Жоба тақырыбы: Мен өз аймағымның экологиясында қандай рөл атқара аламын?



бет2/6
Дата17.05.2022
өлшемі32,93 Kb.
#34736
1   2   3   4   5   6
Адам және экология

Әркім өз жерінің тұрғылықты тұратын мекенінің айнасы. Бұл сөзді бекер айтпағанымыз анық. Өйткені бұны біздің жүріс – тұрысымыздан, еліміз үшін, жеріміз үшін істеген іс әрекеттерімізден – ақ байқауға болады. Қазіргі таңда елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі еліміздің экологиясы болып саналады. Ауаның, экологияның ластануы, жердегі қоқыстар және қоршаған ортаға біздердің немқұрайлы қарауымыздың өзі еліміздің экологиясының нашарлануына үлкен әсерін тигізеді. Тіпті бүкіл ел былай тұрсын, өзіміздің аймағымыздың экологиясын алатын болсақ, біздің өз аймағымыздағы тазалықты сақтап, көшеде жатқан қоқыстарды қоқыс салатын жәшіктерге салуымыздың өзі біздер үшін үлкен мәртебе. Тазалық осыдан бастау алады, бәрі өзіміздің қолымызда. Жалпы адам мен экологияны алатын болсақ, адамның экологиядағы рөлі өте көп және өте маңызды орын алады. Адам баласы тек табиғатты пайдаланып қана қоймай, оны өзгерте де алады. Қазіргі таңда адамның қоршаған тіршілік ортаны ластамай, еліміздің биосферасын келешек ұрпақтарға ластамай, бүлдірмей, одан әрі көркейтіп, көркем түрінде жеткізу әрбіріміздің, бүгінгі жас ұрпақтың міндеті мен парызы болып саналады. Дәлірек айтатын болсақ адам баласының істеген әрекеттері арқылы экология не құлдырайды не әрі қарай дамып құлпырады. Экологияны сақтауда

небір – небір көзге көрінбейтін еленбейтін іс – әрекеттерде маңыздылығын алады, атап айтқанда біздердің табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүіспеншілігіміз, махаббатпен жасалған әрбір экологияға пайдасын тигізетін істеріміз, яғни қала көшелеріне түрлі гүлдерді өсіруіміз немесе сол аймаққа ағаш егіп, оны күнделікті қарап тұруымыз яғни өзіміздің үйіміздің айналасына, шарбағымызға еккен жемістеріміз, ағаштарымыздың өзі экологияға немқұрайлы қарамайтынымызды білдіреді, өйткені осылар арқылы біз қаламызды көркейтіп, гүлдендіріп, жасыл аймақтардың қатарында болуына өз үлесімізді қосамыз. Бүгінде бізде өз елінің экологиясына немқұрайлы қарайтын, қолындағы қоқысты жүрген жеріне тастай беретін жастар көбеюде. Бұның алдын алуды елімізде қатаң қарап, қадағалау шараларын ұйымдастырса елімізде тұратын азамат пен азаматшаларда экологияға немқұрайлы қарамай, тазалыққа деген бір қадам жақындап өз үлестерін қосар еді. Тіпті бұны көрген өсіп келе жатырған жасөспірімдер мен бүлдіршіндер, біздің іні – сіңілілерімізде құрттайынан елге деген махаббат пен сүйіспеншілік және жауапкершілік сезімдерін, экологияға деген тазалықтың болуын сезінір еді. Ал бұның бастауы әрине алдыңғы ұрпақтың қолында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет