Әуен-сазды ойындар. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Сөйлеу қабілетін дамыту үшінкелесідей ойындарды ойнауға болады:
Біздің саяхат Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз
1. Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;
2. Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;
3. Айгерім допты алып жерге соға бастады;
4. Балалар тез секірді;
Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.
«Сылдырмақтар» М.Раухвергер Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.
«Көңілді жасырынбақ» В.Петрова Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.
Артикуляциялық ойын-жаттығулардың мақсаты -дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемдерде айжырата білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту. Мысалы: «Ақшақар» ойыны. Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.
Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Ақша қар, Ақша қар
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды,
Алақаныма қонасың.
Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.