Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»


Репродуктивті органдар инфекциялары



бет14/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
инфекциялық бақылау лекция

Репродуктивті органдар инфекциялары

49. Акушерлік-гинекологиялық практикада және ерлердегі урологиялық бұзылыстарды емдеуде байқалатын инфекциялар тобы репродуктивті органдардың инфекциялары ретінде анықталады. Бұл категориға эндометрит, эпизиотомиядан туындаған инфекциялар, жыныс еріндерінің қабынуы және ер және әйел адамдардың репродуктивті органдары инфекцияларының басқа да түрлері жатады.


50. Эндометритті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) хирургиялық араласу кезінде пункциялау немесе жөкелі биопсия арқылы алынған эндометрия сұйықтығы немесе эндометрия тіні үлгілерінің себіндісінде микроорганизмді бөлу;
2) жатырдан іріңді бөліндінің бөлінуі және келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), іштің ауыруының немесе жатыр сезгіштігінің және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады.
51. Эпизиотомиядан туындаған инфекцияны анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) эпизиотомияның айналасынан ірің ағу;
2) эпизиотомияның айналасындағы абсцесс болып табылады.
52. Қынап күмбезі қабынуын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) қынаптан ірің ағу;
2) қынап күмбезінің абсцесі;
3) қынап күмбезінің айналасынан алынған сұйықтық немесе тін себіндісінде микроорганизмді бөлу.
53. Ер және әйел адамдардың репродуктивті органдары (аналық және аталық без қосалқылары, қуықасты безі, қынап немесе эндометриттен және қынап күмбезінен басқа, ішкі жамбастың кез-келген басқа тіндері) инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) зақымдалған жерден алынған тін үлгілері себінділерінде немесе сұйықтықта микроорганизмді бөлу;
2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілері;
3) келесі белгілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), лоқсудың, құсудың, ауырсынудың, сезгіштіктің, дизурияның және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
дәрігер қойған диагноз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет