Жоба сипаттамасы Жоба сауалнамасы



бет2/3
Дата16.11.2023
өлшемі25,51 Kb.
#124245
1   2   3
Өнімнің сипаттамасы
Тұт жібек құрты немесе жібек құрт-жұлдызқұрт және көбелек жібек өндірісінде басты экономикалық рөл ойнайды. Жұлдызқұрттар тек тұт ағашының жапырақтарымен ғана қоректенеді. Жақын түрі-жабайы тұт ағашы - шығыс Азияда өседі: Қытайдың солтүстік обл-да және Ресейдің оңтүстік теңіз жағалауларында.
Тұт ағашының жібек құрттары буынаяқты жәндіктер классына кіреді. Бұл жібек құрт үй жәндіктерінің мысалы бола алады. Адамдар жібек құртын үй жәндігі ретінде мыңдаған жылдардан бері өсіріп келеді, ол өзінің жабайы қасиетін жоғалтып енді табиғи жағдайда өмір суре алмайды. Оның бірнеше бейімділік қасиеті артып, оны өсіру жағдайлары жеңілдеген. Мысалы: тұт жібек құртының көбелектері ұшу қабілетін жоғалтқан, әсіресе аз қимылдайтын аналықтары. Сонымен қатар жұлдызқұрттарда аз қимылдайды.
Тұт жібек құрты жалғыз толықтай қолға үйретілген үй жәндігіне айналған жәндік (Қытайдағы барлық құрттар қолға үйретілген, табиғатта жабайытүрде кездеспейді). Аналықтары ұшуды да ұмытып қалған. Үлкен жәндіктер ақшыл қанатты 6см дейін жететін толық көбелектер. Тұт жібек құрты басқа да көбелектер секілді толықтай өзгеру арқылы дамиды. Тұт жібек құртының көбелегінің қанаттары 40-тан 60мм жайылады. Оның денесі мен қанаттарының түсі кір ақшыл, азды немесе көптіашық бұлыңғыр жолақтары бар болып келеді. Сыртқы көрінісіне қарай тұт жібек құртының аналығын аталығынан ажырату оңай. Аталыққа қарағанда оның қарны салмақты әрі мұрттары аз жетілген болып келеді.
Өсірудің технологиялық үрдісі тұт жібек құртының балақұрттарыналған соң оларбірден арнайы қоректік заттармен араластыру қажет (жұмыртқаларының дамуына инкубаторда 10 күндей тұруы керек). Олар жақсы желдетіліп және 24-25 градус темтературада тұруы керек. Ол жерге тұт ағашының жапырақтары салынады. 
Тұт жібек құрттары салқынқандылар тобына кіреді. Оның темтературасы айналасындағы ауаның температурасына байланысты болады. Балақұрттардың температурасы және өсуі организіміне әсер ететін химиялық реакциялар одан одан темтератураның артуы тездетіледі, бірақ темтератураның өзгеруіне организмнің әсері 20-27 градус көлемінде сақталады. Одан арғы температураның жоғарылауы балаң құрттың организіміне кері әсер етеді. 
Тұт жібеек құртының балаң құртының денесі жұмсақ, целиндрлі. Тері қаптамамен қапталған. Ол бас, кеуде және қарыннан тұрады. Тұт жібек құрты балаң құрт кезеңінде тез өседі. 30-35 күнде балаңқұрт дене салмағын 10000 есе арттырады. Балаң құртының дамуы барысында 5жастан өтеді, ол 4рет түлейді. Түлеу кезінде балаң құрт өзін жібек жіптеріменқандай да бір жерге бекітіп ұйықтауға кетеді. Жібек өндірушілерінің айтуынша оны түлеу ұйқы үрдісі деп атайды. Бұл уақытта балаңқұрт қимылсыз, оның алдыңғы бөлігі көтеріңкі, ал бұл уақытта жаңа тері қаптамасы қалыптаса бастайды. Әрбір түлеу кезінде балаң құрт тар болып қалған қаптамасын тастайды. Біраз уақыт өткен соң жаңа тері қаптамасы қатайғанда аяғын іліп қоректенуге кіріседі. Әр жастағы балаңқұрт салмағы, көлемі және бас капсуласыныңтүсі, сырт келбеті бойынша да өзгеріп отырады.
1жас балаңқұрттың түсі қара, ұзындығы 0.7мм, салмағы 6-7грамм, басы кірпіш қоңыр түсті ені 1.5мм. Бұл жаста балаңқұртжақсы қимылдап шкафтардың үстінде сырғанап жүруі мүмкін. 
2жас. Түсі сарғыш жасыл, ұзындығы 1,5-1.9см, салмағы 0,8-0.9граммбасы сұр қоңыр түсті, ені шамамен 2.5мм.
3жас. Түсі сары жасыл, 3-3.5ұзындығы см, салмағы 2-2.5грамм, басы сарғыш жасыл қара нүктелерімен, ені 4.5мм. Бұл жаста құрттарда арқасының үстіндегі қолдарында жылтырақтар пайда болады.
4жас. Түсі сарғыш жасыл, ұзындығы 5-6см, салмағы 6-7грамм басының түсі сұрғылт қоңыр қара нүктелерімен, ені 9мм, жылтырақтар саны артқан.
5жас. Түсі жасыл, ұзындығы 9-10см, салмағы 12-17грамм, басының түсі сұрғылт қоңыр, қара нүкте. Ені 9мм. Қолдарының бояуы бұлыңғыр.
Жұлдызқұртттың басы тек түлеген кезде өседі, басының капсуласы барлық жас бойы өзгеріссіз болады, соған қарап оның жасын ажыратуға болады.
Жапырақты дайындау. Ұрықты тиімді орналастыру уақытын анықтау және оның ары қарай өсуі үшін бірнеше факторлар бар: алдыңғы жылдардағы ауа райын таңдау, өсімдіктерді бақылау, олардың кейбірі жібектен бұрын ашылады, ондай өсімдіктер белгі беруші болып табылады. Жібек құртының жапырақтары пайда болғанша, олар 10-12күн бұрын гүлдейді. Ең тиімдісі орташа температура 5градустан жоғары болу керек. Оңтүстік аудандарда қажетті температураның суммасы 190-210градус болуы керек. 
Жұлдыз құрттарды қоректендіру үшін жапырақ күннің салқын уақытында жиналады, ең жақсысы таң азанда шық қайтқан соң және кешке шық түскенге дейін. Алдыңғы 2 жастағы жұлдыз құрттар үшін қорек жапырақтарды шымшу арқылы дайындалады және жапырақтың үстіңгі жағынан 2-3 қалдырады, себебі оларсыз шыбық ары қарай өспей қалады. Үлкен жастағы құрттар үшін қорек толықтай қырқу арқылы жасалады. Алдыңғы жастағы құрттар үшін жиналған жапырақтар салқын жерде еденде сақталу керек. Үлкен жастағы жұлдыз құрттарды шыбықтармен қоректендіргенде қоректерді тұрғызып үстіне дымқыл майлықтар жауып сақтайды. Көктемде 1кг піллә алу үшін 15-17кг жапырақ қорегі қажет, ал жазда 19кг дейін керек. Жоспарлы есепте 1кг піллә алу үшін жапырақтар шығынын 20кг дейін есептеу керек.
Тұт жібек құртының қорегіндегі төсеніштерін ауыстыру. Қоректендіру барысында төсеніштердің бетінде жапырақтың қалдықтары қалып қояды және құрттардың мәжістері мен қабықтары да калады. Төсеніш озәнше жылый береді, оның бетінде инфекциялар жиналып қалады. Ондай кездерде жібек құрттарды күту қиындап кетеді, сондықтан төсеніштерді ауыстырып отыру керек. Балаң құрттардың 1 жасында төсеніштерді ауыстырмайды, себебі құрттарды жоғалтып алудан қашады. 2-3 жаста төсеніштерді ауыстыру әр жас сайын жүргізіледі, ал 4-5 жаста жиналғанына қарай ауыстырады. Жұлдыз құрттардың 4 жасында төсеніштерін алынған арқылы жүреді, үлкендерінде сырғымалы стелаждың жанына қойылады, тұт ағашының бұтақтарына перпендикуляр түрде орнатылады. Жұлдық құрттардың жылжуынан кейін. Сырғауылды көтеріп төсеніштерді алып тастайды. 
5 жастағы жұлдыз құрттарды қоректендіруде майда жапырақтарды төсеніштерін ауыстыру арқылы жүргізіледі. Ауыстырылған төсенішті міндетті түрде жағып жіберу керек.
Құрттарды өсіру және піллә алу уақыты. Жыл сайын наурыз айының соңы мен сәуір айының басында жібек құрттарды өсіру науқаны басталады. Бұл уақыт 45 тәулікке созылады. Құрттарды қоректендіруге көптеген тұт ағашының жапырақтары қажет болады. Тұт ағашының жапрықтарының қажеттілігін есептеу үшін өндірілетін піллә санын 20-ға көбейту арықлы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет