Көз, құлақ, мұрын, тамақ және ауыз қуысы инфекциялары
Көз, құлақ, мұрын және ауыз қуысы инфекцияларына конъюнктивиттер және басқа да көз инфекциясының түрлері жатады. Құлақ инфекцияларына сыртқы құлақтың қабынуы, ортаңғы құлақтың қабынуы, ішкі құлақтың қабынуы және мастоидит жатады. Мұрын, тамақ және ауыз қуысы инфекцияларына ауыз қуысы инфекциялары, жоғарғы тыныс алу жолдары инфекциялары және синуситтер жатады. Жоғарыда аталған барлық инфекция түрлері үшін басты критерий медициналық көмек көрсетумен байланыстың болуы болып табылады.
Конъюнктивитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
конъюнктивадан немесе жақын орналасқан тіндерден (қабақтан, көздің қабығынан, мейбомийлі бездерден немесе майлы бездерден) алынған іріңді экссудат себінділерінде микроорганизмді бөлу;
көз қарашығының ауыруы немесе конъюнктиваның немесе көз қарашығын қоршаған тіндердің қызаруы және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
Грам бойынша боялған экссудат үлгілерінде лейкоциттердің және патогенді микроорганизмердің болуы;
іріңді экссудат;
экссудат немесе көз конъюнктивасы қырындыларын антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
экссудатты немесе көз конъюнктивасы қырындыларын микроскопиялық зерттеу кезіндегі көп ядролы алып жасушалар;
конъюнктива экссудатында вирустарды өсіру кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы.
Көздің (конъюнктивиттен басқа) өзге де инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
алдыңғы немесе артқы камераның немесе шыны тәрізді дене сұйықтығы себінділерінде микроорганизмді бөлу;
басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: көз қарашығының ауыруы, көру қабілетінің бұзылуы, гипопион және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
дәрігер қойған диагноз;
қанды антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
қан себінділерінде микроорганизмді бөлу.
Сыртқы құлақтың қабынуын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
сыртқы құлақ қуысынан бөлінген іріңді себінділерінде микроорганизмді бөлу;
келесі белгілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), сыртқы құлақ қуысының ауыруы, қызаруы, сұйықтықтың бөлінуі және іріңді бөлінді үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу болып табылады.
Ортаңғы құлақтың қабынуын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
ортаңғы құлақтың айналасынан тимпаноцентеза арқылы немесе хирургиялық араласу кезінде алынған сұйықтық себінділерінде микроорганизмді бөлу;
келесі белгілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), дабыл жарғағының ауыруы, қабыну, дабыл жарғағы қозғалғыштығының тартылуы немесе азаюы, дабыл жарғағының артында сұйықтықтың жиналуы болып табылады.
Ішкі құлақтың қабынуын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
хирургиялық араласу кезінде ішкі құлақтан алынған сұйықтық себінділерінде микроорганизмді бөлу;
дәрігер қойған диагноз болып табылады.
36. Мастоидитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
емізік тәрізді өсіндінің іріңді бөліндісі себінділерінде микроорганизмді бөлу;
басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), ауырсынудың, сезгіштіктің, эритеманың, бас ауыруының, бет жүйкесінің сал тартуы және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
емізік тәрізді өсіндінің іріңді бөліндісін Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
қанды антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы.
Ауыз қуысы (ауыз қуысы, тіл немесе иек үстінің) инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
ауыз тіндерінен немесе қуысынан алынған іріңді бөлінді себінділерінде микроорганизмді бөлу;
визуалды тексеру, хирургиялық араласу кезінде, немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе ауыз қуысы инфекцияларының басқа да белгілері;
келесі белгілердің біреуінің: абсцестің, жараның, қабынған ауыз қуысының үстінде шығыңқы ақ дақтардың, ауыз қуысының сілемейлі қабықшаларында түйіншектердің болуы болып табылады:
Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
калий гидрохлоридімен бояу кезінде оң нәтижелердің алынуы;
сілемейлі қабықша қырындыларын микроскопиялық зерттеу кезіндегі көп ядролы алып жасушалар;
ауыз қуысының бөліндісін антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
дәрігер қойған диагноз және жергілікті немесе зеңге қарсы пероральды терапия тағайындау.
Синуситті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
синус қуысынан алынған іріңді бөлінді себінділерінде микроорганизмді бөлу;
келесі белгілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), зақымдалған қуыс үстінің айналасында ауырсынудың немесе гиперестезияның, бас ауыруының, іріңді экссудаттың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
диафаноскопияның оң нәтижелері;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер.
Жоғарғы тыныс алу жолдары инфекцияларын (фарингит, ларингит, эпиглоттит) анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
келесі белгілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), артқы қабырғада эритеманың, ангина, жөтелдің, қырылдың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
зақымдалған жерден алынған үлгілердің себінділерінде микроорганизмді бөлу;
қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
қанды немесе бронх бөлінділерін антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
дәрігер қойған диагноз.
тексеру, хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс;
12 айға дейінгі науқаста басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, мұрыннан ағудың, тамақта іріңді бөліндінің және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
зақымдалған жерден алынған үлгілердің себінділерінде микроорганизмді бөлу;
қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
қанды немесе бронх бөлінділерін антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
дәрігер қойған диагноз.