Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Қазақстан  азамат  соғысы  жылдарында  (1918-1920  жж.)



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата22.12.2016
өлшемі0,78 Mb.
#213
1   2   3   4

Қазақстан  азамат  соғысы  жылдарында  (1918-1920  жж.).  «Әскери 

коммунизм»  саясаты.  Ә.Жангелдиннің  экспедициясы.  Колчак  әскерін 

талқандау.  

РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссариатының  Қазақ  бөлімі  (11 

мамыр,  1918  ж.).  Мұхамедияр  Тұнғаншин.  Қырғыз  (қазақ)  революциялық 

комитетінің  құрылуы  (Кирревком  -  10  шілде,  1919  ж.).  Алашордашыларға 

амнистия жариялау (4 қараша 1919 ж.). Түркістан АКСР-нің құрылуы (1918-

1924  жж.).  Т.Рысқұлов,  С.Қожанов.  О.Жандосов,  Н.Төреқұлов  және  т.б. 

қызметі.  

Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының 

(ҚазАКСР)  құрылуы  (26  тамыз,  1920  ж.).  КСРО-ның  құрылуы  (1922  ж.). 

Большевиктер  билігінің  нығаюы.  Кеңестік  ұлттық-мемлекеттік  құрылыс 

үлгісінің  іске  асырылуы.  Ұлттық-территориялық  межелеу  және  оның 

нәтижелері  (1924  ж.).    Қазақстан  құрамында  Қарақалпақ  автономиялық 

облысының  құрылуы.  Қазақстанның  әкімшілік-аумақтық  құрылымы. 


19 

 

Әміршіл-әкімшіл  жүйенің  қалыптасуы.  КСРО  Конституциясы  (1924  ж.). 



Большевиктер саясатының амбиваленттік (ішкі қайшылық) сипаты. 

Қазақстандағы астаналар тарихы (Орынбор, Қызылорда, Алматы). 



Қазақ  даласындағы  ашаршылық  (  1917-1918  жж.;  1921-1922  жж.).  

Себептері мен салдары. «Қазақтардың Ленинге хаты» (20 тамыз, 1920 ж.).  

Дәстүрлі  қазақ  қоғамының  бұзылуы.  Кеңес  үкіметінің  Қазақстандағы 

әлеуметтік-экономикалық 

саясаты 

және 


оның 

бағыттары. 

Жаңа 

экономикалық саясат.  Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы.  



Тоталитарлық  тәртіптің  орнауы.  В.И.  Лениннің  өлімі  (1924  ж.).  И.В. 

Сталиннің билікке келуі. Әміршіл-әкімшіл басқару әдістерінің күшеюі.  

Большевиктік  аграрлық  революция.  Ф.Голощекиннің  «Кіші  қазан» 

саясаты.  Астық  дайындау  науқаны.  Күштеп  ұжымдастыру.  Шаруаларды 

қудалау. Бай қожалықтарын жою. Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығын 

күйрету.  



1931-1933  жылдардағы  ашаршылық.:  демографиялық  салдары. 

Аштықпен күрес: қазақ зиялыларының рөлі, жергіліктің халық наразылығы. 

Таптар  күресінің  шиеленісуі.  Шаруалар  көтерілістері  (1929-1931  жж.). 

Шетел асу: Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей.  

Индустрияландыру  саясаты: қайшылықтары мен зардаптары. Өнеркәсіп 

және  оның  шикізаттық  бағыт-бағдары.  Теміржол  құрылысы.  Түрксіб. 

М.Тынышбаев, 

Т.Рысқұловтың 

қызметі. 

Индустриялық 

кадрларды 

қалыптастастыру. Аймақтағы жұмысшылардың саны мен құрамы. 



Қоғамдық-саяси  өмір.  Партия  құрылысы.  Кеңестер  қызметі,  комсомол 

ұйымдары.  Кәсіподақтар.  Қазақ  АКСР-нің  Қазақ  КСР-і  болып  өзгеруі  (1936 

ж.).    Қазақ  КСР-інің  құрылуы,  тарихи  маңызы.  КСРО  Конституциясы  (1936 

ж.).  Қазақ  КСР  Конституциясының  қабылдануы  (1937  ж.).  Корейлерді 

депортациялау (1937-1938 жж.). 

Қазақстан мәдениеті, білім беру жүйесі және ғылым. Сауатсыздықты 

жою.  Жазу  реформалары:  араб  әліпбиінен  латын  әліпбиіне  көшу; 

кириллицаны  енгізу.  Кеңестік  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуы.  Орта  және 

жоғары  мектептерді  қалыптастырудағы  ұлттық  интеллигенцияның  рөлі. 

С.Сейфуллин,  Т.Жүргенов,  С.Сәдуақасов  және  т.б.  қызметі.    Қазақстандағы 

алғашқы жоғары оқу орындары. Қазақстан ғылымының дамуы. КСРО Ғылым 

Академиясының Қазақстандық базасының қалыптасуы (1932 ж.) және КСРО 

Ғылым Академиясы бөлімшесінің ашылуы (1938 ж.).  

Қазақ  әдебиеті.  Қазақстан  баспасөзі.  Өнер.  Көрнекті  мәдениет 

қайраткерлері.  Қоғамдық-саяси  өмір.  Партия  құрылысы.  Кеңестер  қызметі, 

комсомол  ұйымдары.  Кәсіподақтар.  Қазақ  АКСР-нің  Қазақ  КСР-і  болып 

өзгеруі (1936 ж.).  Қазақ КСР-інің құрылуы, тарихи маңызы.  



Тоталитарлық  жүйенің  күшеюі.  Қазақстандағы  жаппай  саяси  қуғын-

сүргін  және  оның  кезеңдері.    Қазақ  зиялыларын  айыптау.  «Алаш»  ісі.  Сот 

процестері.  Қазақстандағы  «Үлкен  террор».  Қазақстандағы  Лагерлер  Бас 

Басқармасы  (ГУЛАГ).  КарЛАГ,  АЛЖИР:  қасіретті  тағдырлар.  Тапсыз 

«коммунистік  қоғам»  құрылысы  туралы  аңыз.  Бұқаралық  ақпарат 


20 

 

құралдарының жаңа түрлерінің (теледидар, радио хабарлары) дамуы. 



Екінші дүние жүзілік соғыс  (1939-1945 жж.) және  Ұлы Отан соғысы 

жылдарындағы  Қазақстан    (1941-1945  жж.).  Ұлы  Отан  соғысы  отандық 

және  шетелдік  тарихнамада:  жаңа  зерттеулер  мен  айғақтар.  Соғыс 

қарсаңындағы  КСРО  және  Қазақстан.  КСРО-ның  халықаралық  жағдайы. 

Екінші  дүние  жүзілік  соғыстың  басталуы  (1  қыркүйек,  1939  ж.).  Фашизм. 

Германияның  Кеңес  Одағына  басып  кіруі  (22  маусым,  1941  ж.).  Халық 

шаруашылығын  соғыс  жағдайына  бейімдеп  қайта  құру.  Көшірілген 

кәсіпорындар мен халықтар: оларды қабылдау және орналастыру.  

Қазақстандықтар  соғыс  майданында:  Ленинград  қорғанысы,  Мәскеу 

шайқасы,  Сталинград  шайқасы,  Курск  доғасы  және  басқа  да  шайқастар. 

Қазақстандықтардың    партизандық  жасақтарға,  қарсыласу  қозғалыстарына, 

Берлин  операциясына  қатысуы.  Қазақстандық  Кеңес  Одағының  батырлары. 

Қазақстан  –  майдан  арсеналы.  Қазақстандықтардың  тылдағы  ерлігі.  Соғыс 

тауқыметі:    «Түркістан  легионы»  және  Германиядағы  тұтқындар  тағдыры. 

Қазақстандағы шетелдік әскери тұтқындар.  

Қазақстанға  қоныс  аударылған  халықтар,  еңбек  армиялары  және 

олардың  тағдыры.      Қазақ  халқының  басқа  этностармен  қарым-қатынасы. 

Күштеп  көшірілген  халықтардың  Қазақстан  экономикасы  мен  мәдениетіне 

қосқан үлесі. 1917-1939 жж.  Қазақстан халқы құрамындағы өзгерістер.  

Соғыс  жылдарындағы  халық  ағарту  ісі.  Ғылым  мен  мәдениет  – 

майданға. Ж.Жабаев, Қ. Мұңайтпасов. Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі 

және Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру 

бойынша дайындық жұмыстары туралы» шешімінің қабылдануы (18 тамыз, 

1944 ж.)  

Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  Қазақстан  (1946-1953  жж.).  Елдің 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  КСРО  экономикасын  қалпына  келтіру. 

Карточкалық  жүйенің  жойылуы.  1947  жылғы  ақша  реформасы.  Мәдениет, 

ғылым  мен  білім.  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  құрылуы. 

Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  жағдай.  Жаңа  идеологиялық  науқандар. 

Өзгеше  ойлайтындармен  күрес.  Гуманитарлық  ғылымдар  саласына 

бақылаудың 

күшеюі. 


Ғалымдарды 

қуғындау: 

«ар-ождан 

соты». 


«Е.Бекмаханов ісі». «Б.Сүлейменов ісі». 

КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі.  Л.Берияның тұтқындалуы 

және  ату  жазасына  кесілуі.  Н.С.  Хрущевтің  билікке  келуі.  Республикадағы 

қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі.  Қазақстандағы әкімшілік-

аумақтық өзгерістер. 

Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.).  

Хрущевтік 

«жылымық» 

кезеңі, 


әлеуметтік-экономикалық 

сипаты. 


Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы.  

Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру:  жетістіктері  мен  тәжірибесі. 

Халықтың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  Республиканың  қоғамдық-

саяси өмірі.  

Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» 


21 

 

кезеңіндегі  қарама-қайшылық.  Жүйені  жұмсарту  әрекеттері.  Волюнтаризм 



және  субьективизм.  1950-1970  жылдардағы  әлеуметтік  шиеленістер.  

Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының 

күнделікті өмірі. 

 «Тоқырау» 

жылдарындағы 

Қазақстан 

(1964-1985 

жж.). 

Қазақстандағы  биліктің  ауысуы.  Д.А.Қонаев  –  Қазақстан  Компартиясы  ОК-

ның    Бірінші  хатшысы.  Мемлекеттік-партиялық  жүйе  және  партиялық 

номенклатураның  шексіз  билігі.  Қазақстандағы  ұлтаралық  қатынастар. 

Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО 

Конституциясы  (1977  ж.).  Қазақ  КСР  Конституциясының  (1978  ж.) 

қабылдануы.  Целиноград  оқиғалары  (1979  ж.).  Ел  экономикасының 

тоқырауға  ұшырауы.  Экономиканы  реформалаудың  кезекті  қадамдары.  

Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: 

жалақыдан  жалақыға  дейін.  Қоғамдық  –  саяси  өмір  және  оның  ерекшелігі. 

Экологиялық  проблемалардың  шиеленісуі:  Семей  ядролық  сынақ  айлағы, 

Арал  теңізінің  тартылуы,  өмір  сүруге  қолайсыз  аймақтардың  көбеюі. 

«Кемелденген  социализм»  дағдарысы  жылдарындағы  Қазақстан.  Қоғамның 

рухани-мәдени  өмірі,  қоғамдық  қозғалыстар.    Ауғанстан  жеріне  кеңестік 

әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық. 

Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.). Дағдарыс және 

әміршіл-әкімшіл  жүйенің  күйреуі.  М.  Горбачев  –  «қайта  құрудың» 

бастамашысы.  Халықтың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  Кеңестік 

әміршіл-әкімшіл  жүйенің  созылмалы  дағдарысы.  Қайта  құру  кезеңіндегі 

республиканың  қоғамдық-саяси  өмірі.  Жариялылық  және  «қайта  құру» 

саясаты.  1986  жылғы  желтоқсан  көтерілісі:  себептері  мен  зардаптары.  

Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны. 

КСРО-ның  ыдырауы  қарсаңындағы  Қазақстан.  Республикадағы 

әлеуметтік-саяси  үдерістер.  «Қазақ  КСР-де  тілдер  туралы  Заңның» 

қабылдануы (22 қыркүйек, 1989 ж.). Қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктер 

және  ұлттық-мәдени  орталықтардың  құрылуы  (1989–1990  жж.).  «Невада-

Семей» қозғалысы, «Арал-Балқаш», «Әділет» тарихи – ағарту қоғамы, «Қазақ 

тілі» қоғамы және экологиялық қозғалыстар.  

Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Қоғамдық қозғалыстар 

мен  алғашқы  саяси  партиялардың  құрылуы:  «Алаш»  партиясы,  «Қазақстан 

социал-демократиялық  партиясы»,  «Желтоқсан»  ұлттық-демократиялық 

партиясы,  «Азат»    және  «Бірлік»  Қазақстан  азаматтық  қозғалысы.  Одақтық 

басшылықтың  әлсіздігі,  аяқталмаған  реформалар,  қарама-қайшылықтардың 

белең алуы.  

Кеңестік  кезеңдегі  тарихи-демографиялық  жағдай.  1940-1989 

жылдардағы  Қазақстан  халқының  құрамындағы  өзгерістер.  ХХ  ғ.  90-

жылдарындағы Қазақстандағы негізгі ұлттар санының динамикасы.  

ХХ  ғасырдағы  қазақ  диаспорасы.  Қазақ  диаспорасының  жалпыға 

ортақ  сипаты  және  ерекшелігі.  Қазақ  диаспорасының  көші-қон  тарихы: 

Ұлттық  интеллигенция  өкілдері  қызметінің  эмиграциялық  кезеңі. 


22 

 

Ашаршылық  кезінде  шетел  асқан  қазақтар.  Қытай  (Шығыс  Түркістан) 



қазақтары.  Түркия  қазақтары.  Монғолиядағы  қазақтар.  Таяу  шетелдердегі 

қазақтар. Қазақ диаспорасының ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап қалуы және 

қайта жаңғыртуы.  

 

3.2  ҚАЗАҚСТАН  -  ТӘУЕЛСІЗ  МЕМЛЕКЕТ.  



ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ  

(желтоқсан 1991 ж. – бүгінге дейін) 



 

Тәуелсіздік 

жолындағы 

батыл 

қадамдар

Республиканың 

Президенттік қызметін бекіту (сәуір, 1990 ж.). Мемлекеттік егемендік туралы 

Декларацияны  қабылдау  (қазан,  1990  ж.),  Семей  ядролық  сынақ  айлағының 

жабылуы және ядролық қарудан бас тарту; Лиссабон хаттамасы (тамыз, 1991 

ж.).  1991  жылғы  тамыз  бүлігі  және  одақтық  мемлекеттің  ыдырауы,  КСРО-

ның  күйреу  себептері.  Алматы  декларациясы.  КОКП  мен  Қазақстан 

Компартиясының  таратылуы.  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының 

құрылуы.  Алғашқы  жалпыхалықтық  президенттік  сайлаулар,  мемлекеттің 

жаңа атауын қабылдау (желтоқсан, 1991 ж.). Н.Ә. Назарбаев – Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті.  Республика атауының өзгеруі. Қазақстан тарихындағы 

«қазіргі кезең» ұғымы.  



Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялау және мемлекеттілік 

негіздерінің 

қалыптасуы. 

Мемлекеттік 

құрылыс. 

«Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 

қабылдануы.  Қазақстан  тәуелсіздігі  қарсаңындағы  сын-тегеуріндер: 

қиыншылықтар,  проблемалар  және  оларды  еңсеру.    Қазақстан  –  БҰҰ  және 

басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Қазақстанның егеменді мемлекет 

ретінде  қалыптасуы  мен  дамуы  стратегиясын  жасау:  орта  мерзімді 

жоспарлаудың  алғашқы  тәжірибесі.  Тұтас  қазақстандық  азаматтықтың 

орнауы. Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдік маңызы бар алаң. Тұңғыш қазақ 

ғарышкерлері.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздерін  бекіту. 

Мемлекеттік шекараны анықтау.  Алматы – тәуелсіздік бесігі. «Сындарлы он 

жыл»: түйінді мәселелердің шешімі. 

Конституциялық  құрылыс.  Конституциялық  реформа:  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясындағы  өзгерістер  мен  толықтырулар. 

Демократиялық және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы. Адам және азамат 

құықтарын  қорғау.  Құқық  қорғау  және  әскер  жүйесіндегі  реформа.  Сот 

реформасы.  Әкімшілік-аумақтық  бөлініс.  Мемлекеттік  басқару  жүйесін 

реформалау.  Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  үлгісінің  Тұжырымдамасы. 

Жемқорлықпен  күрес.  Мемлекеттік  басқару  жүйесінің  орталықсыздануы. 

Жергілікті және өзін-өзі басқару.  



Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту

Әлеуметтік-экономикалық 

реформалаудың  кезеңдері.  Жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға 

көшу  (1992-1995  жж.).  Экономиканы  ырықтандыру  бағыты.  Бағаны 

ырықтандыру.  Меншікті  мемлекет  иелігінен  алу  және  жекешелендіру. 


23 

 

Кәсіпкерлік  сектордың  құрылуы.  Шағын  және  орта  бизнесті  қолдау.  Банк 



жүйесін  реформалау.  Ұлттық  валюта  –  теңгенің  енгізілуі  (1993  жыл,  15 

қараша).  Нарыққа негізделген Қазақстан экономикасын мойындау. Шетелдік 

инвестицияларды  тарту.  Экономикалық  тұрақтану  (1996-1998  жж.). 

«Қазақстан-2030»  Стратегиясы:  елдің  даму  болашағы.    Әлемдік  қаржы 

дағдарысы  кезеңіндегі  экономикалық  даму  (1998-2000  жж.).  Үкіметтің 

дағдарысқа  қарсы  іс-шаралары.  Жер  реформасы  және  аграрлық  сектордың 

дамуы. Совхоздардың ыдырауы. Халық тұрмысының нашарлауы. Республика 

тұрғындарының күнделікті өмірі. 

Целиноград қаласына Ақмола атауының берілуі. Мемлекеттің астанасын 

көшіру және оның ресми тұсаукесері. Астана – Қазақстанның экономикалық 

өрлеу және гүлдену сатысы.  

Тұрақты  экономикалық  өсу  (2001-2007  жж.).  Мемлекеттік  меншікті 

басқаруды  жетілдіру.  Өндірісті  жаңғырту  және  бәсекеге  қабілетті  өнімдерді 

шығару.  Ақша-несиелік  саясат  және  қаржылық  қызмет  нарығы  мен  қаржы 

секторының дамуы.  

Әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  елінің  қатарына  қосылу  Стратегиясы. 

Әлемдік  экономикалық  үдерістер  жүйесіндегі  Қазақстан. Қазақстан  –  ШЫҰ 

мүшесі. 

Әлемдік  экономикалық  дағдарысты  еңсеру  және  дағдарыстан 

кейінгі  даму  (2008  ж.    -  бүгінге  дейін).  Әлемдік  қаржы  дағдарысының 

жалғасуы  және  үкіметтің  дағдарысқа  қарсы  іс-шаралары.  2010-2014 

жылдарға 

арналған 

Үдемелі 

индустриалды-инновациялық 

даму 

бағдарламасы  (ҮИИДБ).  Индустрияландыру  картасы  және  Бизнестің  жол 



картасы - 2020.  

«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты».  

Мемлекеттік аймақтық саясат. Аймақтардың экологиялық-экономикалық 

проблемалары  және  олардың  шешімі.  Әлеуметтік  және  еңбек  қатынастары 

саласындағы  әлеуметтік  шиеленістер  мен  қарама-қайшылықтар:  себептері 

мен салдары және оларды реттеу. 

Әлеуметтік  саяcат.  Жұмыспен  қамту  және  еңбек  нарығы:  өтпелі 

кезеңнің қиындықтары. Халықтың әлеуметтік жағдайы, өмір сүру сапасы мен 

деңгейі.  Тұрғын  үй  құрылысы.  Халықты  әлеуметтік  қорғау  саласындағы 

реформалар.  Зейнетақы  жүйесін  реформалау  және  жетілдіру.  Білім  және 

ғылым,  денсаулық  сақтау  ұлттық  жүйесіндегі  жаңару.  Спорт  пен  туризмнің 

дамуы. Қазақстанның спорт әлеміндегі жетістіктері.  



Демографиялық және көші-қон үдерістері. Тәуелсіздіктің алғашқы он 

жылдығындағы  демографиялық  жағдайдың  күрт  нашарлауы.  Өтпелі 

кезеңдегі  белсенді  көші-қон  үдерісі.  Халықтың  қозғалыс  ағымы. 

Отандастардың елге оралуы. І Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы (1992 ж.). 

Тәуелсіз  Қазақстанның  алғашқы  халық  санағы  (1999  ж.).  Түбегейлі 

демографиялық  өзгерістер.  Табиғи  және  көші-қон  есебінен  халық  санының 

тұрақты  өсуі.  Көші-қон  үдерістерін  реттеу.  Екінші  халық  санағы  (2009  ж.). 


24 

 

Қазақ  халқы  үлесінің  артуы.  Отандастар  және  «Нұрлы  көш»  мемлекеттік 



бағдарламасы. 

Саяси  жаңғырту.  Саяси  жүйенің  қалыптасуы.  Президенттік 

институттың  құрылуы  мен  дамуы.  Парламентаризм  институтының 

эволюциясы  және  оны  жетілдіру.  Сайлау  жүйесі  және  сайлау  үдерісін 

жетілдіру. Бір палаталы Парламентке алғашқы сайлау (1994 ж.). Екіпалаталы 

Парламенттің  бірінші  сессиясы:  Сенат  пен  Мәжіліс  спикерлерін  сайлау  (31 

қаңтар,  1996  ж.).  Аралас  сайлау  жүйесі  бойынша  республика  Паламентіне 

сайлау  (10  қазан,  1999  ж).  2007  ж.,  2012  ж.  Парламент  Мәжілісіне  сайлау. 

Парламенттің  таратылуы  және    Қазақстан  Республикасының  Президентін 

сайлау.    Мемлекет  басшысына  Ұлт  Көшбасшысы  мәртебесінің  заңдық 

бекітілуі.  «Халық  қаһарманы»,  «Еңбек  ері»  мемлекеттік  атақтарының 

алғашқы иегерлері. 

Қоғамдық-саяси  өмірдің  демократиялануы.  Азаматтық  қоғам 

институттарын  орнату  және  дамыту.  Мемлекет  пен  Үкіметтік  емес 

ұйымдардың  өзара  байланысы.  Азаматтық  форумдардың  өткізілуі. 

Партиялық құрылыс және олардың Мәжіліс сайлауларына қатысуы (1999 ж., 

2004  ж.).  Мемлекеттің  ақпараттық  саясаты,  тәуелсіз  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының дамуы. 

Конфессияаралық  қатынастар  және  Қазақстанның  этносаясаты. 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы:  мәртебесі,  рөлі  мен  қызметі.  Ұлттық  бірлік 

доктринасы.   Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның экономикалық және мәдени 

дамуына  қосқан  үлесі.  «Бейбітшілік  және  келісім»  сыйлығының  алғашқы 

лауреаттары. 

Дін  және  мемлекет  саясаты.    Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  сьездері 

(Астана қ.). 

Қазақстан  мәдениеті.  Рухани  жаңғыру  және  Қазақстандағы 

этностардың  ұлттық  мәдениеті  мен  дәстүрлерінің  дамуы.  Наурыз  мерекесі 

мен дәстүрлі айтыс өнерінің жаңғыруы. Алаш мұралары. ІІ, ІІІ, IV Дүниежүзі 

қазақтарының  құрылтайлары.  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы: 

рөлі  мен  жетістіктері.  Әдебиет  пен  өнердің  дамуы.  Тілдерді  қолдану  мен 

дамытуға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарлама. 

Үш 


тұғырлы 

тіл 


тұжырымдамасының  дамуы.  2025  жылы  латын  әліпбиіне  көшу:  тәжірибе 

және  тиімді  шешу  жолдары.  Қазақстан  халқының  мәдениеті,  салт-дәстүрі 

және тұрмыс-тіршілігі.  

Білім  беру.  Білім  беру  саласындағы  өзгерістер:  жаңа  жоғары  оқу 

орындарының құрылуы, Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің (ҰБТ) енгізілуі. 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

халықаралық 

«Болашақ» 

стипендиясы. 



Қазақстан 

Республикасының 

сыртқы 

саясаты. 

Егеменді 

мемлекетіміздің  халықаралық  қауымдастықта  мойындалуы:  Қазақстанның 

халықаралық ұйымдарға мүше болуы.  Көпвекторлы сыртқы саясат. Әлемнің 

жетекші  елдерімен  стратегиялық  әріптестік.    Мемлекеттік  шекараны 

делимитациялау  және  межелеу.    Каспий  теңізі  мәртебесін  реттеу.  Қазақстан 



25 

 

Республикасының 



Президенті 

Н.Ә. 


Назарбаевтың 

халықаралық 

тұрақтылықты  нығайтудағы  сыртқы  саяси  бастамалары.  Н.Ә.  Назарбаевтың 

еуразияшылдық  бастамасы.  Қазақстанның  аймақтық  қауіпсіздік  жүйесін 

құруға  қатысуы.  Қазақстан  және  ТМД  елдері:  Бірыңғай  экономикалық 

кеңестік пен Кеден одағына қатысуы. АӨСШК, ШЫҰ жүйесіндегі Қазақстан. 

Қазақстанның  ҚХР,  АҚШ  және  Еуропа  елдерімен  қарым-қатынасы. 

Қазақстан  және  Түркі  қауымдастығы.    «Еуропаға  жол»  мемлекеттік 

бағдарламасы.  Қазақстан  және  ЕҚЫҰ.  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығы 

және  Астана  саммиті.  Қазақстанның  ШЫҰ  мен  Ислам  Ынтымақтастық 

Ұйымына  (ИЫҰ)  төрағалық  етуі.  Қазақстан  –  БҰҰ-ның  Адам  құқықтары 

кеңесінің  мүшесі.  Еліміздің  жетістіктерін  халықаралық  қауымдастықтың 

мойындауы.  Қазақстанның  халықаралық  рейтингтегі  орны,  жаһандық 

ядролық  қаруды  таратпау  қозғалысындағы  жетекшілік  рөлі.  Қазақстанның 

жаңа халықаралық бастамалары:                 «G-Global» жаһандық сұхбаты, 

жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шаралар  жоспары.  



Ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс қабілеті. ХХІ ғасырдың сын 

тегеуріндері мен қауіп-қатерлері. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік 

саясатының  негізгі  басымдықтары.  Қазақстанның  әскери  доктринасы. 

Қазақстанның  әскери  қауіпсіздік  саясатының  негізгі  басымдықтары.  Әскери 

реформалар. Қарулы күштер қызметіндегі әскерилердің күнделікті өмірі. 

Н.Ә.  Назарбаев  –  тәуелсіз  мемлекеттің  негізін  салушы  және  Ұлт 

Көшбасшысы.  Ұлт  Көшбасшысы  факторы  –  қазақстандық  реформалардың 

негізгі  өзегі.  Астана  –  тәуелсіздік  пен  биік  асулар  көрінісі.  Қазақстан 

Президенті Н.Ә. Назарбаев -  әлемдік беделді саясаткер.   

Қазақстан  жолы:  тәжірибе  және  қайта  зерделеу.  Тәуелсіздіктің  20 

жылдығын  мерекелеу:  қорытындылары  мен  жетістіктері.  «Қазақстан  -2030» 

Стратегиядан  «Қазақстан-2050»  Стратегиясына  дейін:  дамудың  жаңа 

басымдықтары.  Қазақстан  -  тиімді  даму  жолындағы  экономикасы  бар 

табысты  мемлекет.  Астанадағы  «EXPO-2017»  Халықаралық  көрмесі  – 

инновациялық экономика тетігі.  

Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен 

зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



26 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет