Төменгі тыныс алу жолдары инфекциялары
46. Төменгі тыныс алу жолдары инфекцияларына (пневмониядан басқа) медициналық көмек көрсетумен байланысты бронхит, трахеобронхит, бронхиолит, трахеит, өкпе абсцесі және эмпиема жатады.
47. Бронхитті, трахеобронхитті, бронхиолитті, трахеитті (пневмония белгілері болмаған жадайда) анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) науқаста пневмонияның клиникалық немесе рентгенологиялық белгілерінің болмауы, келесі жағдайлардың екеуінің: қызбаның (38 ° C-тан жоғары), жөтелдің, қақырықтың пайда болуы немесе жиі бөлінуі, қырылдың, стридордың және келесі кез-келген жағдайлардың болуы:
трахеядан терең аспирациялау немесе бронхоскопия арқылы алынған үлгілердің себінділерінде микроорганизмді бөлу;
бронх сұйықтығын антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
2) 12 айға дейінгі науқаста науқаста пневмонияның клиникалық немесе рентгенологиялық белгілерінің болмауы және келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), жөтелдің, қақырықтың пайда болуы немесе жиі бөлінуі, қырылдың, стридордың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
трахеядан терең аспирациялау немесе бронхоскопия арқылы алынған үлгілердің себінділерінде микроорганизмді бөлу;
бронх сұйықтығын антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы.
48. Төменгі тыныс алу жолдары инфекцияларының басқа да түрлерін анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) жағындыда немесе өкпе тіні үлгілерінің себіндісінде немесе плевра сұйықтығын қосқанда, сұйықтықтарда микроорганизмді бөлу;
2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын өкпе абсцесі немесе эмпиема;
3) өкпені рентгенографиялық зерттеу кезінде көрінетін абсцесс қуысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |