Медициналық ұйымдардағы қызметкерлердің қол сүрту кезеңдері Қолды тиісті деңгейде сүртуді қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды сақтау керек: тырнақты алу қажет, қолға лак жақпау керек, жасанды тырнақтың болмауы, зергерлік бұйымдар мен сағатты тақпау қажет.
Медициналық ұйымдарда МККБИ қоздырғыштары берілуінің және таралуының негізгі факторы - бұл медициналық персоналдың манипуляциялар жасау кезінде немесе медициналық ұйымның сыртқы ортасының әртүрлі объектілерін (аппараттарды, аспаптарды, пациенттерге күтім жасауға арналған заттарды, санитарлық-техникалық жабдықты, төсек-орын әбзелдерін, медициналық бұйымдарды, таңу материалын, медициналық қалдықтарды) ұстау кезінде ластанатын қолдары.
Микроорганизмдердің қол арқылы берілу жолдарын болдырмау және МККБИ пайда болуы қаупін азайту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын олардың ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын барлық жағдайларда өңдеу қажет.
Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қол өңдеуінің үш:
қолды антисептик қолданбай, сабындап жуу;
қолды антисептик қолдану арқылы өңдеу;
қолды хирургиялық дезинфекциялау тәсілі бар.
2. Қолды антисептик қолданбай, сабындап жуу
Антисептиктерді қолданбай сабындап жуу келесі жағдайларда:
тамақ өнімдерімен жұмыс жасаудың, тамақ дайындаудың және үлестірудің алдында;
тамақ ішудің алдында;
дәретханаға барғаннан кейін;
науқаспен тікелей байланыс болмаған кезде пациентке күтім жасауға дейін және одан кейін (төсек-орын әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау);
инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, науқастың зақымдалмаған терісін ұстағаннан кейін (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу);
қол қатты ластанған барлық жағдайларда жүзеге асырылады.
Қолды жуу үшін жылы ағынды су, мөлшерлегіші бар флакондардағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын орамалдар немесе сүрткіштер қолданылады. Жартылай босаған флаконға сұйық сабын қосуға болмайды.
Қолды жуу мынандай реттілікте жүргізілуі қажет:
су шүмегін ашыңыз;
қолыңызды жылы сумен сулаңыз;
суланған қолыңызға сабын жағыңыз;
қолды EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес өңдеңіз (әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады, қолды өңдеу 30 секунд ішінде жүзеге асырылады):
- бір алақанды екінші алақанмен арлы-берлі ысқылаңыз;
- оң алақаныңызбен сол алақанның сыртын ысқылаңыз, қолыңызды ауыстырыңыз;
- бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ аралықтарымен біріктіріп, саусақтардың ішкі жақтарын жоғары және төмен қарай ысқылаңыз;
- саусақтарды біріктіріп, «құлып» жасаңыз, екінші қолдың алақанын бүгілген саусақтардың сыртымен ысқылаңыз;
- оң / сол қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен сол / оң саусақтың басын ұстап, айналдыра ысқылаңыз. Білекті айналдыра ысқылаңыз;
- оң / сол қолдың саусақ ұштарымен сол / оң қолдың алақанын дөңгелете отырып ысқылаңыз;
қолыңызды бір рет қолданатын орамалмен немесе сүрткішпен құрғатыңыз;
орамалды қоқыс жинауға арналған жәшікке немесе контейнерге тастаңыз.