Денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу сапасын бактериологиялық бақылау бойынша
нұсқаулық
Жоспардан тыс санитариялық-бактериологиялық бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, сондай-ақ бөлімшелер жабылғаннан кейін орындалған профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Ағымдағы бактериологиялық бақылау: босандыру залдарында, операциялық блокта, емшара, таңу бөлмелерінде, қарқынды терапия палаталарында, сүт беру бөлмесінде, босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталарында, балалар палаталарында жүзеге асырылады.
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша перзентханаларды тексеру кезінде шайындылар таза, сонымен қатар бұрын пайдаланылған заттардан да алынады.
Акушерлік стационарларда әртүрлі микроорганизмдерден МККБИ туындауы мүмкін екенін ескере отырып, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тексеру кезінде нақты жағдайға байланысты, бактериологиялық зерттеулер ауруханаішілік инфекцияны тудыруы мүмкін бактерияларға, оның ішінде стрептококктарға, жалғанмонадтарға, энтеробактерияларға және т.б. жүргізіледі.
Бөлінген микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау ерекше тәртіп бойынша (ішінара – микроорганизмдер қайта анықталған жағдайда) және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
1. Зерттеу объектілерінің тізбесі:
- ауа ортасы;
- медициналық құрал-саймандар;
- медицина персоналының қолы мен киімі, операция орнының терісі;
- хирургиялық тігіс материалы;
- қоршаған орта заттары.
2. Ауаның микробтық тұқымдалуын зерттеу
Ауаны бактериологиялық зерттеу ауаның 1 текше метріндегі микроорганизмдердің жалпы санын, ауаның 1 текше метріндегі зең және ашытқы саңырауқұлақтарының санын, ауаның 1 текше метріндегі St aureus колонияларының санын анықтауды көздейді.
Бұл ретте хирургтың, операция мейірбикесінің жұмысына байланысты микроорганизмдердің көп пайда болуы мүмкін операция орнындағы ауа ортасының жағдайына ерекше назар аудару керек.
Ауа сынамасы аспирациялық әдіспен Кротов аппараты, ПАБ, ПОВ-1 және басқа да ұқсас модельдер арқылы іріктеледі.
Сынаманы іріктеу аппараты болмаған жағдайда ауаның жалпы тұқымдалуын анықтау үшін 10 минут бойы, St. aureus анықтау үшін 20 минут бойы ет-пептонды агары бар табақшаға микрофлораның седиментациясы (шөгу) әдісімен жабық үй-жайлар ауасының микрофлорасына зерттеу жүргізуге жол беріледі.
Орталықтандырылған стерилдеу бөлімшелері жабдықтарының бетінен алынған шайындыларда санитариялық-көрсеткіштік және патогендік микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |