш. Мен Досқанымнам қорықпасам да, Ғазизадан...
Қыз баланың аты қыз бала...
113
К ә р і б а й. Иә, қыз баланың қолы емес. Менің Тәнзилам
да, тіпті еден жуып көрген емес...
И в а н С е р г е е в и ч. Және бұл спецификасы бөлек
жұмыс.
Б а л т а ш. Иә, қойшылыққа тізіммен алуды доғару керек.
Б а т т а л. Оған неғылған тізім. Менің Күләш деген
қызым біріңнің ұлыңнан кем емес. Жаз бойы маған қолғабыс
беретін сол.
Б а л т а ш. Әрине, көзі қанат та. «Ата көрген оқ
жонады». Менің Қарас ұлым да жаз бойы қоймада тауар
алып, тауар бөлгенде қолы қолына жұқпайды. (Қайта
орнынан тұрып.) Ойбой, мен тағы да отырып қалыппын
ғой. Кетейін. Рұқсат болса, бір сұрақ... (Стаканына арақ
құяды.)
И в а н С е р г е е в и ч . Сіздің де сөзіңіз таусылмайды
екен!..
Б а л т а ш (Талапқа). Қарағым, сенен менің бір
сұрағым бар. (Арағын ішіп алады.)
Т а л а п. Сұраңыз.
Б а л т а ш. Сен осы қайдан келдің?
Т а л а п. Алматыдан.
Б а л т а ш. Онда жұмыс табылмады ма?
Қ а с ы м (күліп). Оу, бұл екінші сұрақ...
Б а л т а ш. Бір-бірімен ағайындас сұрақтар ғой. Мәуелі
ағаш ішіндегі тамаша қаланы тастап, айдаладағы тақыр
ауданға неге келдің?
Т а л а п. Айтайын, алыстағы ауданда оқып жатқан сіздей
адамдардың балаларына ұстаздық пайдам тие ме деп келдім.
Б а л т а ш. Сондағы пайдаң – қойға жіберу ме? Ой-бо-
ой, қарағым-ай! (Кеңкілдеп күледі.)
114
Т а л а п. Сіздіңше, қойдың еті дәмді де, қой бағу дәмсіз
бе?
Б а л т а ш. Е-е, жаңа түсіндім. Қаладағы базарда ет-
тің бағасы күйіп тұр дейді. Тегі, әке-шешеңе ет дайындау-
ға келгенсің ғой. Мұғалім емес, экспедитор, заготовителмін
де!..
Г ү л с і м. Балташ, ұят емес пе, өзіңнің балаңдай адамға!
Т а л а п. Бәке, егер менің әке-шешемнің етке қалай қа-
райтынын шын білгіңіз келсе, айтайын. шешем, төрт жыл-
дай болды, науқас – асқазаны ауырады, дәрігерлер ет жеу-
ге мүлдем қоспайды: диетада! Ал әкем, енді сіздің ба лаңыз
баққан қой етін жей алмайды. Оған қиналмаңыз – былтыр
дүние салған!
Тірі күнінде, осы отырған бәріңізді де аузынан тас тамау-
шы еді. Әке сөзіне қарап Сіздерді көргенше асық едім,
сырттай ғашық едім, енді көп нәрсені ойымдағыға ұқсата
алмай отырмын. Сіздің бала күнгі лақап атыңыз (Аплашқа)
Қожанасыр емес пе еді.
А п л а ш (таңырқап). Иә! Аздап аңғалдау болғаным
рас.
Т а л а п (Қасымға). Сіздің атыңыз Пипин Короткий.
Қ а с ы м (күліп). Иә, бойым шарқылау еді жасымда.
Т а л а п (Балташқа). Сіздің есіміңіз – Кеңірдек!
А п л а ш. Тура, тура, бұл балапан әтештерше төбелесқой
болатын.
Т а л а п (Балшекерге). Сізді «Шырылдауық шегіртке»
демеуші ме еді? Сізді (Батталға) «Шалбарбек» дейтін.
Б а т т а л. Қарағым-ау, сонда мұның бәрін айтып жүрген
кім, әкең кім өзі?
115
Қ а с ы м. Иә, кім?..
Т а л а п. Араларыңызда кім жоқ құрбыларыныздан?
Ұмытқандарыңыз ба?
Г ү л с і м. Талаптың әкесін «Сыбызғы» дейтін едіңдер
ғой!
Б ә р і (жамыраса). Бақыт?!
–
Ақын Бақыт!
–
Өзіміздің Бақыт!
Т а л а п. Әкем, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында-
ғы сіздер туралы, сіздердің балаларыңыз – болашақ ұрпақ
жайында дастан жазып қалдырды. Батекеңнің тойында тост
орнына содан үзінді оқып беруге рұқсат етіңіздер:
Содан бері көп жылдар
өтіп кетті іргелі,
Отыз көктем,
отыз қыс,
отыз жаз бсн отыз күз...
Қанатты, ұшқыр уақыттың
Табаны жерге тимеді.
Қаршадай
нәзік болсақ та.
Біздерді бала демейтін,
ыстыққа күйіп, суықта,
Түн қатып жүріп тоңсақ та,
Тамағыңды іш, ұйықта, –
Деп, мүсіркеп, туыс та
Қамыңды онша жемейтін.
Тырнауыш,
айыр иықтан
Жаз болса,
әсте түспейтін.
Титықтап,
қажып жұмыстан
116
Жүргенде,
қайда туысқан:
«Мезгілмен тамақ іш», – дейтін...
Қазіргі күндей тоқшылық,
Жүгіру қайда доп қуып,
Тары көже,
бидай қуырған –
Үлкені астың бұйырған,
Жамаулы киім – жоқшылық...
Дастан үзіліп қалады. Бөлмеге өңі қашқан Қарас кіреді.
Б а л т а ш. Оу, біздің бала. (Шошынып.) Ой!
Б а л ш е к е р (үрейлі). Бәрің келдіңдер ме?
Б а л т а ш. Қой бағып жетістіріп келген шығарсыңдар.
Түріңнен көрініп тұр.
Ұзынтұра Қарас шеттегі орындыққа сылқ етіп отыра
кетеді. Бәрі өре түрегелген.
И в а н С е р г е е в и ч . Мына балаға не болған?
А п л а ш. Мына баланың түсі келмейді ғой?
И в а н С е р г е е в и ч . Амансыңдарма?
Қ а р а с . Бүгін... екінші күн... Жаңа милицияға хабар-
ладым...
Б а л ш е к е р . Құдай-ай! Құлындарым-ай!
Қ а р а с. Бүгін екінші тәулік... Балалар жоқ... Адасып
кетті. Бәрі де...
Шошынған, үрейленген сәт. Милиция қызметкері
қолма-қол рацияны қосады.
Р а ц и я д а д а у ы с . «Милиция қызметкерлері, бә-
рің де аудандық милиция бөліміне тез жиналыңдар! Бәрің
де! Тез, іздеу саламыз... Іздеу саламыз!..
117
Достарыңызбен бөлісу: |