инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттермен байланыс жасаудың алдында және одан кейін;
жаңа туған сәбилерді қарап-тексерудің алдында жүзеге асырылады.
Қолды антисептик қолдану арқылы өңдеу екі сатыдан: қолды сабындап жуудан және тері антисептигімен дезинфекциялаудан тұрады.
Қолды антисептик қолдану арқылы өңдеу мынандай реттілікте жүргізілуі қажет:
осы әдістемелік ұсынымдардың 8-тармағына сәйкес қолды сабындап жуу;
EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес қимылдардың реттілігін сақтай отырып, антисептикті қолыңызыздың терісіне кем дегенде 3 мл мөлшерінде толық құрғағанға дейін жағыңыз (антисептик қолданғаннан кейін қолыңызды сүртпеңіз).
Қолды өңдеу үшін жылы ағынды су, шынтақтық мөлшерлегіші бар флакондардағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын орамалдар немесе сүрткіштер қолданылады. Жартылай босаған флаконға сұйық сабын қосуға болмайды. Антисептик ретінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдар пайдаланылады.
Шұғыл жағдайларда немесе немесе жан сақтау бөлішелеріндегі жұмыс кезінде қолды сұйық сабынмен жуудың орнына антисептикті қолдануға болады.
Қолды хирургиялық дезинфекциялау
Қолды хирургиялық дезинфекциялау келесі жағдайларда:
кез-келген оперативті араласулардың алдында;
маңызды инвазиялы процедуралардың (мысалы, ірі қан тамырларын пункциялаудың) алдында жүзеге асырылады.
Қолды хирургиялық дезинфекциялау үш сатыдан: қолды механикалық тазартудан, тері антисептигімен дезинфекциялаудан және бір рет қолданылатын стерильді қолғаптарды киюден тұрады.
Қолды хирургиялық дезинфекциялау кезінде білек өңделеді, жылы ағынды су, шынтақтық мөлшерлегіші бар флакондардағы сұйық сабын және антисептиктер, бір рет қолданылатын стерильді орамалдар немесе стерильді сүрткіштер қолданылады.
Қолды және білекті хирургиялық дезинфекциялау кезінде оны EN-1500 еуропалық стандарты бойынша қимыл реттілігін сақтай отырып, сұйық сабынды қолдану арқылы жылы сумен жуады және стерильді орамалмен немесе стерильді сүрткішпен құрғатады, процедураның жалпы уақыты - 2 минут.
Механикалық тазарту сатысынан кейін 3 мл мөлшеріндегі антисептик EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес қимылдардың реттілігін сақтай отырып, қолдың терісіне дереу жағылады. Тері антисептигін жағу процедурасы 2 рет қайталанады, антисептиктің жалпы шығыны - 10 мл, процедураның жалпы уақыты - 5 минут.
Антисептик толық сіңгеннен кейін қолға бір рет қолданылатын стерильді қолғаптар киіледі.
Операция (процедура) аяқталғаннан кейін қолғаптар шешіледі, қолды сұйық сабынмен жуады және тері құрғамау үшін
қоректендіргіш крем немесе лосьон жағады.
__________________________________